7


Урок. Тұқым және жеміс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Оқушыларға өсімдіктердің өніп-өсуі, жетілуі жайлы түсінік беру. Құрғақ және шырынды жемістермен таныстыру . Дүниетанымын, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауды үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Әдіс-тәсілі: Топтастыру, түсіндіру, сұрақ-жауап, түртіп алу әдісі

Көрнекілігі: Тірек сызбалар, суреттер, сөзжұмбақ.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Біз бақытты баламыз,

Ойнап күліп аламыз.

Жетілсін деп санамыз,

Оқып білім аламыз.

2.Үй тапсырмасын тексеру

а)Күзде жапырақ неге сарғаяды?

ә) Сабақ қандай қызмет атқарады?

б) Өсімдіктің мүшелерін ата?

в) Тамырдың қызметі қандай?

3 .Жаңа сабаққа байланысты жұмбақтар шешу

Көктемде жерге енемін

Ылғалда өсіп- өнемін

Менің өскен жемісім

Қыс бойғы сенің қорегің (тұқым)

Аспай піскен

Қайнамай түскен (Жеміс )

Оқулықпен жұмыс. Мұғалімнің оқуы. Түртіп алу.

Ойын: Кім көп біледі?

Жемістер, көкөністер, жидектер.

Мұғалімнің түсіндіруі. Дәптермен жұмыс.

Тұқым----------------құрғақ--------------шырынды.

Құрғақ -бидай, жүгері, сұлы, селеу

Шырынды-алма, қарбыз, қауын, қызанақ, жүзім.

Сергіту сәті.

Оқулықпен жұмыс. Шынжырлап оқыту.

Шығармашылық тапсырма.

Жұмбақ шешкізу. Жасырынған жемістер жайлы түсінік беру . Суретін салу.

Алманың түсі-қызыл, көк, сары болып келеді. Алманың тигізер пайдасы мол. Алманың құрамында алуан түрлі дәрумендер , минералды заттар мол. Асқорыту жүйесін жақсартады, ағзаны тазалайды.

Орамжапырақ- құрамында В және С тобына жататын дәрумендер мол. Ас қорыту бұзылғанда басқада ауруларды емдеуге қолданылады.

Қалпағы бар дөңгелек,

Сары гүлмен қоршалған.

Қарай-қарай күнге ерек

Мойны талып шаршаған.(күнбағыс)

Ұзын мұртты сарылар,

Бастарында дәні бар.(Бидай)

Сөзжұмбақтар шешу.Бақша.

4.Сабақты бекіту.Сұрақтарға жауап беру.

-Жапырақ қоректі қайдан алады?

-Көкөністерді ата?

-Қарбыз жемістің қай түріне жатады?

-Қайың,жөке ағаштарының таралуы

-Өсімдік тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?

Экологиялық тапсырма.

Әдемі қызыл гүл көрдің, не істейсің?

Табиғатты қалай қорғайсың?

5.Үйге тапсырма. Тұқым және жеміс. Мәтінді оқу. Жемістің суретін салу.Оқушыларды бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал