- Учителю
- 'З з дыбысы мен әрпі' 1 - сынып
'З з дыбысы мен әрпі' 1 - сынып
БЕКІТЕМІН:
Оқу ісінің меңгерушісі:
------------------------------
Сабақтың тақырыбы: З з дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: З з дыбысы мен әрпін таныту. З дыбысына қатысты сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасату, дауыссыз дыбыс екенін меңгерту. З әрпінің баспа, жазба түрінің бас әрпін, кіші әрпін таныту, мәтінмен жұмыс жасату.
Міндеті: Білімділік: З з дыбысымен және әрпімен таныстыру. Әріптің сөздегі орны туралы түсінік беру.З з дыбысы мен әрпі арқылы жазылатын сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дыбыстық, буындық талдау жасауға, ауызша сөйлем құрауға машықтандыру.
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыта отырып, сөздік қорларын молайту, білім - білік дағдыларын, танымдық қабілеттерін дамыту. Шығармашылық тапсырмалар бере отырып, ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Топтық жұмыс жасау арқылы бірлікке, сыйластыққа, шыншыл болуға тәрбиелеу
Оқытудың нәтижелері:
1.Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптастырады.
2.Бірін-бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді.
3.Сабақта белсенділік танытады.
4.Шығармашылық қабілеттері артады.
Қамтылатын модульдер:
1-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс, диалогтік оқыту)
2-модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (Ассоциация, миға шабуыл, )
3-модуль: Бағалау ( топ бірін - бірі бағалайды)
4-модуль: АКТ - ны пайдалану (интербелсенді тақта, фотоапарат, бейнекамера)
7-модуль: Көшбасшылық
Көрнекіліктер: Оқулық, слайд, А3 қағаз, стикер,маркер т.б
Қадамдар:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Топпен жұмыс.
3.Рефлексия
4.Бағалау
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
1. Топқа бөлу
2. Оқушының зейінін сабаққа аудару
3. Үй тапсырмасын сұрау
4.Жаңа сабақты түсіндіру
5.Шығармашылық тапсырмалар орындау
Оқушының іс-әрекеті:
1.Кәмпиттердің түстеріне қарай топқа бөлінеді
2. Зейіндерін сабаққа аударады
3. Үй тапсырмасын пысықтайды
4. Жаңа дыбыспен және әріппен танысады
5.Топтасып жұмыс жүргізеді,постер қорғайды
6. Кері байланыс жасайды
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық:
Айтыңдаршы балалар,
Болашаққа жол ашар
Іші толған әріпке
Білімдіге жарық не? (Әліппе)
Топқа бөліну: Кәмпиттердің түстеріне қарай топқа бөлінеді
І кезең: Қызығушылықты ояту:
«Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы үй тапсырмасы бойынша қандай дайындықпен келгенін анықтау
Ойынның шарты: Егер оқушылар сабаққа жақсы дайындықпен келсе, бағдаршамның жасыл түсін көтереді; дайындалған, бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді; дайындығы шала болса қызыл түсті көтереді.
Үй тапсырмасын тексеру:
І - топ: И и дыбысы мен әрпіне берілген сездер мен мәтінді оқиды
ІІ - топ: «Итмұрын» мәтінінің мазмұнын айтады
Үй тапсырмасын пысықтау: «Кім зерек?» ойыны
Ойын шарты: И дыбысы бар сөздердің суреттерін и әрпінің тұсына жапсырады
-
«Сиқырлы ұяшықтар» ойыны : Оқушылар ұяшықтардағы сандарды таңдау арқылы сол сандардың сұрақтарына жауап береді
-
Ой қозғау.
-
Зымыран жөнінде не білесіңдер?
-
Зымыран сөзін буынға бөлу, дыбыстың орнын және дауыссыз дыбыс екенін аңғарту
-
Қазақ ғарышкерлерінен кімдерді білесіңдер?
Олар туралы не білесіңдер? -
Ғарышкерлер мерекесі қашан тойланады?
Егер мен ғарышкер болсам... (Оқушыларын өз ойларын айтады)
Оқулықпен жұмыс.
I - топ ------------Зығыр III - топ ----------------- Қобыз
Таза ---------------қызыл Жалбыз ---------------- тоғыз
тазы -------------- қымыз қарбыз ----------------- сызғыш
қозы ----------- жұлдыз ---------------
-
«Зығыр» өсімдігі жөнінде мағлұмат алады
Сергіту сәті: Би билеу
-
Дәптермен жұмыс
Партада отыру ережесін айтып өту.
З әрпін тақтаға салу
Ауада жазу.
Дәптерге жазу.
Топтастыру: Балалар З з дыбыс мен әрпі бойынша алған білімдерін қағаз бетіне түсіреді
Суретті талдау: Тақтада суреттер беріледі, сол суреттерді оқушылар буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды
Рефлексия: Күлегештер бойынша
Бағалау: Топ бір - бірін басбармақтар арқылы бағалайды
Қарақұдық орта мектебі
Сынып: 1 «А»
Сынып жетекші : Кулекенова М.И.
2014 - 2015 оқу жылы