7


  • Учителю
  • Мақала БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ЖЕКЕ БАС ГИГИЕНАСЫ ТӘРТІБІНЕ ДАҒДЫЛАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ

Мақала БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ЖЕКЕ БАС ГИГИЕНАСЫ ТӘРТІБІНЕ ДАҒДЫЛАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Валиева Мейрамгүл Кәрімқызы

Қостанай облысы

Меңдiқара ауданы

Ғ.Жұмабаев атындағы

Боровской орта мектебiнің

</ бастауыш сынып мұғалiмi



Бастауыш сынып оқушыларын жеке бас гигиенасы тәрбіміне дағдыландыру ЖОЛДАРЫ



Балалардың салауатты өмір сүруін отбасынан, балабақшадан бастап, одан кейін мектепте жалғастыруымыз керек.

Мектебіміздегі жан-жақты жабдықталған валеологияға арналған оқу бөлмесіне оқушылар қызығушылықпен келіп, сабақ барысында көп ақпарат алғылары келеді.

Оқушыларды дәрігерлік бақылаудан өткізгеннен кейін әр оқушыға жеке денсаулық паспорты арналды. Бұл жұмысты дәрігер, валеология пәнінің мұғалімі және сынып жетекшісі бірігіп атқарды. Нәтижесінде денсаулығында кінәраты бар балалар анықталды: көз жанары нашар, есту қабілеті төмен, дене сымбаты бұзыла бастаған, жүйке жүйесі ауыратын, асқазаны мазалайтын оқушылардың денсаулық мәселесі мұғалімдерді де ойландырды. Осының барысында оқушылардың денсаулық диагностикасын біле отырып алдын алу, сауықтыру жұмыстарын жүргізе бастадық. Мысалы, жүйкеге әсер ететін кикілжіңді жағдайлардың алдын алу, өзіңді өзің тануға арналған сабақтар, аутотренинг, жаттығу жасау, т.б.

Ата-ана, мұғалім және оқушыларды біріктіріп дөңгелек стол ұйымдастырылды, кеңес беру жұмыстары оқушылардың жас деңгейлеріне сәйкестендіріліп жүргізілді. Бұл жұмыстар СӨС қалыптастыруың Ұлттық орталығы ұсынған «Қалай ауырмауға болады» бағдарламасы бойынша, ҚР Ғылым минибтрлігі бекіткен 1-11-сыныпқа арналған оқу-әдістемелік құралдар негізінде іске асырылуда. Осы педагогикалық техниканы пайдалану барысында оқыту, білім беру тәсілдерін әбден жетілдіріліп, сабақтақырыбын шығармашылық деңгейге көтеріп, сабактың әр түрін қолданамын: пресс-конференция, ойын, дифференциалды сабақ. «Ашық есік» күндерін ұйымдастырып, диспут өткіземін, оқушылар СӨС тақырыбына арналған қалалық, облыстық конкурстарға арнап шығармалар жазады.

Өткен оқу жылында валеология оқу бөлмесіне паспорт арналып, түрлі әдістемелік қосымша құралдармен жабдықталды. Оқушылардың жан-жақты білім, дағды алуына арналған карточкалар, схемалар, видеоматериалдар, кітапшалар жинакталды, дайындалды.

Модульдік жүйемен білім беру оқушылардың білімді терең игеруіне мүмкіндік береді. Тәжірибемде практикалық жұмысты да іске асырамын:

• Оқушылардың мінез-құлқын, үлгерімін, денсаулығын бақылап, жеке паспортын толтыру;

• Денсаулығы нашар оқушылардың дене шынықтыру сабағына қатысуын бақылап, анализ жүргізу;

• Көрме, конкурс, конференция, пресс-клуб ұйымдастыру.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған жарнама шараларын жүргізу жұмыстарын оқу жылы бойы жүзеге асырып, барлық мектеп ұжымының, оқушылардың ат салуына мүмкіндік жасаймын.

Валеология пәні мектебіміз ашылғалы бері жүреді. Жыл сайын мониторинг жүргізіп, жасалып жатқан жұмыстармен оқушыларды таныстырып отырамыз. Оқушылардың барлығы (денсаулығы төмен оқушыларға да) дене шынықтырумен айналысуы үшін барлық жағдай жасалған: спорт зал, арнайы алаңдар, керекті құрал жабдықтар т.б.

I және II ауысымға арналған таңертеңгі, түстен кейінгі ыстық тамақ ұйымдастырылған, онда көп балалы отбасының балалары мен тұрмысы төмен отбасы балалары (70 бала) тегін тамақтанады. Асханада санитарлық талапқа сай жабдықталған ішуге арналған су қойылған.

Мектепте қоршаған ортамен қарым-қатынас, адамдармен қарым-қатынас, жағымсыз эмоциялардың денсаулыкқа әсері, күйзеліске ұшырау себептері жөнінде тоқсан сайын жалпы тест жұмыстарын жүргіземіз. Бұл жұмыстың қорытындысы маған психолог, валеолог ретінде оқушылармен жеке жұмыс жасауыма көмектеседі. Окушылармен жеке әңгімелесу арқылы аурудың алдын алуға болады. Эмоционалды көңіл күйін бақылап, кикілжіңді жағдайдан қалай шығуға болатыны туралы әңгіме, кеңес оқушыларды қызықтырады. Барлық жұмыстар оқушылардың денсаулығын сақтап, нығайтуға арналады, нәтижесі де көңіл қуантарлық. Суық тиіп ауыру, жұқпалы аурулар деңгейі, сколиоздың динамикасы төмендеді. Есірткі заттарын пайдалану, темекі тарту, мінез-құлықтың қауіп факторының алдын алу шаралары тұрақты өткізіліп, оқушылардың белсенді ат салысуын мақсат етеміз. Мектепте екі психолог қызмет атқарды, арнайы оқу бөлмелеріміз де бар. Оқушылармен әр түрлі формада, әдісте сабақ жүргіземіз: әңгімелесу, кеңес беру, аутотренинг, тест, түрлі жағдайларды мысал ретінде көрсету. Оқушылар өздерін мазалаған сұрақтары жөнінде психолог мамандармен қысылмай әңгімелеседі.Егер мектеппен учаскелік дәрігер тығыз байланыста болып, бірігіп қызмет етсе онда оқушының жеке басының денсаулығы туралы толық біліп, мұғалімдерді хабардар етіп, қарым-қатынасты, білім беру дұрыс жолға қойған болар едік.

Валеология сабағына да оқушылардын қызығушылығы жоғары. Сабақ барысында аға-бауырларының, өздерінің денсаулықтары туралы сұрақ қойып, себебін талқылап жатады. Денсаулықтары өз қолдарында екенін оқушылар түсініп, өз-өздеріне, іс-әрекеттеріне жауапкершіліпен қарауға үйренуде. Ал валеология сабағының басты мақсаты да осы, салауатты өмір сүруге үйрету, оқыту, білім беру, қалыптастыру.

Жеке бастың және қоғамдық гигиенадан хабардар болып, гигиена талаптарын білу әр түрлі жұқпалы аурулардың алдын алуға көмектеседі және адамның мәдениетті болуына тәрбиелейді. Гигиена тәртібін сақтамайтын ұқыпсыз адамның айнала қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететінін балалар болуы тиіс.

Егер баланың гигиенадан алған білімі тұрмыста, адамдармен қарым-қатынаста, жеке өмірінде мықты гигиеналық әдет-дағды қалыптастырса онда гигиенадан білім берген мұғалімнің еңбегінің нәтижелі болғаны деп есептеледі. Тақырыпты оқушылар жетік меңгеріп, түсініп, қаншалықты маңызды екенін түсіну үшін тақырыпқа сай иллюстрацияны, суреттерді, кесте мен қосымша әдебиеттерді сабақтың ұтымды кезеңінде пайдаланған дұрыс. Баланың жас ерекшелігіне сай мақал-мәтелдер, ертегілер, нақыл сөздер, жұмбақтар да мұғалімнің жұмысын жеңілтедеді.

Салауатты сөзінің негізгі мағынасы - парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді.

Өмір салты дегеніміз - әрбір жеке адамнан бастап, букіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олар-дың қалыптасқан өмір тіршілігі. Яғни, адамның өмір салты қандай болса, әзі де сондай.

Сонымен, еліміздің кез келген азаматы салауатты өмір сүру үшін парасатты, зерделі және білімді болуы керек. Әсіресе денсаулық жайында білімді болғаны жөн.

Адам үшін денсаулықты сақтап қалу - мақсат. Дәмді тамақтану - мақсат бірдеңені істеу - мақсат. Мақсаттар көп, ал уақьгг пен күш шектеулі. Таңдауға тура келеді. Мақсаттар бесекеге түседі. Қажеттісі қайсы: өкпе рагінен өлмеу ме, не болмаса қыздардың алдында сигарет тартып кербездену ме? Әрине, өлмеу екені сөзсіз.

Ертедегі ата-бабаларымыздан бізге шынығуды қажет ететін дене мен емістікке бейім биологиялық сезімдер немесе психика қалды. Олардың біріншісі-жалқаулық. Адам жануарлар сияқты, ынталандыру (стимулдар) болса ғана күш алады. Босаңсу әрқашан да жағымды. Тек балалар ғана ерекше: олар ешбір мұқтаждықсыз жүгіреді, айнайды.

Екішиі кемшілік - қомағайлық. Тамақ ішіп-жеуден қанағат табу - аса маңызды құбылыстардың бірі. Дәмді тамақ ішіп, оны басқа сезімдер сияқты, жаттықтыруға болады. Адам әлдеқашан етгі қуыруды үйреніп, оны дәмді ету тәсілін пайдаланғаннан бері өзінің тамақ сіңіру орталығын жаттықтырады.

Үшінші кемшілік - қорқыныш. Хайуандармен салыстырғанда адамда қорқыныш күшейе түседі, өйткені ол есіне жақсы сақтайды, оның кейіннен болар салдарьш да болжай біледі. Сондықтан оны тек өзінің аурулары ғана емес, басқа біреулерден көргені, оқығаны немесе естігені де үрейлендіреді.

Қорытып айтқанда, адам баласы ақылды, бірақ жалқау әрі қомағай. Табиғат оны тоқ және жеңіл өмір үшін жаратқан жоқ. Мол және дәмді тағам ішіп-жеп, рақаттанып, жылы жайда демалғанының есесін аурумен өтеуіне тура келеді. Егер алғашқыда, яғни қанағат алуда асыра сілтесе, оның төлемі тым көбейіп кетуі ықтимал. Дене азабы өркениет игілігінен келген барлық рақатты жоққа шығаруы мүмкін. Әрине, денсаулық сақтау режимін барлық адам қатаң ұстайды деп санауға болмайды, бірақ оған адамдардың көзін жеткізуге тырысу қажет: қауіпті ауруларға ұшырамас үшін, өзіне-өзі қажетті шек қоя білген кім-кімге болса да тиімді. Мұны салауатты, дұрыс мағынаға жетелейтін ғылым ғана іске асыра алады.

Денсаулық - ауруларға қарама-қарсы құбылыс екені әркімге түсінікті сияқты. Бүкіл медицинаның даму кезеңінде оның екі бағыты анықталды: біріншісі - бұзылған денсаулықты дәрі-дәрмектің көмегімен қалпына келтіру, екіншісі - сол мақсатқа «организмнің табиғи қорғаныс күштерін» жұмылдыру арқылы жету. Әрине, екі тәсілді бірдей қолданған дәрігерлер әрқашан да болды, бірақ, әдетте, іс жүзінде біреуі ғана басымырақ қолданылды. Өкінішке қарай, көпшілік адамдар, кейбір дәрігерлер де организмнің ауруға қарсы күресетін табиғи күшін ескере бермейді. Сол табиғи күштерді толықтырып, шынықтыруға көңіл бөлмейді: Енді осы мәселелерге келейік.

Ең алғашқы сөз - тамақтану мәдениеті жөнінде.

«Ас - адамның арқауы» дейді халқымыз. Сол айтқандай-ақ, денсаулықты сақтау дұрыс тамақтанудан басталады. Тамақтағы қоректік заттар сапасы жағынан адам организмінің мұқтажын өтеуі қажет. Әсіресе тамақ нормасын әркім өзі ақылымен мөлшерлеуі тиіс. Әрине, дастарқандағының бәрін тауыса ішіп-жеу мақсат емес. Мешкейлікті ата-бабамыз о бастанақ жек көріп, ең жағымсыз қылықтардың біріне санағаны бәрімізге белгілі. Сол себепті, тамақты бойға мөлшерлеп ішіп-жеген дұрыс. «Ас десе, асты-үстіне түсіп, құлқыны құру -хайуандық болса, керісінше, кекірейіп тамақ татпау -ноқайлық, тым құнықпа және ас ішуді де ұмытпа», дейді белгілі академик, физиолог И.П. Павлов.

Жасыратын несі бар, қазір елдегі ересек адамдардың арасында екінің бірінің асқазаны ауырады және колитке (тоқ ішектің қабынуына) шалдыққан. Мұның сыры неде? Осы ауруларға әкеліп соқтыратын экономикалық-әлеуметтік факторлар көп, әрине. Бірақ соның бәрін емес, өзімді қынжылтатын бір жайды ғана айтайын. Демалысқа шығып, ел аралағанда көзіміз жетіп жүр - кейбір үйлерде жеңіл машинасы болғанымен отбасына күнделікті ең қажет тоңазытқыштары жоқ. Сондықтан асқазандары ауырып жүрсе де, ұнның ішінде сақталып, кептірілген немесе сүрленген еттермен тамақтанып отыр. Әсіресе оңтүстікте, жаздың аптап ыстығында ет сияқты асқа қажет тағамдарды тоңазытқышсыз бүлдірмей сақтау өте қиын. Тоңазытқыштың жоқтығынан тамақ бүлініп, улануға да әкеліп соқтыратынын естен шығармаған жөн.

Қазіргі кезде белең алып отырған тағы бір жаман әдет-гиподинамия, адамдардың күнделікті өмірде аз қимылдауы. Ол, әрине, жалқаулық пен жатыпішерліктің салдарынан болады. Жаяу жүруге ерінеміз, жақын жер болса да, баратын жерімізге көлікпен барамыз. Қимыл азайған сайын дене ауырлай береді, жүрек пен қан тамырларының қызметі нашарлап, адам семіреді. Өз ықтиярымен семіздік дертіне шалдығады. Ал дана халқымыз: «Семіздікті қой ғана көтереді», - деп бекер айтпаса керек.

Семіздік әр түрлі ауруларға - қан қысымының көтерілуі (атересклероз) және тағы басқа күрделі, емделуі қиын жүрек пен қан тамырларының созылмалы сырқаттарына әкеліп соқтыратыны баршаға аян. Олардың (семіз адамдардың) өмірі сау адамдарың өмірімен салыстырғанда 10-15 жылдай қысқа болады. Өйткені семіздік, зат алмасу үрдістері бұзылғандықтан, адамдарды гипертония, қант диабеті, бауыр циррозы, өтте және бүйректе тас пайда болу сияқты сырқаттарға душар етеді. Буын-буындарында да тұз жиналып, сырқырап қақсайтын артриг сияқты әр түрлі буын ауруларына да әкеліп соқтырады. Денені май басқандықтан және асқазанды кере тойып тамақтанудан адамның кеуде мен іш қуысын бөліп тұратын диафрагма сияқты көк еті жоғары көтеріліп, әкпеге және жүрекке қысым түсіреді. Сол себепті ол организмдердің қан айналымы нашарлайды, өкпе мен жүректің қызметі нашарлағандықтан, адам организмін оттегімен қамтамасыз ету қабілеті төмендейді, оны гиповентиляция дейді. Жоғарыда айтылғандай, оттегі-адам денесіндегі жасушаға қажет «жанармай». Осындай қысым жиі қайталана берсе, ондай адам пневмония, бронхит және т.б. сияқты, әр түрлі созылмалы өкпе ауруларына шалдығады. Бұндай ауруларды болдырмас үшін алдын-алу профилактикалық жұмыстар жүргізілуі тиіс.

Профилактика- бұл мемлекеттік, қоғамдық, элеуметтік, эканомикалық, медициналық, санитарлық, психалогиялық шаралардың бірегей кешенді жүйесі. Профилактикалық жұмыстар негізінде оқушыларға денсаулықты сақтауға себеп болатын негізгі компонентерді түсіндіруіміз керек. Олар төмендегідей:

-тиімді тамақтану;

- табиғатына орай қимыл белсенділігі;-

- шынығу;

- психикалық денсаулыққа деген оң көзқарас;

- тән, киім күтімі;

- тұрмыстағы гигиеналық режимді ұстану;

- еңбек пен демалыстың тиімді режимін қадағалау;

- денсаулыққа нұқсан келтірмейтін, қалыпты жыныстық;

- темекіден, есірткіден, алкагольден, орынсыз дәрі-дәрмектен тартыну;

- экологиялық жағымды (позитивті ) мінез құлық және т.б.

Міне жоғарыда көрсетілген ескертулерді ұстана отырып өз денсаулығымызға күтім жасасап, салауатты өмір салтын ұстансақ әрбір баладаның бақытты болуына септігімізді тигізеріміз анық



Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Ананьев В.А. Введение в психологию здоровья. СПб, БПА, 1998, 148 с.

2 . Психическое здоровье детей и подростков (Под.ред . И.В.Дубровиной, М., 2000).

3 . Психология здоровья. Учебник для вузов (Ред. Г.С. Никифорова. СПб, Питер, 2003, 606 с.)































































6



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал