- Учителю
- Дүниетану пәні 'Ауа және оның қасиеті' ашық сабақ
Дүниетану пәні 'Ауа және оның қасиеті' ашық сабақ
Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі
Ауа және оның қасиеті
Сынып жетекшісі: М.М.Мухамедиева
2015 - 2016 оқу жылы
Дүниетану пәні
Күні: 28.11.2015 жыл
Сабақтың тақырыбы : Ауа және оның қасиеті .
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ауаның құрамы және қасиеттері туралы білім қалыптастыру.
Дамытушылық: Олардың ойлау дағдысын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, топтастыру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: слайдтар, сызбалар, электронды оқулық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық. «Алақан жылуы» жаттығуы.
-
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
ІІ. Өткенді қорыту:
1-топ: Тірі және өлі денелер арасында қандай айырмашылықтар бар? (Тірі денелер қоректенеді, өніп - өседі, Өлі денелер қоректенбейді, өсіп - өнбейді)
2-топ: Денелер нешеге бөлінеді және ата? (Екіге бөлінеді табиғи және жасанды дене)
3-топ: Табиғат құбылыстары дегеніміз не?(Найзағай, боран, жаңбыр, қар)
Электронды оқулық
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:
Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
Жаңа сабаққа даярлығын тексеру.
«Көрінбейтін сиқыршы »
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар екен. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда топырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.
Бар ма жоқ па оны анық білмейсің. Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
Ол не?
(ауа)
ІҮ. Жаңа сабақ:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Ауа дегеніміз не?
- Ауаның бүкіл тіршілік үшін тигізетін пайдасы зор. Ауасыз адам, жануар және өсімдік тіршілік ете алмайды.
Ауа - тіршілік көзі
- Ауа тіршілік, тірі табиғат үшін өте қажет. Бізді қоршап тұрған ауа бізді түрлі табиғи қауіптен сақтайды. Жер шары көзге көрінбейтін мөлдір жабынды - ауамен жабылған. Жел - ауаның қозғалысы. Атмосфера деп - біздің ғаламшарымызды және бізді қоршап тұрған ауа қабатын айтамыз. Жердің ауа қабығын көбінесе бесінші мұхит деп атайды.
- Адамдар, жануарлар, өсімдіктер бесінші ауа мұхитының түбінде өмір сүреді.
Ауасыз жер бетінде мәңгі тыныштық пен бос кеңістік болар еді. Егер жер ауаны жоғалтса, ол Ай секілді тіршіліксіз аспан денесі болар еді.
Сонда ауа деген газ, дәлірек газдардың қоспасы. 2 ғасыр бұрын ғана ғалымдар ауаның көптеген газдардың қоспасынан тұратынын дәлелдеген.
Ауа қоспасындағы ең көп газ - яғни азот 78%, оттегі - 21%, ал 1%- ы көмірқышқыл газы.
Ауаның барлық жерде бар екенін білеміз. Дәптерлеріңді көтеріңдер, оның ар жағындағыны көресіңдер ме?
- Жоқ.
- Керегенің ар жағындағы көрші сыныпты көре аламыз ба?
- Жоқ.
- Ал, сыныптағы заттарды көре аламыз ба?
- Иә.
- Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?
- Ауа мөлдір, түссіз. Бұған айналамыздағы заттарды көре алатынымыз дәлел.
Сен әртүрлі бөлмелерде әртүрлі иіс бар екенін сезесің. Тамақ пісіретін бөлмеде, шаштаразда, дәріханаларда иісі бар заттардың бөлшектері ауамен араласып кетеді. Ал таза ауаның иісі бар ма?
- Таза ауаның иісі жоқ. Ауа иіссіз. Олда бір ауаның қасиетін дәлелдейді.
Электронды оқулық.
Сонымен ауаның қандай қасиеттері бар?
Ауа-мөлдір. Бұл туралы ол арқылы барлық қоршаған заттарды көретініміз айғақ ( салыстырып қарайық: есік, кітап, мөлдір емес. Олар арқылы басқа заттарды көруге болмайды.)
Ауа - түссіз. Шындығындада, сөре-сары, сынып тақтасы-жасыл, бөлме өсімдігі-жасыл, ал ауада бұл түстерде басқа түстерде болмайды.
Ауаның иісі жоқ.
Сен түрлі орындарда түрлі иіс болатынын байқадың ба?
Асханада, шаштаразда, дәріханада иә бар заттардың бөлшектері ауа бөлшектерімен араласады және біз әр түрлі иістерді сеземіз. Бірақ таза ауада иіс болмайды.
Ү.Оқулықпен жұмыс:
Тізбектей оқу
Сергіту сәті:
Жомарт, Айша мен бірге сергіту жаттығуын жасау.
Дәптермен жұмыс:
1 - 2 жаттығуды орындау.
1 - тәжірибе:
- Бір стакан суға қант салды. Судың бетіне ауа көпіршіктерінің шыққанын көрдің. Не байқадыңдар? Кез - келген заттың бойында не бар? Кез кезген заттың бойында ауа бар.
2 - тәжірибе:
Шыны ыдысқа су құйып, стаканды төңкеру. Стаканға су кірмейді. Неліктен? Себебі стакан ішінде ауа бар, ол орын алып тұр.
3 - тәжірибе: Майшамды үшке бөліп, жағып, біреуін стаканмен, екіншісін банкамен жауып, үшіншісін ашық қалдырамын.
- Қай шырағдан бұрын сөнеді?
ҮІ. Сабақты бекіту: Топтар бір - біріне сұрақ қою арқылы сабақты бекітеді.
І - топ: Ауа не үшін қажет ?
-Ауасыз адам,жануар, өсімдік өмір сүре алмайды.
-Тыныс алу үшін
ІІ - топ: Қандай қасиеттерін білесіңдер?
-Таза ауда иіс болмайды.
-Мөлдір және түссіз
-Пішіні жок
ІІІ - топ: Адам, өсімдік, жануарларға түтіннің қандай зияны бар?
- Улы газ шығарып, адамдардың денсаулығына, жан - жануарлардың, өсімдіктердің өсуіне кедергі келтіреді.
ҮІІ. Сабақты қорыту
- Балалар, ауа туралы көп мағлұмат алдық.
- Ауаны ластанудан сақтау үшін өзің қандай үлес қосасың?
- Ауа тіршілік үшін өте қажет. Айналамызда жасыл өсімдік неғұрлым көк болса, ауада соғұрлым таза болады. Таза ауада демалсақ, спортпен айналыссақ, денсаулығымыз зор болады.
Ауа тіршілік көзі. «Ауа өмір тынысы» деп халық бекер айтпаған. Тыныс алу тоқтаса өмір де тоқтайды.
Ең қымбатты, қасиетті нәрсе «Ауадай қажет» деп ауаны ерекше бағалайды.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат?,
Тіршілікте адам қымбат сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат алатұғын дем қымбат.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
48 - 49 бетті түсініп оқу.
Тақырып бойынша білімдерімізді жетілдіреміз.
Бағалау: Бағалау критерийі арқылы жиынтық баға қойылады.
Тексерген ДОЖЖО: