7


  • Учителю
  • Досы көпті жау алмайды. (3 сынып)

Досы көпті жау алмайды. (3 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала









Тақырыбы: Досы көпті жау алмайды





Мақсаты: Оқушыларды өзіне жақын дос таба білуге, таңдай білуге, сыйластық қарым-қатынасқа тәрбиелеу



Қолданатын құралдар: анкета, қима суреттер, тренингтер, музыка





Барысы:

Шараға қатысатын оқушылардың саны шектеусіз.

Оқушылар ортаға шығады, шаттық шеңберіне тұрады, бір-бірінің қолдарынан ұстайды. Қолдарын қысып тұрып бір-біріне достық сезімін білдіреді. Мысалы: досым мен сені сыйлаймын, сабағыңды жақсы оқы, досым сенің күлкің ұнайды т.б



Баяу музыка ойнап тұрады



Мұғалім: балалар орнымызға жайғасамыз. Мен сендерге қағаздар таратамын. Қағазға сенің досың кім және қандай? деген сұраққа жауап жазып, кім жазғанын астына жазбай, білдірмей маған тапсырасыңдар. Мен оқимын, басқа балалар кім жазғанын табады.

Оқи отырып, жазған адамды табу



Екінші тапсырма: ойын «Досыңа ат таңда» Ортаға шеңбер жасап тұрамыз. Мен допты лақтырып, лақтырған балаға әріп айтамын. Сол әріптен басталатын досыңа ат таңдап айтасыңдар. Мысалы Д болса, Думан т.б ойынымыз жалғасады.





Үшінші тапсырма: досыңның келбетін бейнеле. Қағазға өз досыңның келбетін бейнелеп көрсетесің, және анықтама бересің. Мысалы: бұл менің досым. Ол күлімсіреп тұр. Себебі ол үнемі күліп жүреді т.б





Төртінші тапсырма: Қима суреттермен жұмыс. Мұнда біз бірнеше балалардың бейнесін көрсететін суреттерді қиып, бөліп тастағанбыз. Сендер соларды дұрыс орналастырып, толықтырыңдар.





Бесінші тапсырма: дос туралы кім көп мақал мәтелдер біледі?

Мақал мәтелдер айтады.



Алтыншы тапсырма:

«Адасқан әріптер» ойыны. Мұнда сендер орны ауыстырылып берілген әріптерден бірнеше ат құрап, өз досыңа лайық ат таңдайсыңдар. Қандай ат ұнаса сол атты атаңдар.



Тарайқ, Лендүг, Танстала, Лоселд, Жуарна, Ығшысң, Рамйа.











Жетінші тапсырма: «Досыңы сыйлық жаса» түсті қағаздардан достарыңа сыйлық жасайсыңдар.





Қорытынды: анкета толтыру



1.Сенің досың кім?

2.Досыңның мінезі қандай?

3.Ол саған көмек көрсете ме , қандай көмек көрсетті?

4.Досыңның қандай болғанын қалайсың?

5.Қандай мінездері саған ұнамайды?

6. Нағыз дос деген кім?

7. «Доссыз адам-тұссыз ас» деген мақалды құалай түсінесің?

8. Досыңа жүрекжарды тілегіңді жаз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал