7


  • Учителю
  • Внеклассное мероприятие Бастауышпен қоштасу

Внеклассное мероприятие Бастауышпен қоштасу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақсары негізгі мектебі

























Тақырыбы: «Бастауышым-Балбұлағым»













4 «а» класс жетекшісі:

Копеева С.М.









































2014-2015оқу жыл

Сабақтың мақсаттары: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл,ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

Көрнекілігі: жазылған сөздер:

«Бастауышым- балбұлағым» - тақырып.

«Бастауышым -бастамам» - көрме тақырыбы.

«Білім кілті - бастауышта» - газет,бүктеме тақырыбы.

«Өнерлі бала -сүйкімді» - көрме тақырыбы.

«Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.»

«Оқусыз - білім жоқ,

Білімсіз - күнің жоқ»

«Оқу- білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.»

«Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!

Сіздер «Бастауышым - балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сыныпты білім алып, аяқтап,жоғарғы сыныпқа өткелі отыр. «Талаптарына нұр жаусын» деп ертеңгіліктерін ашуға рұқсат етіңіздер.

</ Вальс биі.

Балалар кезекпен тақпақтарын айтады

Мадина: Ағайын жұрт ардақты, армысыздар!

Бәрініз де есенсау бармысыздар?

көрермен күә болсын бастауышта

болашақ шәкірттердің жалғасы бар.





Аружан: мектеп,мектеп, бақытқа толды үің,

ұша білсек, болмасау қону қиын.

бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,

бастауыштың билеміз соңғы биін.





Қанат: Аяулы менің мектебім,

өзіңде өткен көктемім.

өзіңнен алар әлі де,

арманым асқақ көп менің.

Махаббат: Арманым боп аңсаған,

мәңгілік қалдым мекендеп.

өзіңе арнап жыр атам,

ардақтап сізді өтем деп.

"Мектебім" әні

Мұғалім:Ұстаздық еткен жалықпас. Үйретуден балаға - деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз жыл бойы білім нәрімен сусындатты, хат танытты, еңбек ете білуге үйретті, білімге жетеледі, әдептілікке үйретті. Сондықтан да ұстаздарға алғыс айтып, басымызды иеміз.

Мадина: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз,сөздеріңізді ынта қойып тыңдаймыз. жанжақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыз шексіз!

Махаббат: Мұғалім ұстазым балалардың,

болашақ ғалымдардың, даналардың

өмірде сенің алар орыныңа,

бірі де жеткізе алмас бағалардың





Аружан: Ұстазым! ұстазым өзің едің асқақ әнім,

басталған ақ батаңнан жас талабым.

ұғындым ұлылықтың, даналықтың,

ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Хормен:Мектеп - кеме,Білім-теңіз,

Барар жолға тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда

Ұстаз берген білім қолда.

Өлең"чему учат в школе"

Осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2011жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай балғын бүлдіршіндер қандай болды екен?

Олай болса, құрметті ұстаздар, ата-аналар және қонақтар сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік (экранға назар аударайық).

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне,бастауышпен қоштасады

Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.

"қыздар биі"

Мұғалім: Жүзің жылы, құшағың кең

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен

Биіктерге шығамын мен.

Қыздар орындауында "Ертегілер әлемінде" өлеңді тамашалаңыздар

Құттықтау сөз мектеп басшысы мен оқу ісінің меңгерушісіне беріледі.

балаларға диплом беру.

Мұғалім: Тойымызға бүгінгі

ақ тілегін арқалап,

келді ата анамыз.

кезек беріп соларға,

сөзіне құлақ саламыз.

Ата аналар тілектерін білдіреді.

Осымен "Бастауышым балбұлағым" атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сәт сапар тілеміз сендерге, балалар! Сау болыңыздар!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал