7


  • Учителю
  • Коян. 4 сынып Адебиеттик оку.docx

Коян. 4 сынып Адебиеттик оку.docx

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Атырау облысы, Махамбет ауданы

Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Бляшева Тыныштық Кажиахметовна

Сыныбы: 4 сынып Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Қоян. М.Дулатов

Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың оқу дағдысын жетілдіре отырып, Ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету. Оқушылардың білім,білік, дағдыларын қалыптастыру. Қыс туралы алған білімдерін пысықтай отырып, тақырып мазмұнын меңгерту. Сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың дамытушылығы: тапсырмаларды орындау арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту, мәнерлеп оқу, салыстыру мазмұнын айту, қабілетін дамыту.

Сабақтың тәрбиелігі: А) Жыл мезгілін әңгімелеу арқылы табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру;

Ә) Қысқы табиғат көрінісін баяндау арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру;

Б) Ұйымшылдыққа, ізденпаздыққа шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: М.Дулатовтың портреті, қоян қысқы көріністі, қысқы ойын түрлерін бейнелейтін суреттер, тақырып бойынша сурет. Сызба, схемалар, сөзжұмбақ, т.с.с.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Пәнаралық байланыс: Қазақ , дүниетану, т.б.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап түсіндіру, баяндау, суреттеу, әңгімелесу, пікірлесі, көрнекілік.

Жаңа әдістер: Топтастыру, «Бес жол өлең» әдісі.

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Б.Соқпақбаев «Шынықсың денеміз» (қимыл көрсету арқылы)

1) Өлеңді 2 қатарға бөліп айтқызу.

2) Өлеңді екі оқушыдан жатқа сұрау.

3) Салып келген «Қысқы ойын» суреті бойынша 1 оқушы әңгімелеу

4) Жазған әңгімесін 1 оқушыға оқыту.

5) Қандай қысқы ойындарды білеміз

























ІІ. Ой ашар

Енді балалар мен біренеше жұмбақ айтамын олардың шешуін мына тор көздерге орналастырамыз.

  1. Жайған жастық сөгілді,

Ақ мамық боп төгілді. (қар)

  1. Аяқтарым қалтырап, қос тай міндім жалтылдап.

Шапша жұбын жазбайды, бір-бірінен озбайды. (коньки)

  1. Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)

  1. Қырға сүйреп шығамын,

Ойға мініп түсемін. (шана)

Олай болса тор көздегі жазу бүгінгі тақырыптың аты М.Дулатовтың «Қоян» әңгімесі

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

ІҮ. Топтастыру. (Экраннан «Қоян » бейнесін көріп отырады.)

  1. Қоянның қандай қасиеті бар? (қыста ақ, жануар, қорқақ, жазда сұр, еті тәтті, күндіз бұта түбінде отырады, қорегін таңсәріде, кешқұрым жейді, терісі әдемі)

































ІҮ. 1. М.Дулатов (1885-1935) - ақын, жазушы, педагог. «Күз», «Оян,қазақ» кітабы елін, еркіндік, білімге шақырады.

2 сыныпта «Ешкімге жауыздық қылма», «Байлық», «Наурыз» деген шығармаларымен таныстыру.

2.1 оқушыға мәтінді толық оқыту.

3. Оқушыларға тізбектей оқыта отырып, өзіне таныс емес сөздерді түртіп алып отыру (карандашпен)

4. Сөздік жұмысы. Тікшейіп - көтері; бөкебай - мойын орағыш; тымақ - бөрік, бас киім; бусанып - жібіп, терлеп.

ҮІ. Қоян бір күндік азығын табу үшін қаншама еңбек сіңіргенің байқаймыз. Ол үшін кедергілерден өту керек, біздер оған көмектесіп отырамыз. Мұқият қарап тауып отырайық.

І - ші кедергі. «Жыртқыштардан қорғану»

  1. Қоянның сақтығын мәтіннен тауып оқы.

ІІ-ші кедергі. «Қырмаңға барар жолда»

Қоянның мәтіннен қай жерге бару керек керектігін табу.

ІІІ-ші кедергі. «Жүк тасушыларға кездесуі»

Мәтіннен жүкшілер туралы айтылған тұсты тауып оқы

ІҮ-ші кедергі. «Достармен кездесуі» Сергіту сәті

  1. Қоян шаршады. Бізде шаршадық олай болса, сергіп алайық!

  2. Қоянды салыстыр. 7 айырмашылықты табыңдар.

  3. «Қоян» өлең шумағын жатқа айту

Ү-ші кедергі. «Түңгі ауыл» көрінісі.

Мәтіннен түңгі ауыл көрінісі берілген тұсты тап.

ҮІ-шы кедергі. «Қырманға келіп жетуі»

Мәтіннен қырманға келген жерді тауып оқы.

ҮІІ-ші кедергі. «Таңғы ауыл көрінісі»

Күн шыға бастаған кездегі ауылдың көрінісін сипаттаған тұсты тап.

ҮІІІ-ші кедергі. «Қоянның ініне оралуы»

Қоянның ініне оралған тұсты тауып оқы.





ҮІІ.Жаңа тақырыпқа 5 жолды өлең

  1. Зат есім Қоян

  2. Сын есім Ақ,сұр

  3. Етістік Отырды,секірді,ұйықтады

  4. Сөйлем Ақ қоян шоқиып отырды

  5. Синоним Жануар

ҮІІІ. Осы мәтінде берілген қоянға қандай мінездеме бересін?

Ақылды тапқыр Сақ









Досы көп қыста ақ болады

Күндіз бұта түбінде отырады. Қорегін кешқұрым, таңсәріде жейді





ІХ. Қоянға қатысты тіркестерді тап.

Құлағы тікшейіп, мұрттарын сипап, танауын тартып, шоқиып отыр.

Иіскеленіп, жалтақтап қарайды.

Екі көзін бадырайтып, екі құлағын арқасына салып, т.б.





Х. Қазақ халқы ауа-райын аң, жануарларға қарап болжаған.

Қоянның бүйрегі майлы болса, қыс аязды болады деген екен.





ХІ. Сабақты қорыту

  1. Әңгіме не жөнінде? Қай мезгіл?

  2. Қыс мезгілі екенін неден байқадыңдар?

  3. Қоян қайдан келе жатты?

  4. Жолда кімдерді кездестірді?

  5. Олар не жөнінде әңгімелесті?

  6. Қоян қырманға қай мезгілде келіп жетті?

  7. Ол ініне қай уақытта қайтты?

ХІІ. Ой түйіні.

Қыста түнгі қоянның тіршілігін, бір күндік тамағын табудағы қиыншылығын білдік.

ХІІІ. Үйге тапсырма.

«Қоян» әңгімесін оқып, мазмұнын айту.

Қоян туралы жұмбақ жазу, жаттау.

ХІҮ. Бағалау.

</<font face="Times New Roman, serif">Жинаған қоянның санына қарай бағалау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал