7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему: XXI ғасыр көшбасшысы

Открытый урок на тему: XXI ғасыр көшбасшысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

XXI- ғасыр көшбасшысы

Мақсаты: оқушылардың әр пәндер бойынша білім қабілеттерін тексеру,

Сыныптың көшбасшысын анықтау.

Корнектілігі: жұмбақтар,нақыл сөздер,кеспе сандар,есептер жазылған плакаттар.



Барысы.

Жоспар

1 кезең.

1)таныстыру

2)Бәйге (Ауызша сұрақтарға жауап алу)

3)Өлең- сөздің патшасы (мәнерлеп өлең оқу)

4)өз өнерін көрсету.



2 кезең.

1)Тіл - өнер сайысы (Құрамында сан есімі бар жұмбақ шешу,

шешуі қазақ жәнеорыс тілінде айтылады.)

2)Білімпаз (Тақтадан тапсырмаларды орындату, кім бірінші дұрыс көрсетсе сол ұпай санын алады)

3)Тамаша бестік (Оқушылар тақтадағы бірден төртке дейінгі сандардың біреуін таңдайды. Әр сандардың астында пән атаулары жазылып тұрады. 10 сұрақтан беріледі,)

4)мың бір мақал (Оқушыларға өз білетін мақалдарын айтқызу.)





1- жүргізуші.Уа, халайық, халайық,

Бәріне жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде,

Математика елінде

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыт тасып шалқысып,

Көңілдікеш жасайық.

Мұнда қызық табылар,

әр сабақтың бәрі бар.

Ал , сайыскер балалар

Білімдеріңді сынайық.





2- жүргізуші:21 ғасырдың көшбасшысын табайық.Құрметті ұстаздар, оқушылар,

Сіздер 3- сынып оқушылар арасындағы сайысымызға қош келдіңіздер.қазылар алқасын сайлау.



1- жүргізуші,біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген жүгі бар.

Бәріненде ең батысы - барлығының

Қатты істейтін миы бар! - демекші енді ортаға сайыскерлерімізді шақырайық және таныстырайық.

Ғалымның сырын ұғына

Шығындар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздей өренді

әр сабақтың сырына

Қадамдарын оң болсын,

Сәт - сапаренді тілейік!



2-жүргізуші. Ойынымыз 8 турдан тұрады.әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 5 ұпайдан беріледі.

2-турдан кейін ұпайы төмен оқушылар шығып отырады.4- турдан кейін тағы ұпайы аз оқушы шығып отырады.Ең соныңда бір оқушы , яғни көшбасшы қалу керек.



1-тур.(өздерің таныстырып өтеді.)



2-тур.бәйге

(Ауызша сұрақтарға жауап беріледі.)

1)1 метрде неше см бар

2)1 тоннада неше кг бар

3)Әріпті өрнек дегеніміз не (Белгісіз санды табу)

4)8 квадраты нешеге тең

5)Сәуле дегеніміз не (Бір нүктеден таралған түзу сызық)

6)Алманың жартысы неге ұқсас

7)Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз

8)1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма

9)Шаршы дегеніміз не?

10)Кез - келген санды 0-ге көбейтсек не шығады?

11) 9*7 өрнегі нешеге тең?



3-тур. «Өлең - сөздің патшасы»

Балалар жаттаған өлеңдерін оқиды.Қазылар алқасына сөз кезегі беріледі.





4-тур.Өз өнерін көрсету.

Әр оқушы өз өнерін корсетеді.ұпайы томен 3 оқушы ойыннан шығады.





5- тур.Тіл - өнер сайысы.

(Құрамында сан есімі бар жұмбақ шешуі, шешуі қазақ және орыс тілдерінде айтылады.)

1)Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар.

(Киіз үй - юрта)



2)қос құлақты, жүз тісті,

Жүзінен бір-ақ із түсті.

(Ара - пила)



3)1 санға өсірді.

Өзі қалып орнында,

Бізді алға көшірді.

(сынып - класс)



4)Сақталады 6 ай жаз,

Сандығамда сары аяз.

(Тоңазытқыш- холодильник)



5)Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

(Қоян- заяц)





6)Екі аяқ пен кезек-кезек тебеді,

Ол тынымсыз домалап

Зыр жүгіре береді.

(Доп- мяч



7)Ағайынды бес туыс,

Жамылатын тоны бар.

Бесеуінде бес қуыс,

Сырттан кірер жолы бар.

(Қолғап- перчатки)



8)Кіп кішкентай екі көз,

Қалай көреді өзі?

Қолы ұзын мұрны,

Сол мұрнымен

Тамақ тауып жүреді өзі.

(Піл - слон)



9)Бір қораға қамалғандар,

Жану үшін жаралғандар.

(Сіріңке- спичка)



10)Болсада көкте мекені

Кездеспейді екеуі.

(ай,күн-луна,күн)



6- тур.білімпаз

(Тақтадағы тапсырмаларды орындау)

1)Есепті шығар.

Берілгені:36 банка кофе 6 қорапқа тең бөліп салынды.48 банка кофені тең бөліп салу үщін осындай неше қорап қажет болады?

Шешуі: 36:6=6 48:6=8

Жауабы:8 қорап қажет болады.



2)Өрнектің мәнін тап.

10*2=20 5*7=35

25*5=125 35:5=7

40:10=4 42:2=21

48:8=6 56*2=112





3)Теңдеуді шешу х:70=9

Х:70=9

Х=70*9

Х630

630:70=9



7-тур.Тамаша бестік.

Оқушылар тақтаға бірден беске дейінгі сандардың біреуін таңдайды, сол саннаң астында әр пәндер жазылып тұрады, сол пән бойынша 10 сұраққа 30 секунд ішінде жауап беруі тиіс.



Математика бойынша

1)Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

2)Шаршы дегеніміз не?

3)Кесінді дегеніміз не?

4)Ең үлкен 4 таңбалы санды ата?

5)Кез-келген санды 0-ге көбейткенде не шығады?

6)Сәуле дегеніміз не?

7)10 санын он есе арттырып,оған 99-ды қос.

8)Натурал сандарды ата?

9)Белгісіз санды немен белгілейміз?

10)Көбейту амалына өрнек құрастыр.





Қазақ тілі бойынша.

1)Сөз таптарын ата.

2)Бастауыш дегеніміз не?

3)Зат есім дегеніміз не?

4)Түбір сөз дегеніміз не?

5)Сан есімнің түрлерін ата.

6)Сын есім дегеніміз не?

7)Қаратпа сөзге мысал келтір.

8)Зат есімнің тәуелденуін ата

9)Етістік дегеніміз не?

10)Зат есімге, сан есімге, сын есімге қатысты мысал келтір.





Дүниетану пәні бойынша

1)Мемлекеттік тіл қай тіл?

2)Денің сау болсын десең не істеу керек?

3)Ауыл еңбегіне нелер жатады?

4)Кәсіптік мерекелерді ата.

5)Біздің Отанымыз қай ел?

6)Ел рәміздерін ата.

7)Табиғаттың перзенті кім?

8)Асқорту мүшелерін ата.

9)Табиғатты қалай қорғауымыз керек?

10)Табиғат құбылыстарын ата.





8-тур.Мың бір мақал



Оқушылар өздерінің білетін мақалдарын айтады.Мақал-мәтел сайысында да ұпай саны беріліп жүлдегерлер анықталады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал