7


'Қыс қызығымен көрікті'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: № 9 орта мектепАшық сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздерІ.Жансүгіров «Жазғытұрым»Пәні: Ана тіліСыныбы: 1Бастауыш сынып мұғалімі: Айтқожақова АйғанымБекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі: Ә.ӨскімбайСабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздерІ.Жансүгіров «
предварительный просмотр материала

Бекітемін:_________директордың

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Тақырыбы: Қыс қызығымен көрікті
Мақсаты: Балаларды еңбекке баулу, қызығушылықтарын арттыру. Жыл мезгілдері туралы түсінік беру, әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру.

Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету

Мерзімі: 29.01.2015
Көрнекіліктер: суреттер, қыс мезгілі.

Пайдаланған әдебиет: «Мектептегі мерекелер» журналы
Жүру барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
Психологиялық сәт.
Бір топ бала сырғанап,
Барады әне, жарысып.
Қалды артында қыр алап,
Іздерінен қар ұшып.
Жұмбақ.
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Қыс)
Қыс
Қыс келді. Далада қар жауып тұр. Күн суық, аяз. Ағаштардың бұталарын қырау басқан. Біреуі коньки теуіп, ал, кейбіреулері жотадан төмен қарай шанамен сырғанап келеді. Балалардың бәрі көңілді, жүздерінен шаттық нұры ойнайды. Асқар мен Елдос жалғыз аяқ жолға түсіп шаңғыларымен мектепке келе жатты. Кенет долы боран басталды.. Екеуі мектепке қарай жүгіре жөнелді. Сол кезде жаңғырған дауыс естіледі. Балалар дауыс шыққан жаққа қарай жүгірді. Бұлар жаурап жылап отырған Мұрат екен. Ол коньки теуіп жүрген балардан қалып қойыпты. Асқар мен Елдос Мұратты үйіне әкеліп тастады.
Алдымда мұз айдын
Көрінер алыстан.
Асыққан балалар
Желменен жарысқан.
Аппақ қар айнала
Көңілді балалар.
Сырғанақ ойнаймыз
Зулайды шаналар.
- Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Сұрақ - жауап.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Балалар, алғаш сабаққа келген күндеріңді естеріңе түсіріңдер. Сонда сендер қалай киініп келдіңдер?
- Ал қазір қалай киініп жүрсіңдер?
- Қыс несімен қызық?
- Қыста біз не жасаймыз?
Дидактикалық ойын.
"Қар жинау"
- Сабақтың соңында балаларға қыс туралы өлең оқып беру.
"Сырғанақ" Б. Жақып.
Қыс.
Шыңнан сырғып түсті де,
Келді етекке қыс, міне.
Ақ қарлар ақ көбелек,
Қонды үйлердің үстіне.
Боран соғып бірде өкпек,
Үйге айдады кір деп тек.
Мұз көрпеге оранды,
Сулар тоңып дірдектеп.
Аулаға қар үйгізді
Бетті аязға сүйгізді.
Тоңбасын деп теректер,
Қырау ішік кигізді.
Р. Тышқанбаев
Қыс.
Басыпты енді арынын,
Боран түнде бұрқаған
Түсі де қыс қарының
Аумайды екен ұлпадан.
Қар жамылды бақтарым,
Қыратым да, сайым да.
Тағыпты қыс ақ қарын,
Үкі етіп қайыңға.
Бүркеніп ақ желікті,
Жарқырайды маңайым.
Ойға шомған теректің,
Ақ шалыпты самайын. Р. Сәбитүл



Атырау облысы

Сағыз селосы

№9 орта мектеп



Тақырыбы: «Қыс қызығымен көрікті»

Күні: 29.01.2015

Сыныбы: 1в

Бағыты: Экологиялық тәрбие

Түрі: Саяхат

Өткізген: А.Айтқожақова



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал