7


Ашық сабақ Сын есім

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Целинный негізгі мектебі









2 сынып













































Өткізген: Хамзина Айман Кубландиновна





Аркалық қаласы.

Целинный негізгі мектебі

Хамзина Айман Кубландиновна

бастауыш сынып мұғалімі

aiman_khamzina@bk.ru



Сабақтың тақырыбы: Сын есім.

Білімділік: Сын есім туралы берілген білімді кеңейту. Сын есімді табуға, оларға сұрақ қоюға, сын есімдермен байланысты сөздерді табуға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу және әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым бақытым дара тілім.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сөз таптарын атаңдар. Ережелеріне тоқталу, мысал келтіру.











ІІІ. Жаңа сабақ

Сын есім

Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді

сын есім дейміз.

Сын есімдерге қандай? Қай? Деген сұрақтар қойылады.

Мысалы: әсем, жұмсақ, қызыл, қою, ащы, үлкен

1. Дәптермен жұмыс

Көркем жазу

2. Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу

Сұрақ бойынша қоянды сипатта

Қоян қайда жүреді? -Қоянның түсі қандай? -Қоянның құлағы қандай? -Қоянның терісі қандай? -Ол неден қорқады?

-Сын есімнің сұрақтарын тап. Ол сұрақтарға жауап беру үшін қандай сын есімдерді қолдандың?

ІV. Сергіту сәті

Шаршадым "Ух" деп,

Ренжідім "Туф" деп,

Қорықтым "Ай" деп

Қуандым "Ха-ха" деп

3. Оқулықпен жұмыс

2-жаттығу

Тіркескен екі сөзді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.

Көгілдір аспан, ашық күн, қызыл гүл, жібек көйлек, асыл тас.

Бұл тіркескен сөздердегі заттың атын және сынын білдіріп тұрған сөздерді ата.





4. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, көшіріп жаз.

Арша ағаштың бір түріне жатады.

Ол ... жерде өседі. Бойы ... болады.

Оның өзіне тән .... иісі бар.

Аршаның ..... қасиеті бар.

Керекті сөздер: емдік, таулы, хош, аласа.

5. 4-жаттығу

Әр зат есімге бірнеше сын есім жаз.

оқушы бөлме мал





ІҮ. Ребус шешуіндегі сөздің сын есім екенін дәлелде.





V. Бекіту .









ҮІ. Үйге тапсырма: Күнделікті енді ашайық

Үй тапсырмасын жазайық.

Бастауыш туралы алған білімді,

Ұмытпай есте сақтап алайық.

5 - жаттығу. 177 бет

ҮІІ. Бағалау.

Жұлдызшалар арқылы бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал