7


Гг дыбысы мен əрпі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 23.11.2015 ж Сабақтың тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Г дыбысы мен әрпін таныстыру; г әрпі бар сөздерді дұрыс оқыту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету.

Дамытушылығы: Г дыбысын білдіру арқылы оқушылардың тіл байлығын, ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, жинақтылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ. Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс : әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап,топпен жұмыс,жұппен жұмыс.

Көрнекілігі: суреттер, буындар, сөздер, көгершін суреті, үнтаспа,сөзжұмбақ,ойлау баспалдағы. Пән аралық байланыс: дүниетану,музыка,тіл дамыту

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезең.

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

Сабаққа зейіндерін аударту.

Психологиялық дайындық

Парта саған төсек емес жатуға, Түзу ұста,тік отыр сен партада. Бойды түзе,көтер басты жоғары, Сымбаттылық болсын сенің бойыңда.

II. Өткен сабақты пысықтау.

«Кім кінәлі?» өлеңін рөлге бөліп сомдау.

1. Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?

2. Ү дыбысы қандай дыбыс?

3.Дыбыс дегеніміз не?

4.Әріп дегеніміз не? «Ойлау баспалдағы»

IV. Жаңа сабақ Сөзжұмбақ шешу. «Гүл» 1.Жетіден кейін қандай сан? 2.Түнде ұшатын қандай құс? 3.Ешкінің төлі.

-Балалар, олай болса біз бүгін «Гүл» дегенде келетін Г дыбысымен танысамыз. «Г» дыбысы мен әрпін көрсету. «Г» әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.

V. Жаңа сабақты меңгерту. 1.Оқулықпен жұмыс а)хормен оқыту,буынға бөліп оқыту ә)дауыстап ,тізбектей оқыту б)»Көгершін»өлеіңін мәнерлеп оқу. в) автор туралы мағлұмат беру Сергіту сәті: Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

2.Дәптермен жұмыс

- Г әрпінің элементтерімен таныстыру.

- Ауада жазып көрсету.

- Тақтаға үлгі көрсету.

Сергіту сәті: ағылшын музыка 3.Топпен жұмыс. 1-қатар: Шегрітке сөзінде неше дыбыс,неше әріп бар? 2-қатар: Әңгіме сөзіне дыбыстық талдау жасау. 3-қатар: е,гін,е,геу,се,гіз,ше,ге,не,ге,мез,гіл буындардан сөз құрау

VI.Сабақты қорытындылау. « Себетке гүл жинайық !» ойыны арқылы тапсырмалар беру. Шеңгел,шеге,неге,егін,егеу,сегіз.

VII.Бағалау. Оқушыларды қызыл гүл,көк гүл,жасыл гүл беріп мадақтау.











































Дүниетану.

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Төретам кенті

№ 85 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Г. Ағайдарова .



Сабақтың тақырыбы: Көкөніс. Өсімдіктердің көбеюі. Сабақтың мақсаты: оқушыларды көкөністердің түрлерімен таныстырып, оларды тануға , пайдасын білуге үйрету;өсімдіктердің көбеюі туралы толық мағлұмат беру. көкөністердің тұқымнан , жемістен өсетіндіктерін ұғындыру; оқушыларды елін, жерін, табиғатты сүюге; өсімдіктерді күтуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Түсіндіру; сұрақ-жауап ,ойын Көрнекілік: Көкөністер, суреттер, әріптер Пән аралық байланыс: Әліппе пәні,тіл дамыту

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: Психологиялық дайындық Табиғат біздің анамыз, Табиғатқа баламыз Иіліп сәлем береміз, Біз әдепті баламыз. ІІI. Өткен сабақты бекіту. - Табиғат нешеге бөлінеді? - Өсімдік жемістері алуан түрлі болады оларды не деп атаймыз? (оқушылар суреттерді тақтаға ілу)

ІV. Жаңа сабақ: Өсімдіктің түрлері жерімізде өте көп. Сол өсімдіктің ішінде адам керегіне жарататын , пайдалы өсімдіктер де бар, ол қалай аталатынын жұмбақты шешу арқылы табыңдар: Қияр, қызанақ, қызылша Оларсыз салат бола ма? Жуасыз тамақ пісірмейміз Бәрінің атын не дейміз? (көкөніс) «Көкөніс» ассоциация құру.











- Суреттегі көкөністердің атын атату , қайсысының тұқымы көрініп тұр? - Көкөністер қысы-жазы біздің дастарханымыздан кетпейді. Қыста оларды қайда өсіреді? (жылыжай) Өсімдіктердің тіршілік ету мерзімі әр түрлі.Кейбір өсімдіктер бірнеше ай,енді біреулері ұзақ уақыт тіршілік етеді.Көбею - барлық тірі табиғатқа тән қасиет.Көбею дегеніміз - әр өсімдіктің өзі сияқты ұрпақ қалдыруы.Сол өсімдіктің санын көбейту.

Өсімдіктер тұқым ---- түйнек --- тамырсабақ --- мұртша арқылы көбейеді. Көкөністерді (картоп,қызанақ,сәбіз,қияр,орамжапырақ,сәбіз) кесіп көрсету.

Сергіту сәті Тербеледі ағаштар Алдымнан жел еседі, Кіп - кішкентай ағаштар. Алдымнан жел еседі. V.Жаңа сабақты меңгерту. 1.Жұмбақты шешу. Жаздай інге тығылып, Жатқан қызыл түлкіні Құйрығынан суырып, Әкелді әжем бір күні. (Сәбіз ) Әр желінің асты толған көк қоян,

Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.(қияр)

Формы бар домалақ, Көміп қойдым сығалап, Жақсы болса тұрмысы, Шығады екен қоғалап. Бес ай тамам біткенде, Қаптап алдым құмалақ. (Картоп) 3.Дәптермен жұмыс. 1- қатар: сәбіз суретін салу 2- қатар: қияр суретін салу 3- қатар: ксртоп суретін салу Сергіту сәті Аласа ғана бойы бар, Қабат-қабат тоны бар.(капуста) Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызыл дәу жатыр. (қызылша)

Киетіні қызыл, жасыл көйлектер Ол не екен; кәне, достар, ойлап көр? (Пияз )

VI . Сабақты қорытындылау Ойын «Орнын тап» Себет (жеміс- жидекті салу) Тарелка (көкөністі салу) -Көкөністер қайда өседі? - Көкөністерді ата. - Қыста көкөністі қайда өсіреді? - Көбею дегеніміз не?

VII. Бағалау. Оқушыларды мадақтау.

















































































Әдебиеттік оқу.

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Төретам кенті

№ 85 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Г. Ағайдарова .



Сабақтың тақырыбы: Назым Хикмет «Үш жігіт туралы хикая.» Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға ертегінің негізгі идеясын өз беттерінше ұғынуға көмектесу; 2.Дамытушылық: болжау жасау, ертегінің мазмұны талдау, салыстыру жасау арқылы оқушының қиялын дамыту. 3.Тәрбиелеу: ойын еркін жазуға үйрету, сабақтан алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ. Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі.: СТО стратегиялары (ой қозғау, болжау кестесі, еркін жазу, пікірталас) Көрнекілік:Интерактивті тақта, суреттер,таратпалар

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар топқа бөлінеді Қызығушылығын ояту.

II.Үй тапсырмасын сұрау Үйге тапсырма Шыңғыс Айтматовтың «Атадан қалған тұяқ» мәтінін оқып,мазмұндау. «Жалғастыр» ойыны арқылы сұрау. III.Өткен сабақты бекіту. Өткен сабақты бекіту үшін сұрақ - жауап әдісі арқылы. IV.Жаңа сабақ. Түрік жазушысы Назым Хикметтің өмірбаянымен таныстыру. «Үш жігіт туралы хикая» ертегісімен танысамыз. Оқушылар жазушының өмірбаянынан тірек сызба құрастырады.

Деңгейлік тапсырма

V. Жаңа сабақты меңгерту.

Оқулықпен жұмыс: а) іштей оқыту, ә) дауыстап ,тізбектей оқыту

1- тапсырма 1- топ .Мәтіннің 1-бөлігі: « Өлместің тасы жырақта, асқар таулар мен аңғарлардың ар жағында, қанды құдықта жатыр. Оған баруға бар өмірің жетпейді сенің. Менімен бірге осында қал.» - дейді көрікті қыз. -деп аяқталады.

Сұрақ: -Бірінші жігіт кербез сұлуға не деп жауап берді деп ойлайсыңдар?

2- топ Мәтіннің 2-бөлігі оқылады.

«Екінші жігіт алтын суды бір жұтқанда, денесі салқындап, рақаттана бастаған екен. Енді ақ бұлақтан аулақ кете алмапты.» - деп аяқталады.

Сұрақ: - Екінші жігіт одан кейін не істеді деп ойлайсыз?

3- топ Мәтіннің 3-бөлігі оқылады. «Үшінші жігіт бұлақтан су ішпепті, сұлу арудың тізесіне жатып тынықпапты. Ол алған бетінен қайтпаған...» - деген жолдармен аяқталады.

Сұрақ: - Үшінші жігіт мақсат - мұратына жетті деп ойлайсыңдар ма?

Не болады деп ойлайсың? Дәлелің Шын мәнінде не болады?

Карточка, оқулық

2- тапсырма 1- топ Өлместің тасын іздеп шаршаған 1-ші жігіттің көрген қиындығын сахналау.

2- топ Екінші жігіт мақсатына не себептен жете алмады? 3- топ Үшінші жігіт өз мақсатына қалай жетті?

Сергіту сәті 3- тапсырма

Пікірталас сұрағы:

«Кімде-кім осылай жүре берсе, түбінде мақсат-мұратына жетеді. Сенімінен айырылмаса дегеніне жетеді» - дегенге келісетіндері, келіспейтіндерің бар ма?

4- тапсырма

Ой толғаныс. Еркін жазу.

«Кімде-кім сенімінен айырылмаса, дегеніне сол жетеді» дегенді қалай түсінесің? Өзіңнің алға қойған мақсатың не? Оған жету үшін не істеп жүрсің?»

Дәптермен жұмыс.

Мақалдың жалғасын тап.

5-тапсырма. Мақалдың жалғасын тап, мағынасын ашу. 1) Іздеген жетер ... 2)Жан қиналмай жұмыс бітпес, Талап қылмай ... ... -Бүгінгі ертегі мазмұнына сәйкес келетін мақалды тап, жауабыңды дәлелде.

VI.Сабақты қорытындылау.

VII.Үйге тапсырма: «Үш жігіт туралы хикая» ертегісін өз қиялдарымен аяқтап жазу. Ғаламтордан Назым Хикметтің басқа ертегілерін тауып, оқу.

VIII.Бағалау.











































Қазақ тілі

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Төретам кенті

№ 85 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Гүлбану Ағайдарова .

Сабақтың тақырыбы: 9-16 - жаттығу Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушылардың сан есім туралы түсініктерін кеңейту, жан- жақты меңгерту; ә)дамытушылық: оқушылардың ойлауын,тіл байлығын дамыту,сауатты, көркем жазуын қалыптастыру; б) тәрбиелік: оқушылардың жауапкершілікті сезінуді,білімге құштарлыққа тәрбиелеу; Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ, Сабақтың типі: Аралас сабақ, Сабақтың әдісі; ой қозғау, сұрақ- жауап, түсіндіру,ойын, Көрнекілік: интерактивті тақта,сөзжұмбақ, электронды оқулық, Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезең Психологиялық дайындық. Сабағыңа жөндеп, Әзірленсең- еңбек. Қиындықтың бәрін, Еңбек ғана жеңбек. - Ендеше,балалар,еңбектеніп білім аламыз.Білім арқылы көздеген мақсатымызға жетеміз. II.Үйге тапсырманы сұрау. Үйге тапсырма 7- жаттығуды оқыта отырып сұрау. III.Өткен сабақты бекіту. Сөзжұмбақ . «Сан есім» IV.Жаңа сабақ. - Сан есім туралы мағлұмат. V.Меңгерту. Дәптермен жұмыс. «Ойлан тап» ойын. 9- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.Сан есімдерді байланысты сөзімен қоса теріп жаз. «Кім жылдам?» ойын. 10-жаттығу. Жұмбақтарды оқып,шешуін тап. 11- жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сан есімдердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет. Олардың қай сөз табы екенін айт. 2. Сергіту сәті. «Көңілді санамақ» 2- екі Баласына ж2-ріп, Ұрысып жатыр к2- лік, 2-леніп, с2-ріп Алып қапсың 2-лік 2-ншілей 2-ңді Көрсетпе деп ж2- рді 12- жаттығу. Ребусты шеш. Мақалдың мәнін түсіндір. «Елу жылда - ел жаңа.» 13-жаттығу. Көп нүктенің орнына сан есім қойып жаз. Көз - ... Ауыз - ... Қозы - ... Қой - ... 14- жаттығу. Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жаз. К ..2..лік, 7.. к, тү.. 1, к..3.. ік, жел..90, 6..бақан, 8..көз. 15-жаттығу. «Кім тапқыр?» ойын. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып жаз. ... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. ... теңгең болғанша, ... досың болсын. Білекті ... жығады, білімді ... жығады. ... кісінің түсін білгенше, ... кісінің атын біл. VI. Сабақты қорытындылау. «Семантикалық карта»

Сөздер

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

жүгірді

биік

алты

жүзді

жетеу

Алмат

жиырма бес

VII. Үйге тапсырма. 17- жаттығу. Ол қай сан? VIII. Бағалау. Фигуралар арқылы.































Күні: 20.12.2015 ж Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Қош бол,сүйікті Әліппем!» Мақсаты: оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту, оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау,әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Математика» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік,әріптер,сандар,шарлар. - Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар!

- «Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тапта бар қалан» - деп Абай атамыз айқандай , осыдан 3- 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қызыға аттаған бүлдіршіндер «Білім» деген ғажайыптың әліпбиін меңгеріп,алғашқы жетістіктерін көрсетпекші.Олай болса,»Таныстырған 42 әріппен,қош бол,қасиетті Әліппем!» қоштасу ертеңгілігіне дайын тұрған 1»а» сынып оқушыларын қошеметпен қарсы алайық.

Мерекемізді бастамас бұрын, оқушылар, сіздерге бір сұрақ қойғым келіп тұр. Ал, балалар, сендер мектепке не үшін келдіңдер? Арайлым: Тану үшін бабанды, Тану үшін анаңды. Тану үшін ғаламды, Мектеп керек адамға! -Олай болса достарым,бүгінгі басты кейіпкер сүйікті біздің Әліппе. Мұғалім: Суреттермен сөйлеткен Әріптерді үйреткен. Баспа әріп пен жазба әріп. Дауысты мен дауыссыз. Айтыңдаршы, балалар Қай оқулық үйреткен? Оқушылар хормен:

«Болашаққа жол ашар,

Ол - сүйікті Әліппе,

Ол - сүйікті Әліппе!» Ендеше сүйікті әліппемізді зор құрметпен ортаға шақырайық. Әліппе: Армысыздар , жас достар! Армысыздар ата-аналар! Болашаққа жол бастар, Әліппе келді ортаға. Білім деген ғажайыптың, Әліпбиін меңгерген. Келешегі қазақтың, Басталады сендерден. Әліппе: - Балалар, әліппені алғаш жазған кім? - Балалар, сендерге Ыбырай аталарың қандай өсиет қалдырды? Оқушылар хормен: «Кел балалар оқылық!» Мұғалім: - Құрметті Әліппе, сен шаршаған шығарсың, кел тойымыздың төріне шық, балалардың саған айтар алғысы мол, отырып, тыңдаңыз. .Меруерт (1): Алфавиттің А тұрады басында, Әрқашанда Ә тұрады қасында. Байқадың ба Б тұрады үшінші, Ал осының сыры неде түсінші. Ғибрат: А деген ол - аналар ғой ардақты, Ә деген ол - әкелер ғой салмақт. Б деген ол - балалар ғой әдемі Біздің елде үшеуіде кәделі. Хор: «Әліппе» Мұғалім: - Иә , енді балалар, Әліппе оқулығына шолу жасайық. - Балалар, әліппенің бірінші бетінде кімнің суретін көрдіңдер? Н.Ә.Назарбаев. - Ол кім? Елбасы. Н.Ә.Назарбаев. -Біз қай елде тұрамыз? Қазақстанда - Біздің тіліміз қандай тіл? Қазақ тілі - Отанымыздың бас қаласы қай қала? Астана.

Меруерт (2): Халық үшін елбасы, Әскер үшін қолбасы. Тар жол, тайғақ кешуде, Туған жұртты қолдаушы. Расул К: Отанымның төрінде, Сарыарқаның өрінде. Ту ұстаған Астанам, Әсем қалам - бас қалам! -Абай атамыздың қай өлеңін жаттадыңдар? Расул Ж: «Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тапта бар қалан.» -Ал, Ахмет Байтұрсыновтың қай өлеңімен таныс болдыңдар? «Оқуға шақыру» Әліппе: Жарайсыңдар балалар, не бары 3- 4 айдың ішінде мені жақсы меңгеріп алғансыңдар. Әліппе: Балалар , мен өзіммен бірге тапсырмалар ала келдім, қане тез ойлап, тез жауап берейік. Сұрақ- жауап. 1-тапсырма: Қазақ алфавитінде неше әріп, неше таңба бар? Дыбыстар нешеге бөлінеді ? Дауысты дыбыстар нешеу? Дауыссыз дыбыстар нешеу? 2 тапсырма: «Неше буынды сөз екенің табу» ойыны. Буындардан сөздер құрастыру. Ана, Дана,бала,Отан, Хормен: Біз жазамыз Ана деп, Әліппе: Сендер меннен оқуды, жазуды үйрендіндер. Ал математикадан осы уақытқа дейін не үйрендіндер? Санамақтар айтысы: 1. Нұрсат: Мен таяқша бірмін. Барлық санға жол бастап Ең басында тұрмын. 2.Айдын: Алтыны төбесінен тұрғызсам, Сонда болам мен тоғыз. Қалмасын білер бар санды Айтайын және онды. Хор: «Есеп сабағы» Әліппе: - Бәрекелді,балалар мен сендерге ризамын.Білімнің кілтіндей әліппені оқуды, жазуды,санауды үйреткен ұстаздарыңа рахмет! Перизат: Енді біз жаза білеміз Әріпті қосып әріпке. Риза боп саған жүреміз Қош бол,сүйікті әліппе! Әліппе: Меніменен қош айтысып қаласың ! Енді қолға басқа кітап аласың Ана тілі болар сенің ұраның Ана тілмен дос боласың, мықты болар тұрағың - Сау болыңдар,балалар! Оқушылар хормен: »Қош бол, құтты Әліппем!» ( оқушылар шар ұшырады) Мұғалім: Балалар ендігі сендердің жаңа достарын - Ана тілі.Сондықтан Әліппені қалай меңгерсендер. Ана тілінде солай меңгеру керек. Ана тілі: Туған елдің тілімін, Түсіндірер бәріне, Ана тілі пәнімін Жалғастырар әріге. Ана тілі: Балалар енді міне оқитын боласындар.Мен сендерге көп нәрсені үйретемін. Барлық қазына байлық оқу-білімде.Оқу-білім туралы қандай мақалдар білесіңдер? .Кітап- білім бұлағы, Білім- өмір шырағы. Оку инемен құдық қазғандай. Білекті бірді жығады, Бәрі бірге: Білімді мыңды жығады. Ал, балалар өлеңді тыңдап қарашы ,ойланып тапсаң ұйқасын, жұмбақты тез табасың. 1.Құйрығы сүйір Ала ботаға үйір Оның аты (сиыр) 2.Тастан тасқа секірген, Шұнаңдап ойнап,секірген. Құйрығы келте шұнақ, Оның аты (лақ) Ана тілі: Жарайсыңдар,балалар мен сендердің жақсы білім алуға әзір екендеріңді білдім.Әліппені оқу барысында еңбек еткен алғашқы ұстаздарың мен бірге ата - аналарыңа рахмет айтамыз!Бүгінгі мерекенің қонақтарына,ата - аналарыңа арналған әндеріңді,билеріңді тамашалайық. 1.Ән: «Мұғалім - ол біздің» 2:Би: Меруерт пен Ақылжанның орындауында « Ча- ча - ча» 3.Ән: Расулдың орындауында »Қазақ жастары» 4. Қыздардың орындауында »Шөжелер» биі. 5.Тәуелсіздік мерекесіне арналған Ернардың орындауында «Қазақ елі» әні 6. Қыздардың орындауында : Қазақ биі Қорытынды: -Нені үйрендік? Оқуды .Жазуды .Есеп шығаруды. Ән айтуды Би билеуді .Үлкенді сыйлауды Біз нені ажырата білеміз? Жақсылық пен жамандықты Біз нені, кімді сүйеміз? Отанды . Ата-ананы. Халқымызды . Достарымызды. Ұстазымызды. 1-Желтоқсан қандай күн? - Тұңғыш президент күні. Біз кім боламыз? Тәуелсіздік туын биік ұстайтын,елін сүйген ер боламыз.

Ән: « Әнұран »

Құттықтау сөз беру.









































Қазақ тілі

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Төретам кенті

№ 85 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Гүлбану Ағайдарова .

Сабақтың тақырыбы: 9-16 - жаттығу Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушылардың сан есім туралы түсініктерін кеңейту, жан- жақты меңгерту; ә)дамытушылық: оқушылардың ойлауын,тіл байлығын дамыту,сауатты, көркем жазуын қалыптастыру; б) тәрбиелік: оқушылардың жауапкершілікті сезінуді,білімге құштарлыққа тәрбиелеу; Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ, Сабақтың типі: Аралас сабақ, Сабақтың әдісі; ой қозғау, сұрақ- жауап, түсіндіру,ойын, Көрнекілік: интерактивті тақта,сөзжұмбақ, электронды оқулық, Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезең Психологиялық дайындық. Сабағыңа жөндеп, Әзірленсең- еңбек. Қиындықтың бәрін, Еңбек ғана жеңбек. - Ендеше,балалар,еңбектеніп білім аламыз.Білім арқылы көздеген мақсатымызға жетеміз. II.Үйге тапсырманы сұрау. Үйге тапсырма 7- жаттығуды оқыта отырып сұрау. III.Өткен сабақты бекіту. Сөзжұмбақ . «Сан есім» IV.Жаңа сабақ. - Сан есім туралы мағлұмат. V.Меңгерту. Дәптермен жұмыс. «Ойлан тап» ойын. 9- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.Сан есімдерді байланысты сөзімен қоса теріп жаз. «Кім жылдам?» ойын. 10-жаттығу. Жұмбақтарды оқып,шешуін тап. 11- жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сан есімдердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет. Олардың қай сөз табы екенін айт. 2. Сергіту сәті. «Көңілді санамақ» 2- екі Баласына ж2-ріп, Ұрысып жатыр к2- лік, 2-леніп, с2-ріп Алып қапсың 2-лік 2-ншілей 2-ңді Көрсетпе деп ж2- рді 12- жаттығу. Ребусты шеш. Мақалдың мәнін түсіндір. «Елу жылда - ел жаңа.» 13-жаттығу. Көп нүктенің орнына сан есім қойып жаз. Көз - ... Ауыз - ... Қозы - ... Қой - ... 14- жаттығу. Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жаз. К ..2..лік, 7.. к, тү.. 1, к..3.. ік, жел..90, 6..бақан, 8..көз. 15-жаттығу. «Кім тапқыр?» ойын. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып жаз. ... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. ... теңгең болғанша, ... досың болсын. Білекті ... жығады, білімді ... жығады. ... кісінің түсін білгенше, ... кісінің атын біл. VI. Сабақты қорытындылау. «Семантикалық карта»

Сөздер

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

жүгірді

биік

алты

жүзді

жетеу

Алмат

жиырма бес

VII. Үйге тапсырма. 17- жаттығу. Ол қай сан? VIII. Бағалау. Фигуралар арқылы.































Тәрбие сағаты

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Төретам кенті

№ 85 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Гүлбану Ағайдарова .



Тақырыбы: «Ұстазым - ұлағатым, үлгі-өнегем !»



1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған Ұлағатты ұстаздар.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

2- жүргізуші:

Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,

Сіздермен тола берсін ортамызда.

Бүгінгі ел басқарған азаматтар,

Білім алған сіздердің арқаңызда.

1-жүргізуші

Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,

Дендеріңнің саулығы мықты болсын.

Білімменен суарған шәкірттерін,

Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

2- жүргізуші:

Ұстаздарым биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп

Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.

1-жүргізуші:

Әл-Фараби: «Ұстаз.... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек» деген.

2-жүргізуші:

Гүлсім апай - мектепте орны бөлек,

Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.

Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,

Әр қашан аман болып жүрсін дер ек.

1-жүргізуші:

Тарқалмасын қызықтың шағы қызған,

Жана берсін бақ артып бағыңыздан.

Құрметпенен ұсындық сізге сөзді

Ақтарылып көріңіз ағыңыздан!, дей келе сөзді мектебіміздің бастауыш оқу- ісі меңгерушісі:Бейбіт апайға беріледі

Ән. «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Күнім деген күлімдеген

Қамқор болған ұстазым

Жаны жайсаң, жайдары жан,

Ұғындырған сөз сазын.

2-жүргізуші:

Ғылым иесі - ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де - бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған. Ұлағатты ұстаздар, бүкіл адам баласы сіздерге бас иеді.

1-жүргізуші:

Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.

Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!

Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,

Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?

Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,

Сендерде ғалымдардың қиялы бар.

Ағайын, тойларыңа тарту етем,

Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!

Ән: «Құтты болсын төл мейрам»

2-жүргізуші:

Ұстаз - әке шәкірттеріне алаламай қамқорлық жасайды. Ұстаз - ана, ол шәкіртін туған анасындай баурап, өмір өрнектерін, тұрмыс тіршілік мехнаттарын, қиындықтары мен қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды. Ұстаз - жолдас. Ол әрқашан да шәкірттерімен бірге көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді. Ұстаз - дос, ол шәкіртіне тек жақсылық ойлап, қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жанын сала жақсылық жасайды.

1-жүргізуші.

Дене шынықтыру сабағының сусындатып білімін

Себепшісің солмай өсіп - жайнауына денемнің.

Сен арқылы білдім өмір оңы менен солын мен.

Сен арқылы қадірін де білдім атқан күнімнің

Ұстазымыз Серік ағайдың құрметіне

Ән: «Әке» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жарқын жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы болса, ал ұстаз біздің екінші анамыз деп айтсақ артық айтпағанымыз деп санаймыз. Мектебіміздегі шәкірттерге ана орнына ана болып, оқушылардың қуанышына қоса қуанып жүрген тәрбиешілердің еңбегі зор.

.Ән: «Анашым»

.Би»Қаражорға

1-жүргізуші:

Ұстаз! Ұстаздық ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет-қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті патша да, бай да, батыр да атқара алмайды.

2-жүргізуші:

Алғашқы менің ұстазым

Күлімдеген, күнім деген.

Қамқор болған ұстазым.

1-жүргізуші:

Ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді.

Ұстазым екінші анам аялаған,

Біздерден бар білімін аямаған.

Оқысын, білім алып үйренсін деп,

Таңертең күнде құшақ жаяды алдан.- дей келе төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз.

Ән:

2-жүргізуші:

Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда,

Күнім болып көріндің аспанымда.

Білім болып егілдің жас жаныма,

Гүлің болып төгілдің асқарыма.

Біз дегенде ұмытып бала қамын,

Қас қағымға қасыңнан тастадың ба?

Би: «Бипыл»

1-жүргізуші:

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген

Аяулы ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа оқу жылы Сіздердің отбасыларыңызға Ырыс, Дәулет, Бақыт әкелсін! Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз қуанышқа тола берсін. Кешімізді тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!





























































Математика

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Төретам кенті

№ 85 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Гүлбану Ағайдарова .



Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу және азайту. Сабақтың мақсаты: а)оқушылардың математикалық ойлауын дәлелдеу.4 санын қоу және азайту тәсілдерімен таныстыру,қосындысының және айырманың мәндерін тапқанда 4+4 жағдайын қолдану білігін тиянақтау; ә)оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту,есте сақтау,өз бетінше шешім қабылдап,қорытынды шығару қабілеттерін дамыту ; б)оқушыларды білімділікке,бірлікке,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап,түсіндіру,ойын,шығармашылық тапсырма. Көрнекілік: суреттер,сандар,кестелер. Пән аралық байланыс: дүниетану,қызықты математика.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезең. . Психологиялық дайындық. Мынау - менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау - басым ақылды, Бәрін осы атқарған Мынау - оң қолым, Мынау - сол қолым. Барлық істі атқарған.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

№ 6 - тапсырманы салыстыруын тексеру.

III.Өткен сабақты бекіту.

«Қоянға сәбіз жинауға көмектесейік!» ойыны арқылы тапсырмалар беру арқылы жаңа сөздер шығару.

IV. Жаңа сабақ

«4 санын қосу және азайту». (тақырыбы шығады)

4 санының құрамын еске түсіру,

4 саны туралы мағлұмат беру

4 - ---тұс ----- бұрыш ----- мезгіл------түлік ---- баға

№ 1 тапсырма: «Домино» тастарындағы нүктелерді санай отырып өрнектер жазу:

4 + 4 = 8 5 + 4 = 9 6 + 4 = 10

8 - 4 = 4 9 - 4 = 5 10 - 4 = 6

1.Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу: 4 4 4 4 4 4 4 4 4 4

2. Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда,

Болады екен он саусақ.

V. Жаңа сабақты меңгерту.

3.оқулықпен жұмыс

«Кел, ойнайық!» ойынын ойнау.

а) Балықтарды аквариумға орналастыр. 4,6,8,10

8-4 2+4 3+5 1+9

3+3 6+2 5+5

10- 4 10-2

ә) «Кім жылдам?» ойынын ойнау

5+4-1+2-6 = 4

10-4+3-2+1-5 = 3

№ 2 тапсырма: Сандар қатарының көмегімен есептеу тәсілі

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

4+4 8-4 2+4 6-4

2.Сергіту сәті.

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді,

Кездесті,міне,керегі:

Екеуі қайың астынан.

Екеуі терек қасынан.

Қанша болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке

№3 тапсырма (ауызша)

№ 5 Есепті шығар.

Өрік - 3 түп

Шие - 4 түп

Барлығы - ?

Ш: 3+4 = 7

Ж: барлығы 7 түп ағаш.

«Батпырауық қай баланыкі?» ( жұптасып жұмыс жасайды)

VI.Сабақты қорытындылау

«Тиінге дән жинауға көмектесейік!» ойыны арқылы тапсырмалар беру.

1+4 5+4

2+4 6+4

3+4



VII.Үйге тапсырма: № 4 тапсырма.

VIII.Бағалау.



























Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Г дыбысы мен әрпін таныстыру; г әрпі бар сөздерді дұрыс оқыту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету.

Дамытушылығы: Г дыбысын білдіру арқылы оқушылардың тіл байлығын, ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, жинақтылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап.

Көрнекілігі: суреттер, буындар, сөздер, үнтаспа, слайд

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру :

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

Сабаққа зейіндерін аударту.

Психологиялық дайындық

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін.

Қайырлы күн, қайырлы!

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау :

«Кім кінәлі» өлеңін жатқа сұрау

- Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?

1. Ү дыбысынан басталатын адам аттарын ата

2. Үйрек деген сөзді кім жазып көрсетеді?

3. Үкі деген сөзде неше дыбыс бар?

4. Үкі деген сөзге сөйлем құра

5. Ү қандай дыбыс?

- Балалар, сұрақ - жауап арқылы нені құрастырдық?

- Гүл құрастырдық.

- Барлығың гүл деп айтып көрейікші.

- Гүл сөзінде неше дыбыс бар?

- Гүл деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

ІІІ. Жаңа сабақ :

- Балалар, олай болса біз бүгін «Гүл» дегенде келетін Г дыбысымен танысамыз.

«Г» дыбысы мен әрпін көрсету. «Г» әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс:

- Бағандағы сөздердің мағыналарын түсіндіре отырып, хормен буынға бөліп оқыту. Слайд арқылы суреттерін көрсету.

- «Ақ көгершін» өлеңін мәнерлеп оқу. Мағынасына тоқталып өту. Авторы Н.Баймұхамедов туралы мағлұмат айту. Оқушыларға әуенін тыңдату.

Сергіту сәті:

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.



Дәптермен жұмыс :

- Г әрпінің элементтерімен таныстыру.

- Тақтаға үлгі көрсету.

- Ауада жазып көрсету.

ІҮ. Сабақты қорыту :

Ойын «Буындардан сөз құра»

Ше , шін , кө , ге , іл , гер , гіш , өшір буындары арқылы сөздер құрату.

Ү. Үйге тапсырма : «Ақ көгершін» өлеңін мәнерлеп оқу , көгершіннің суретін салу ;

ҮІІ. Бағалау , мадақтау : Оқушыларға сабаққа белсенді қатысқаны үшін мадақтап , гүл шоқтарын табыс ету.



























































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал