7


1 сынып Б дыбысы мен әрпі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Б дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту, Б дыбысының айтылу
артикуляциясы, Б - дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің тек басы мен
ортасында кездесетінін, Б - дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау
жасату, буынға дұрыс бөлуге үйрету. Б - әрпі бар сөздерді оқи білу.
2. Оқушылардың танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру.
3. Оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Түрі: Ертегі сабақ.
Әдісі: түсіндірме, әңгімелесу, ойын, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар қазір бізге қандай сабақ?
- Сауат ашу сабағы.
- Сауат ашу сабағына керекті барлық құралдарымызды шығардық па?
Үй тапсырмасын тексеру.
- Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? Т.б.

ІІ.Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту:
- Балалар, мен сендерге қызықты ертегі айтып берейін бе?
Ендеше тыңдаңдар.
Ертеде бір ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті.Бірде ешкі лақтарына азық әкелуге орман аралауға кетерде есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті қағып: «Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!-деп ән саламын»,-дейді.
Осы кезде ешкі үйінің маңында қасқыр жемтік іздеп жортып жүрген.Ол лақтарды алдамақ болды.Қасқыр ешкінің кеткенін күтіп,лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған сәтін аңдыды.Қасқыр үйге жақындап келіп,өзінің қарлыққан,қырылдаған даусымен:
-Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!,-деді.
Лақтар:
-Естідік!Тыңдадық!Бұл-анамыздың дауысы емес.Біздің анамыз жіңішке,нәзік дауысымен әндетеді.Кет,қасқыр,біз саған есікті ашпаймыз,-деп жауап қатты.
Қасқыр ісмер адамға келіп,жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін сұрады.Ісмер таң-тамаша болды,бірақ тамағын қағып,оның дауысын жіңішкертті.
Қасқыр ешкі үйіне жақындап келіп,есігін қақты.Сонан соң жіңішке,нәзік дауысымен:
-Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!-деп әндетті.
Лақтар есікті ашты.Жауыз қасқырға керегі сол еді.Ол үйге баса көктей,кимелей кірді де,лақтарды бірінен соң бірін қабына салып алдыда, үйіне алып кетті.Ешкі үйіне келсе,есік айқара ашық жатыр.Үй ішінде ешкі көрінбейді. Ешкі басына түскен қайғыдан көз жасын көл қылып,зарлы үнмен жылады. Лақтарын қасқыр алып кеткенін біліп, қасқырға келеді. Сонда қасқыр:
- Меніңі әр тапсырмамды орындаған сайын, мен саған бір-бірлеп лақтарыңды қайтарамын.- дейді.
- Ешкі берілген тапсырмаларды орындай алмай қиналыпты. Балалар, ешкіге көмектесеміз бе?
- Ендеше , қасқырдың бірінші тапсырмасын қарайық.
1-тапсырма:
Жұмбақтар.
Таусыла ма, қараңдар,
Табиғаттың қызығы?
Суық жақтағы жануар -
Бұтақ-бұтақ мүйізі. (Бұғы)

Үш көзді батыр,
Жол көрсетер батыл
Үш көзі үш түрлі,
Қызыл, сары , жасыл
(Бағдаршам)

- Дұрыс, өте жақсы жауап бердіңдер, жарайсыңдар!
- Балық, бақа, бағдаршам сөзінің бірінші дыбысы қандай дыбыс?
- Б дыбысы.
- Ендеше, бүгінгі өтетін дыбысымыз - Б дыбысы.
- Қане, бәріміз осы дыбысты хормен айтайық.
Б дыбысын 2 - 3 рет айтқызу, оның айтылу артикуляциясымен таныстыру.
Б - дыбысы сөздің тек басы мен ортасында кездеседі.
Б - дыбысының дауыссыз екенін көк текшені көрсету.
-Балық, бақа, балапан - сөздерін буынға бөліп, буын санын анықтау, 1 - ші буыны Ба, 2 - ші буыны - лық; бақа сөзіне дыбыстық талдау жасату;
- Жарайсыңдар , балалар біз қасқырымыздың бірінші тапсырмасын орындап, ешкінің бір лағын қайтып алдық.
-Енді қасқырдың келесі тапсырмасын қаралық.
2-тапсырма:
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы суреттерді атап, оларға дыбыстық талдау жасау керек екен. Ендеше кітабымызға қарайық.
-Ненің суретін көріп тұрмыз, қане кім айтады?
Бөрік- бас киім.
«Бөрік» сөзінде 3-дауыссыз, 2-дауысты дыбыс бар.
Барабан- музыкалық аспаптың бір түрі.
Міне , балалар біз тағыда ешкінің бір лағын қайтарып алдық. Енді келесі бір тапсырмасын қарайық. Қандай тапсырма екен?
3.тапсырма. Оқулықта берілген сөздерді қатесіз оқу.
- Ой, балалар қандай ақылдысыңдар! Қасқырдың берген тапсырмасын бұлжытпай орындап жатырсыңдар. Ешкінің тағы да бір лағын қайтарып алдық.
4-тапсырма.
- Қасқырдың келесі тапсырмасы: «Бақа мен балапанның » биін қайталау. Жақсы болды, балалар, бір сергіп, бойымызды жазып алатын болдық, иә.
- Міне , балалар біз тағыда ешкінің бір лағын қайтарып алдық. Енді келесі бір тапсырмасын қарайық. Қандай тапсырма екен?
5-тапсырма: Оқулықта берілген сөздерді жаз.
- Балалар , бізге оқулығымызда берілген жазуларды жазуға беріпті, Ендеше қолымызға қарындашымызды алып, оқулықтағы жазуларды әдемі етіп жазалық. Әйтпесе қасқыр бізге лақты қайтарып бермей қояр.
Оқушылардың жазуын қарау, ескертпелер беру.
- Жақсы балалар , жазуымызды бәрімізде орындадық. Қасқыр бізге лақты қайтарама екен көрелік. Міне бір лақты қайтарып алдық.
6-тапсырма
- Қасқыр бізбен ойын ойнауға шақырып тұр екен. Ойнаймыз ба?
- Ендеше «Сөз ойласаң , тез ойла» деген ойын ойнаймыз.


- Ой , балалар қандай ақылдысыңдар! Қасқырдың тапсырмасын оп-оңай орындай салдыңдар. Міне , сендердің арқаларыңда тағы бір лақты қайтарып алдық.
- Енді неше лақ қалды деп ойлайсыңдар!
- Олай болса, қасқырдың ең соңғы тапсырмасын орындап тастайық. Берілген сызбаға байланысты сөйлем құра!


- Жарайсыңдар, балалар, міне біздер ешкіге көмектесіп, барлық лақтарын қайтарып алдық. Ешкі сендерге көп-көп рахмет айтып жатыр. Осылайша ешкі лақтарымен аман- сау қосылып, бақытты өмір сүріпті.
- Сонда балалар үйде үлкендер жоқ кезде танымайтын адамға есік ашуға болама?
- Иә, балалар біреудің алдауына түсіп қалмаумыз керек екен! Үлкендердің ақылын тыңдаумыз керек.
- Сонымен балалар , бүгін біз қандай дыбыспен таныстық!
- Б дыбысы қандай дыбыс?
- Б дыбысынан кездесетін қандай сөздерді білеміз?
- Өте жақсы балалар, сонымен бүгінгі сабағымызға жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын.
- Сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар

Мұғалімнің

аты -жөні

Пән аты

Кабинеті

Қайырбаева Ғ

Сауат ашу

№209

Тақырыбы: «Бб» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

1)Бб дыбысы мен әрпін меңгерту Б дыбысын сөз ішінен бөліп алып, дұрыс

дыбыстату.

2) Б дыбысына қатысты сөздерді оқытып, дыбыстық, буындық талдау жасату.

Көркем жазуға дағдыландыру.

3) Оқушыларды достыққа, ұйымшылдыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер, оқулық, карточкалар.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімелеу, ойындар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай?

- Балалар, қазір бізде қай сабақ басталды?

- Әліппе сабағында не үйренеміз?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Бүгінгі ауа-райы қандай?

- Бүгін нешесі?

- Аптаның нешінші күні?

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

- М дыбысы.

- М - қандай дыбыс?

- М - дауыссыз дыбыс.

Ойын: «Алма теру» ойыны.

Жоғалған әріп: Та...ақ, ...ақта, Арм...н, мат..., ...ал, қарм...қ, қала..., қайма..., ой...ақ.

Шашылған әріптерден сөз құрастыру

1) м,а,т,қ,а (мақта)

2) м,л,а (мал)

3) м,л,о (мол)

- Оқулықтан «Тамақ» мәтінін кезек-кезек оқыту.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қызығушылығын ояту

Сөздің сыры - көп жұмбақ,

Шешуін кім табады?

Кімдер шешсе тез ойлап,

Сол жеңімпаз болады.


Жұмбақ шешу.

Бір көзім: кідір! дейді

Бір көзім: жүгір! дейді

Бір көзім: абайла! дейді

қарап ал, маңайға! Дейді

(бағдаршам)

2. Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған.

(бор)

3. Қанаты жоқ ұшпайды,

су астында қыстайды (балық)

Осы жұмбақтарды шешулеріне назар аударайықшы? Бағдаршам, бор, балық.

Бізге таныс емес дыбыс естіліп тұр ма? Ол қандай дыбыс? (Б,б)

- Ендеше бүгін біз "Б" дыбысымен танысамыз.

- Қане барлығымыз бірге Б-Б-Б

- "Б" қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? ол қандай түспен боялып тұр?

- "Б" дыбысы неге дауыссыз? Себебі ол ауыз қуысынан кедергіге ұшырап барып шығады.

- Б әрпінің баспа, жазба бас және кіші әріптерін тақтада жазып көрсету.

- Ауада жазу.

Б дыбысы тек сөздің басы мен ортасында кездеседі. Суреттерді көрсете отырып

мысалдар айту: бақа, бор, дорба, барабан, бақбақ, балық, қарбыз, борсық, бауырсақ,

бұлт. Осы сөздерді мына тақтада тұрған 2 сандықшаларға салуымыз керек.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпандап

Көжегі екен өзінің

ІV. Оқулықпен жұмыс.

- Әліппе оқулығынан 61 бетті оқыту.

Ба ла бо та Бо та
Ба ба бор Бо лат
Ба та бал

- Сөйлем оқыту: -Болат, ба-ла-пан-дар-ға қара.

V.Дәптермен жұмыс.
- Тақтада буындардан сөз құрастыру.

Ба-ла / ба-ла-қан / ба-ла-пан / бо-та/ ба-лық/ бө-рік/


"Кім жылдам?" ойыны

Үлестірме қағаздар: Сөздердегі Б әрпінің астын қаламмен сызып шығуы керек және сол туралы не білетінін айту.


Мына сөздерге дыбыстық талдау жасату: балапан, бала, барабан, балық.


VІ. Сабақты қорытындылау.

"Неге айналады?" ойыны арқылы сабақты қорыту.

- Жұмыртқа неге айналады? Балапанға

- Дән неге айналады? Бидай, арпаға

- Гүлдер неге айналады? Жеміске

- Көжек неге айналады? Қоянға

- Уылдырық неге айналады? Балыққа

- Бүгін қандай әріппен таныстық?

- Ол қандай дыбыс?

- Дауыссыз дыбыс қандай түспен боялады?

- Б әрпі неге дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар?

- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Қандай тапсырма қиын болды?

VІІ. Үйге тапсырма.
- Б дыбысын оқып келу, дәптермен жұмыс.
VІІІ. Мадақтау.
Жұлдызшалар тарату.



Мұғалімнің

аты -жөні

Пән аты

Кабинеті

Қайырбаева Ғ

Сауат ашу

№209



Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:

Б дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту, Б дыбысыны айтылу артикуляциясы,

Б - дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің тек басы мен ортасында кездесетінін,

Б -дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдаужасату, буынға дұрыс бөлуге үйрету.

Б әрпі бар сөздерді оқи білу.
2. Оқушылардың танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру.
3. Оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Түрі: Ертегі сабақ.

Әдісі: түсіндірме, әңгімелесу, ойын, сұрақ - жауап.

Көрнекілігі: Суреттер,әріптер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Балалар қазір бізге қандай сабақ?

- Сауат ашу сабағы.

- Сауат ашу сабағына керекті барлық құралдарымызды шығардық па?

Үй тапсырмасын тексеру.

- Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? Т.б.

ІІ.Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту:

- Балалар, мен сендерге қызықты ертегі айтып берейін бе?Ендеше тыңдаңдар.

Ертеде бір ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті.Бірде ешкі лақтарына азық

әкелуге орман аралауға кетерде есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті

қағып: «Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!-деп ән

саламын»,-дейді.


Осы кезде ешкі үйінің маңында қасқыр жемтік іздеп жортып жүрген.Ол лақтарды

алдамақ болды.Қасқыр ешкінің кеткенін күтіп,лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған

сәтін аңдыды.Қасқыр үйге жақындап келіп,өзінің қарлыққан,қырылдаған даусымен:

-Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!,-деді.

Лақтар:

-Естідік!Тыңдадық!Бұл-анамыздың дауысы емес.Біздің анамыз жіңішке,нәзік

дауысымен әндетеді.Кет,қасқыр,біз саған есікті ашпаймыз,-деп жауап қатты.

Қасқыр ісмер адамға келіп,жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін

сұрады.Ісмер таң-тамаша болды,бірақ тамағын қағып,оның дауысын жіңішкертті.

Қасқыр ешкі үйіне жақындап келіп,есігін қақты.Сонан соң жіңішке,нәзік дауысымен:

-Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!-деп әндетті.

Лақтар есікті ашты.Жауыз қасқырға керегі сол еді.Ол үйге баса көктей,кимелей кірді

де,лақтарды бірінен соң бірін қабына салып алдыда, үйіне алып кетті.Ешкі үйіне

келсе,есік айқара ашық жатыр.Үй ішінде ешкі көрінбейді. Ешкі басына түскен

қайғыдан көз жасын көл қылып,зарлы үнмен жылады. Лақтарын қасқыр алып кеткенін

біліп, қасқырға келеді. Сонда қасқыр:

- Меніңі әр тапсырмамды орындаған сайын, мен саған бір-бірлеп лақтарыңды

қайтарамын.- дейді.

- Ешкі берілген тапсырмаларды орындай алмай қиналыпты. Балалар, ешкіге

көмектесеміз бе?

- Ендеше , қасқырдың бірінші тапсырмасын қарайық.

1-тапсырма:
Жұмбақтар.
Таусыла ма, қараңдар,
Табиғаттың қызығы?
Суық жақтағы жануар -
Бұтақ-бұтақ мүйізі. (Бұғы)

Үш көзді батыр,
Жол көрсетер батыл
Үш көзі үш түрлі,
Қызыл, сары , жасыл
(Бағдаршам)


- Дұрыс, өте жақсы жауап бердіңдер, жарайсыңдар!

- Балық, бақа, бағдаршам сөзінің бірінші дыбысы қандай дыбыс?

- Б дыбысы.

- Ендеше, бүгінгі өтетін дыбысымыз - Б дыбысы.

- Қане, бәріміз осы дыбысты хормен айтайық.

Б дыбысын 2 - 3 рет айтқызу, оның айтылу артикуляциясымен таныстыру.

Б - дыбысы сөздің тек басы мен ортасында кездеседі.

Б - дыбысының дауыссыз екенін көк текшені көрсету.

-Балық, бақа, балапан - сөздерін буынға бөліп, буын санын анықтау, 1 - ші буыны Ба,

2 - ші буыны - лық; бақа сөзіне дыбыстық талдау жасату;

- Жарайсыңдар , балалар біз қасқырымыздың бірінші тапсырмасын орындап, ешкінің

Үш лағын қайтып алдық.

-Енді қасқырдың келесі тапсырмасын қаралық.

2-тапсырма:

Тақтамен жұмыс.

Тақтадағы суреттерді атап, оларға дыбыстық талдау жасау керек екен. Ендеше

Тақтаға қарайық.

-Ненің суретін көріп тұрмыз, қане кім айтады?

Бөрік- бас киім.

«Бөрік» сөзінде 3-дауыссыз, 2-дауысты дыбыс бар.

Барабан- музыкалық аспаптың бір түрі.

Міне , балалар біз тағыда ешкінің бір лағын қайтарып алдық. Енді келесі бір

тапсырмасын қарайық. Қандай тапсырма екен?

3.тапсырма. Оқулықта берілген сөздерді қатесіз оқу.

- Ой, балалар қандай ақылдысыңдар! Қасқырдың берген тапсырмасын бұлжытпай

орындап жатырсыңдар. Ешкінің тағы да бір лағын қайтарып алдық.

5-тапсырма: Оқулықта берілген сөздерді жаз.

- Балалар , бізге оқулығымызда берілген жазуларды жазуға беріпті, Ендеше қолымызға

қарындашымызды алып, оқулықтағы жазуларды әдемі етіп жазалық. Әйтпесе қасқыр

бізгел ақты қайтарып бермей қояр.

Оқушылардың жазуын қарау, ескертпелер беру.

- Жақсы балалар , жазуымызды бәрімізде орындадық. Қасқыр бізге лақты қайтарама

екен көрелік. Міне бір лақты қайтарып алдық.

6-тапсырма

- Қасқыр бізбен ойын ойнауға шақырып тұр екен. Ойнаймыз ба?

- Ендеше «Сөз ойласаң , тез ойла» деген ойын ойнаймыз.

Берілген сызбаға байланысты сөйлем құра!





- Жарайсыңдар, балалар, міне біздер ешкіге көмектесіп, барлық лақтарын қайтарып

алдық. Ешкі сендерге көп-көп рахмет айтып жатыр. Осылайша ешкі лақтарымен аман-

сау қосылып, бақытты өмір сүріпті.

- Сонда балалар үйде үлкендер жоқ кезде танымайтын адамға есік ашуға болама?

- Иә, балалар біреудің алдауына түсіп қалмаумыз керек екен! Үлкендердің ақылын

тыңдаумыз керек.

- Сонымен балалар , бүгін біз қандай дыбыспен таныстық!

- Б дыбысы қандай дыбыс?

- Б дыбысынан кездесетін қандай сөздерді білеміз?

- Өте жақсы балалар, сонымен бүгінгі сабағымызға жақсы қатысқан оқушыларды

бағалаймын.

- Сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!



Сабақ атауы: Б дыбысы және әрпі.
Жалпы мақсаттар: Оқушыларға Б дыбысы мен әрпі туралы білімдерін бекіту.
Б дыбысын сөз ішінен бөліп алып, дұрыс дыбыстату. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеу, ойлау, іздену қабілетін дамыта отырып, өз ойларын еркін, ашық айта алуға мүмкіндік беру. Көркем жазуға дағдыландыру. Оқушыларды достыққа, ұйымшылдыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері: Диалогқа түсе отырып, білімін тереңдетуге дағдыландыру.

Негізгі мақсаттар: 1.Сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыру.
2.Өздігінен білім алуға, топ жұмысына белсене араласуға
қалыптастыру.
3. Өзін-өзі реттеуге бағдар беру.
Түйінді идеялар: Сөздерді өз бетімен оқуға дағдыланады. Ұқыпты, сауатты жазуды үйренеді.
1.Психологиялық ахуал туғызу:
«Шеңбер құру»
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

2.Үй тапсырмасын тексеру: -Б дыбысы қандай дыбыс? -Б дыбысы сөздің қай жерінде жазылады?
Үйге берілген тапсырманы тізбектей оқыта отырып, түсінгендерін сұрау. Оқушылар бір-біріне жылы лебіздер білдіреді.
Өз ойларын толық айтады.
1 -тапсырма
Әр топқа жаңа сабақ бойынша тапсырма:
«Ой қозғау» әдісі арқылы жұмбақ жасыру

2- тапсырма: Үлкен топ бойынша
Дидактикалық ойын: «Сөз құра, тез құра»

Сергіту сәті: «Көңілді күн» биі

3- тапсырма: «Б» дыбысын топтастыру

4- тапсырма: Әр топқа жеке тапсырма
«Ойлан,жұптас,пікірлес»

Сергіту сәті:
«Көңілді күн»

Рефлексия
І Қызығушылығын ояту: Жұмбақ шешу.
- Балалар, сендерге жұмбақ жасырамын, шешуін табыңдар:
1. Қызықтырып әркімді - ақ,
Суда жүзер жалтылдап.
Қайсы әріптен басталған,
Сол жәндіктің атын тап?
(Бақа ).

2. Туа сала жүзеді,
Суда жүзе біледі.
(Балапан).

ІІ Мағынаны тану: - Дұрыс, өте жақсы жауап бердіңдер, жарайсыңдар!
- Балық, бақа, балапан, бағдаршам сөзінің бірінші дыбысы қандай дыбыс?
- Б дыбысы.
- Ендеше, бүгінгі өтетін дыбысымыз - Б дыбысының
2- сабағы
- Қане, бәріміз осы дыбысты хормен айтайық.
Б дыбысын 2 - 3 рет айтқызу, оның айтылу артикуляциясымен таныстыру.
Б - дыбысын айтқанда еріннің бір - біріне әуелі нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болады.
Б - дыбысы сөздің тек басы мен ортасында кездеседі. Б - дыбысының дауыссыз екенін көк пластикадан көрсету.
Балық, бақа, балапан - сөздерін буынға бөліп, буын санын анықтау, 1 - ші буыны Ба, 2 - ші буыны - лық; бақа сөзіне дыбыстық талдау жасату.
3. Б дыбысы кездесетін сөздермен жүмыс.
Б дыбысын «Топтастыру».
үй жануары ----------------- Адамның аты
(бота) ----------------------------- (Болат)
Өсімдік -------------------------------- зат
(бақбақ) ------------ (бағдаршам)
Жеміс - жидек ---------- жануар
(банан) ----------------------------- (балық)

ІІІ Ойтолғаныс: 4 топқа тапсырма:
4. Топтық жұмыс: Оқулықпен жұмыс:
Сурет бойынша әңгіме құрастыру. «Орман » мәтінін кезектесіп, тізбектей оқу.
Күтілетін нәтиже:
1.Слайдпен жұмыс.
2.Электрондық оқулықпен жұмыс
3. Сөздікпен жұмыс.
4.Топтағы оқушылар өз ойларын ортаға салады.
5. Топтық жүмысқа белсене араласады.
6. Оқушылар өз-өзін бағалауды үйренеді.

Дәптермен жұмыс: Б әрпін жазу. Көшіріп жазуға үйрену. Жеке жұмыс
Формативті бағалау: 1. «Жарық жұлдызша» әдісі бойынша бағалау.
2. 3 түрлі күн смайликтері бойынша өз -өзін бағалау.
Үйге тапсырма: Оқу, буындарды жаттау.

Матқа м л а м л о





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал