- Учителю
- Математика пәнінен ашық сабақ 'Есептер шығару' 2 сынып
Математика пәнінен ашық сабақ 'Есептер шығару' 2 сынып
Сабақтың түрі: ашык сабак
Пәні: математика
Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы : Есептер шығару
2-сынып
Пәні: Математика
Тақырыбы: Есептер шығару.
Мақсаты:
а) Білімділігі:
1.Мемлекеттік стандарттағы білім, білік, дағдыны, іскерлікті қалыптастыру.
2.0- ден 100- ге дейінгі сандар, қосу және азайтудың ауызша тәсілдері тарауындағы алған білімдерін еске түсіріп пысықтау, тиянақтау. Оқушылардың есеп шығаруға деген ынтасын, қызығушылықтарын арттыру.
ә)Дамытушылығы: Әр оқушының қабілеті мен білім деңгейін анықтай отырып, өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту.
б) Тәрбиелік мәні: Өздігінен жұмыс жасауға, тазалыққа, ұжымдық жұмысқа, бір- бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Түрі:аралас сабақ
Әдісі:сұрақ-жауап, көрнекілік, есептерді шығару
Көрнекілік:Анықтамалық кесте, топшама, электронды оқулық
Сабақтың өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлықтарын тексеру.
2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
1.Психологиялық дайындық
Ойға толсын санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
(құшақтасып көріседі, қол алысып амандасады.)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Мысал: 4 (Теңдікті толықтыр) Дәптерлерінен үйге берілген тапсырманы оқыту
100-7= 93 93+7=100 48+2=50 90-7=83
100 -5=95 95+5=100 50-8=42 88+2=90
Есеп: 5 (қысқаша белгілеп шығару)
Болғаны -85 теңге
Қалам -30 теңге
Альбом-40теңге
Қалды ?
Шешуі: 85-(30+40)=85-70=15
Жауабы :15 теңге қалды.
ІІІ.Өткен сабақты пысықтау. Қызығушылықты ояту
«Бәйге» ойыны арқылы өткен сабақты еске түсіру.
Оң жақтағы - 60 1 сағатта неше минут бар? (60 минут)
Ортадағы - 50 1 ғасырда неше жыл? (100 жыл)
Сол жақтағы - 70 1 дм неше см бар? (10см)
Оң жақтағы - 30 1 аптада неше күн бар?(7күн)
Сол жақтағы - 10 1 тәулікте неше сағат бар?(24сағат)
Ортадағы - 40 1 жылда неше ай бар?(12ай)
ІV. Жаңа сабақ Мағынаны тану.
Оқулықпен жұмыс
Мысал:2 (Жазбаша тақтаға орындату)
23+7=30 67+3=70 48см+2см=50см
56+4=60 94+6=100 88см+2см=90см
30-7=23 100-6=94 9дм-2см=88см
Есеп: 2
1.Есептің мазмұнын оқыту.
2.Талдау (Не белгілі, не белгісіз)
3. Қысқаша белгілеп шығарту.
а)1-вагонда-35 ж.
2-вагонда-?, 5 ж. артық ? Шешуі: 1) 35+5=40 2) 35+40=75
Жауабы: 2 вагонда 75 жолаушы
ә)1-вагонда-35 ж.
2-вагонда-? ж. 75ж. ? артық Шешуі: 1) 75-35=40 2) 40-35=5
Жауабы: 2 вагонда 5 жолаушы артық
Мысал:6
Өрнектерді оқу, олардың мәнін табу.
Тақтаға топшамалар ілінеді, реті бойынша өрнекті тауып, мәнін шығару.
а) 83-(45+5)=33
ә) 37+(26-6)=57
б) 50+25+5=80
в) 35+5-20=20
г) (82-13)+3=72
Ой толғау. Ауызша сұрақтарға жауап беру. №-5
А) Камила әжесінің үйінде 1 апта 3 күн болды. Камила әжесінің үйінде барлығы неше күн болды?
Ә) Асқар жазда Алакөлде 1 ай және 1 апта демалды. Асқар Алакөлде барлығы неше күн демалды?
VІ. Қорытынды:Шығармашылық есеп, электронды оқулықтан орындау
Тест сұрағына жауапты парақшаға белгілеу.
VІІ. Бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма: Есеп: 3,4 (115 бет)