- Учителю
- Ана тілі Шығыс шынары 4 сынып
Ана тілі Шығыс шынары 4 сынып
Сыныбы: |
4-«А»сынып |
Күні: | |
Пәні: |
Ана тілі | ||
Тақырыбы: |
Шығыс шынары | ||
Сағаты: |
1 | ||
Сабақтың мақсаты: |
Білімділік: |
Автор туралы мағлұмат беру. Оқушыны Әзиза Нұрмаханованың «Шығыс шынары» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрете отырып, әңгіменің өзекті, түйінді ойын ашуға жағдай жасау.
| |
Дамытушылық: |
Әлия Молдағұлованың жастық шағы жайлы айта отырып, оның бойындағы қасиеттерін оқушы өз бойынан көре алу. | ||
Тәрбиелік: |
Ұлы Отан соғысына қатысқан мерген қыз Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы айта отырып,ерлікке,отансүйгіштікке тәрбиелеу. | ||
|
Интерактивті тақта, стикерлер,видео жазбалар | ||
Сабақтың түрі: |
Жаңа сабақ | ||
Қолданылатын модульдер: |
СТО, АКТ, диалог арқылы оқыту, өзін-өзі бағалау. | ||
Пән аралық байланыс: |
Тарих, қазақ тілі | ||
Сабақтың барысы :
| |||
Ұйымдастыру кезеңі 3 мин |
«Әскери техникалар» ойыны арқылы сыныпты топқа бөліп аламын. Бұл оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды белгілі бір
тақырып бойынша топтастыруға дағдыландырады.
| ||
І Үй тапсырмасы 10 мин |
«Әскерден хат» жаттығуы арқылы үй тапсырмасын сұрау. 1.Адам жанын дүр сілкіндіретін соғыстың ұлтына, еліне, жеріне қарамастан өте қауіпті екенін өлеңнің қай жерінен байқадың? 2.Ақын соғысқа деген жиіркенішін қалай білдіріпті. 3.Соғыстың қандай зияны бар деп ойлайсың?
| ||
Жаңа сабаққа кіріспе 3мин |
Слайдтан автор туралы мағлұмат беру.
| ||
Жаңа сабақ 5 мин |
Сабақты «Сөйлеу минуты» жаттығуы.. Жаттығудың мақсаты -
балаларға көргенін ауызша диалог түрінде айтқызып, әңгімелеп
беруге үйрету. Ойын сұрақ-жауап түрінде өтеді. Қысқаша «Мергендер» фильмінен үзінді видеоролик көрсету. -Кино кім туралы? | ||
ІІІ. Оқулықпен жұмыс 10 мин |
«ЖИГСО - І» әдісі | ||
ІV. Кері байланыс 7 мин |
«Кейіпкерге хат» жаттығуы. Дәптермен жұмыс | ||
2 мин |
Бүгінгі сабақ ұнады ма? Әлияның қандай қасиеттерін өз бойында көргің келеді?
| ||
VІІІ. Өзін-өзі бағалау 5 мин |
Смайликтер арқылы кері байланыс алу. Оқушылар өздерін өздері бағалайды. Сабақта басталғанда топтардың алдына бағалау критерийлерін таратып беремін, сол бойынша бағалайды.
| ||
VІ. Үйге тапсырма |
1. Әңгімені оқып, мазмұнын айту. |