7


Тәрбие сағаты Аяулы анашым

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағаты тақырыбы: «Аяулы анашым!»

Сабақтың мақсаты: 1. Балалардың анаға, бар адамзат баласына деген сүйіспеншілігін ояту.

2. Оқушының бойындағы өнері мен дағдылығын дамыту

3. Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Бақытты балалы шақ», «Ардақтайық ананы», «Мақтан етем анамды» және шарлармен әсем безендірілген үлкен плакатта «Аяулы анашым!» деп мерекелік тәрбие сағатының тақырыбы жазылған.

Үнтаспадан «Аяулы анам» әні қалықтайды.

Сахна: Жанатбек бұрын келіп, көрермендермен амандасты да, әрлі-берлі қайта-қайта қарап, Айзаданы күтіп жүреді. Бір шоқ гүлін, сыйлығын артына жасырып тұрады. Сосын көрермендерден сұрайды.

Жанатбек: -Кешірерсіздер осы жерге меннен бұрын қара торы, бұйра шашты бір қыз келген жоқпа екен?

Көрермендер: -Жоқ.

Жанатбек: -Осы қыздар неге үнемі кешігеді де жүреді? Түсінбеймін.

Жол жаққа қараймын

Сен жоқсың арайлым

Кешікпей келем деп ең…

</ Мен тұрмын елеңдеумен, - деп әндете бастағанда сахна артынан Айзада шығып, Жанатбекті шошытып жібереді.

Айзада: - Сәлем, Жанатбек

Жанатбек: - Қалайсың Айзада! Көйлегің қандай әдемі

Айзада: - Рахмет! Сен мені көп күтіп қалған жоқсыңба?

Жанатбек: - Жоқ. Меніңде келгенім осы. Айтпақшы… (гүлін артына жасырып , оны қалай ұсынарын білмей ұялып тұр)

Айзада: - Ия. Не болды?

Жанатбек: - Мен сені алда келе жатырған 8-ші наурыз мерекесімен құттықтайын деп едім. (деп қолындағы гүлді береді)

Айзада: - Рахмет! Жанатбек көрермендер бізді көп күтіп қалған жоқпа? Тәрбие сағатымызды бастайық.

Жанатбек: -Ендеше, бастасақ бастайық.

Айзада: Құрметті асыл аналар; ұлағатты ұстаздар; оқушылар!

Сіздерді алдағы 8 наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз!

Қар астынан қылқиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып аналар мерекесі де келді.

Жанатбек: Гүл мереке барлығыңыздың шаңырағыңызға құт береке, шат күлкі әкелсін. Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!

Айзада: Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілей отырып ертеңгі күннен үміт артып отырған балаларыңыздың дайындаған «Аяулы анашым!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Жанатбек: Наурыз күні, ана күні, әлем күні,

Әлемді тебірентер ана үні,

Анадай жан туған жоқ жер бетінде

Ұғып ал құрдастарым сендер мұны.

Айнұр: Ана деген әлемнің гүлі емеспе

Ана деген сөздердің көркі емеспе

Ана деген әлемнің сұлулығы

Анасыз бұл әлем бос емес пе

Айзада: Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық,

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық.

Х О Р : «Ана тілім»

1-оқушы: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың,

Өріме нәр береді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Жайсаң:Наурыздың бүгін сегізі.

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі.

Анасыз жоқ бір күнің.

Ұсынарлық бүгін біз.

Сөздің сұлу шоқ гүлін.

2-оқушы: Сіздерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз сіздерді

Құрметті аналар.

3-оқушы:"Айналайын анашым" Шығармасын оқиды.

Ән: Құттықтаймын.

4-оқушы: Құтты болсын ардақты ана,

Асыл анам мерекең,

Құтты болсын теңдік алган.

Қуанышың берекең.

5-оқушы: Бал бөбегін баптаған.

Мамам үшін мақтанам.

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын ақ мамам.

Айзада: Жанатбек,сен білесің бе?

Біздің сыныптың қыздарының барлығы мың бұралған бишілер екенін білесіңдерме?

Жанатбек: Жоқ, білмеймін. Ондай мүмкін емес.

Айзада: Сенбейсің бе? Сенбесең қазір сенесің.Енді тамашалайтындарыңыз "Балдәурен" биі.

Би: Балдәурен.

6-оқушы: Ана деген асыл жандар болаттай,

Ана деген мөлдір жылдар бұлақтай.

О адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

7-оқушы: Ана десем шешек атып жанары

Өмірімнің бастау алар жаңа әні

Ана деген тіршілікте пана боп

Әрбір үйде жұлдыз болып жанары.

Жанатбек: Айзада, біздің сыныптың қыздары биші болса, ұлдары жез таңдай әншілер.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй,-дегендей ендігі кезекті әнге береміз.

Ән: "Анаға сәлем"

8-оқушы: Әр сөзіңді жаттағам

Жүрегіме сақтағам

"Анашым"-деп мақтанам

Айналайын ақ мамам.

9-оқушы: Бар ана туған елдің гүлі дер ем

Анажан қайгығ болса күңіренем

Таусылмас тау суындай ақылың бар

Сен барда менің әрбір күнім өлең.

Көрініс: "Тауық"

Жанатбек: Келесі кезекті биші қызымыз Аяулым орындауындағы түрік биі.

Би: "Түрік"биі

Айзада: Ана! Ана! Ана! Не деген мейірім, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сөздер жатыр десеңші!

Жанатбек: Дұрыс айтасың Айзада. Өмірде жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған. Олай болса,келесі кезегімізді әнге берейік.

Ән: "Анашым"

Гүлденсін:Ана десем сезім билер тым ыстық.

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ананың мейірімін,

Орнар еді бар әлемге тыныштық.

10-оқушы: Тау қопарып.тасты үгіп

Тұрғыздың сен не қала

Саған қандай жақсылық

Жасай алам мен ана.

Айзада: Ендігі тыңдайтындарыңыз Айдананың орындауында ән: "Аяулы"

11-оқушы: Алақаны ақ самал

Мәпелеген жан ана

Көкте күнім батса да

Өзің күнсің балаңа

Теңдесі жоқ данасың

Арқа тұтар панасың,

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым.

12-оқушы: Өзіңсің сүйікті ана құдіретім

Жанымды жадыратып күлдіретін

Сендегі маған деген махаббатты

Нұр толы қос жанарың білдіретін.

Би: Вальс.

Ән: Ана туралы.

Хор: "Мамочка"

Айзада: Сәл еңкейген нұр жүзіңнен әл тайып,

Қуат кешіп бара жатыр қартайып

Отбасында бала-шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр

Алғыс естіп қолбаңдайды баладай

Ниеті ақ,пейілі кең даладай

Мәпелеңдер қарт білгенді аялай, - дей келе ендігі кезегімізді әжелерімізге арнайық.

13-оқушы: Менің әжем бұл әжем,

Шуағы мол нұр әжем,

Ақ таяққа сүйеніп

Аман есен жүр әжем.

Ән: Асыл әжем.

Жанатбек: Қыздарды жігіттерден көп дейді,

Ойбай-ойбай бола берсін көп мейлі,

"Қыз"деген оләдемі ғой әдемі,

Әдемілік бізге көптік етпейді.

Айнұр: Анасыз өмір өмір ме?

Көтерілмейді көңілде

Тек мәңгілік жасасын.

Аналар бұл өмірде, - дей келіп, сезім мен қасиетті,бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейік. Бұл береке,шат-күлкі әкелсін!Көктемгі күндей жарқырап тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!

Айзада: Дендеріңізге саулық тілей отырып,е ртеңгі күннен үміт артып отырған балаларыңыздың "Аяулы анашым!" атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Хор: "Әрқашан күн сөнбесін".





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал