- Учителю
- Ашық сабақ 'Қатқан нан'
Ашық сабақ 'Қатқан нан'
Сабақ№2 В.Сухомлинский «Қатқан нан» | Мектеп: № 144 С. Әлжіков атындағы орта мектеп | |||||
Күні:9.10.2015 | Мұғалімнің есімі: Найзатай Нұргүл Тыныштыққызы | |||||
Сынып: 3 «Д» | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | «Қатқан нан» мәтініндегі негізгі ойды түсінеді.Мәтін арқылы оқушылар жауапкершілікке,еңбекқорлыққа үйренеді. | |||||
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: Мәтінді түсініп оқиды, негізгі ойды ұғынады. Нанның қадірін ұғынады. | |||||
| Оқушылардың басым бөлігі: : -балалардың іс-әрекетіне мінездеме береді; | |||||
| Кейбір оқушылар: -Мәтінді сыни тұрғыдан тұжырымдайды. | |||||
Тілдік мақсат | Оқушылар: -Мәнерлеп, әсерлі оқи алады | |||||
| Негізгі сөздер мен тіркестер: Наубайхана,наубайшы | |||||
| Сыныптағы диалог: -Осы өлең жолдарында мазмұны не туралы айтылып тұр? -Олай болса нан дегеніміз не? | |||||
Жетістік критерилері: | -Өз ойын жүйелі жеткізе алды. - Тапсырмаларды толық орындай алды. | |||||
| -Өз ойын жүйелі жеткізе алды. - Тапсырмаларды толық орындауда қиналды. | |||||
| -Өз ойын жүйелі жеткізе алмады. - Тапсырмаларды толық орындай алмады. | |||||
Алдыңғы оқу
| Ғафу Қайырбековтің «Комбайншы» өлеңі | |||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер
| Оқыту ресурстары | ||||
Басталуы
0-2 минут | I.Ұйымдастыру кезеңі «Ыстық жүрек». Сыныптастарына бүгінгі күнге сәттілік тілей отырып,жүрегінен шыққан лебізін білдіреді. -Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Оқушыларды «Мозайка»әдісі арқылы топтастыру.(нан түрлерінің суреттерін құрайды) |
С.М.Әбдікәрім,С.Р.Рахметова,Б.С.Қабатай, Әдебиеттік оқу. 3-сынып. А.; Атамұра».2014 Суреттер,слайд Бейнефильм | ||||
3- 8 минут 9- 12 минут | II.Үй тапсырмасымен жұмыс «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрау. Мұғалімнің фишка арқылы бағалауы.
АКТ мүмкіндіктерін пайдаланып «Наубайшының бір күні» бейнефильм көрсетемін.
1.Талқылау үшін сұрақтар беріледі. «Ой қозғау» --Видеодан не көрдіңіздер? --Наубайханашы деген кім екен ? --Оның еңбегі туралы не айта аласыздар? --Наубайханашының өзі де нан түрлерін жасау үшін қаншама еңбек етеді екен.
Нанда өмірдің иісі мен дәні бар Нанда адамның еңбегі мен ары бар Нан- өмірдің ана сүті, арқауы Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар. -Міне балалар біз сол үшін нанды қадірлеп,қастерлеуге тиіспіз. -Бүгінгі күнгі сабағымыз не жайында болады деп ойлайсыңдар? Орыстың ұлы ғалымы В.Сухомлинский жазған « Қатқан нан» әңгімесімен танысамыз. | |||||
Ортасы 13-14 минут
15-22 минут
23-25 минут
25-30 минут
31-41 минут
42-45 минут | III.Жаңа сабақ. АКТ мүмкіндіктерін пайдаланып автормен таныстыру. 2.Топтық жұмыс. «Ойлан.Жұптас.Бөліс» 1-топ: Мәтінді оқып,сахналап беріңдер 2-топ: Нан туралы тыйым сөздер айтыңдар. 3-топ: Мәтiннің соңғы азат жолын оқып,балалардың іс-әрекеті туралы не айтасыңдар. 4-топ: «Нан пісіру» тапсырмасын орындаңдар. Аналарының нан пісіру кезеңін еске түсіре, «Нан пісіру» жобасын жобалaйды: Топтар «Мадақтау сэндвичі» арқылы бағалау жүргізеді.
IV.Сергіту сәті: «Көңілді күн» 3.Жұптық жұмыс 1-жұп: «Жалғасын тап» Нан туралы мақал-мәтелдің жалғасын табу. 2-жұп: «Ойлан тап» Сөзжұмбақ шешу. Дайын үлгі жауап арқылы өздерін бағалайды.
V.Сабақты бекіту: 4.Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» Ойлау деңгейі | Сұрақтар мен тапсырмалар | Жауаптары | |||
Білу | Әңгіме тақырыбы |
| ||||
Түсіну | Әңгіме не туралы |
| ||||
Қолдану | Наубайханашының жұмысын сызба арқылы көрсетіңіз. Ұнды илейді ..... ..... ...... ...... |
| ||||
Талдау | Мәтіндегі оқушылардың іс-әрекетін қалай бағалайсың? |
| ||||
Жинақтау | Нан туралы тыйым сөздер жазыңыз. |
| ||||
Бағалау | Әңгімеден көкірегіңе не түйдіңіз? |
|
VI.Үйге тапсырма:
«Нансыз өмір жоқ» деген тақырыпта шығарма жазып келіңдер.
VII.Рефлексия .Стикерге өз ойларын жазып плакатқа іледі.
«1 минуттық эссе» жазу.
-Не үйрендім?
-Маған не оңай болды?
-Маған қиын болды?
-Тағы не үйренгім келеді?
Қосымша ақпарат
Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқу шыларға тапсырманы күр-делендіруді қалай жоспар-лайсыз?
Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Бүгінгі сабақтан оқушылар нанның қадірін түсінді.Нан туралы тыйым сөздерді үйренді.Балалар ынтымақтаса жұмыс жасады.Аналарынан көрген нан пісіру жолдарын ретімен айтып берді.Оқушылар тапсырмаларды дәл уақытында аяқтап жатты.Бұл олардың сабақтағы жүргізілетін жұмыс түрлеріне дағдылана бастағынын көрсетті. «Наубайшының бір күні » бейнефильмі арқылы балалар наубайшы еңбегінің зор екендігін түсінді.Осы бейнефильмді талқылау барысында Б.есімді оқушы «Ұннан жасалатын тағамдарды пісіру үшін осындай қиын екенін білмеппін»деп өз ойын таңданыс арқылы білдірді.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1) «Наубайшының бір күні » бейнефильмін көрсету арқылы әр баланың бойына еңбекке деген сүйіспеншілігін арттырдым деп ойлаймын.
2) «Нан туралы»тыйым сөздерді тауып айтулары.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқуды да, оқытуды да)?
1)Мәтінді балалардың сахналап беруі өз дәрежесінде болмаса да балалардың бойындағы ұяңдықты жоюға сәлде болса көмегін тигізді.
2)
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Кері байланыста «Бір минуттық эссе» жазу арқылы балалар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазыпты.Не үйрендім деген сұраққа бір оқушым нанның өзін пісіруге көп еңбектену керек екендігін түсінгенін жазыпты.Маған не қиын болды деген сұраққа тағы біреуі сахналағанда ұялдым,айтатын сөздерімді ұмытып қалдым деп ойын жеткізіпті. Оқушылардың шығармашылығын дамытуға алдағы уақытта көп көңіл бөлу керектігін түсіндім.