- Учителю
- Открытого урока «Мм дыбыс мен әрпі»
Открытого урока «Мм дыбыс мен әрпі»
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Лицей
Бастауыш сынып мұғалімі: Темірханова Гүлнұр Нағашханқызы
Сабақтың тақырыбы:М дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. М дыбысы, әрпі туралы алған білімін тиянақтау.Буын туралы түсінігін кеңейту.2.Шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу. 3. Сөздік қорын, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, сабаққа қатысты суреттер, әріптің жазу үлгісі.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру а) - Балалар, біз қандай әріппен таныстық? -Дыбысты қайтеміз? Әріпті ше?-Дыбыстың қандай түрлерін білесіңдер?(дауысты, дауыссыз)-Дауысты дыбыстар қай үйдің тұрғыны? -Дауыссыз дыбыстар қай үйдің тұрғыны? -М дыбысы қандай дыбыс? -Қай үйдің тұрғыны ?ә) Дауыстап тізбектей оқу. Ән: «Төлдер»
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау. Сергіту сәтін өткізу.
ІҮ. Жаңа сабақ: а) Жұмбақ шешу.-Қане, балалар, кім жұмбақ біледі?
Базарда бар, қалада жоқ,
Бауларда бар, далада жоқ.(р)
Барда жоқ, жоқта бар,
Қарда жоқ, отта бар. (т)
-
Түйе өркешін қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп.(м) 5. «Майда»бар да, «шайда» жоқ,
«Менде» бар да, «сенде» жоқ. (м)
ә) М әрпіне қатысты сөздерді оқыту.Май марал маман Арман Малмақпал тағам Айман.-Балалар, тіршілік ету үшін адамға не қажет? -Таза ауа, тамақ, су,т.б.Дұрыс балалар, адам денсаулығы жақсы болу үшін таза ауа керек және тамақ керек екен. -Тамаққа нелер жатады? (атау) «Тамақ» мәтінін оқыту.
Ү .Білімді бекіту.б) Сөздерге дыбыстық талдау жасау.(момақан,домалақ, мақта мама,мата,май мысық)в) Алдына әріп қосып айтыңдар: ...аға, ...ауа,...апа,...ақта,...ана.г) Артына әріп айтыңдар. Қол..., алаш..., шаш..., шар..., монша... .ғ) Сөзге буын жалға. Ой-..., мал-..., а қ қар..., ақ-..., ара-..., ал... .Сергіту сәті. ән: «Мысық»д) Дәптермен жұмыс:М дыбысына қатысты берілгенді жазу.
ҮІ .Сабақты қортындылау: -Болар күнде алаң, Жаны ашыр кім саған? -Мамам! -Болсаң егер жаман, Кейитін кім саған? -Мамам!
-« Боташым» дер саған, Кім сүйікті адам? -Мамам!
-М әрпі сөздің қай жерінде жазылады?