7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары М.Зверов Суықторғай

Сабақ жоспары М.Зверов Суықторғай

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала







Сабақтың тақырыбы: М.Зверов .Суықторғай .

Сабақтың мақсаты: Әңгімені мәнерлеп, қатесіз дұрыс оқуға дағдыландыру,

әңгіменің мазмұнын түсіндіру.Әңгіменің идеясын ашып

талдауға үйрету.Мәтінмен жұмыс жүргізуге баулу. Мәтін-

ді оқи отыра табиғатты сүюге, аң-құсқа қамқорлық жасап

күтуге баулу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, эссе,ассосоция,топтастыру.

Көрнекіліктер: автордың суреті, құстар суреті, «Қыс» суреті

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасын сұрау.

а) сұраққа - жауап

ә) проблемалық сұрақ

Қасымның орнында сен болсаң не істер едің?

3. Ой шақыру

-Әңгімеміз сонымен не туралы болды?

1. Қыс дегенде ойларыңа не түседі? (асссоция құру)





Сабақ жоспары М.Зверов Суықторғай

2. Қыс мезгіліндегі киетін киімдерің? (балалардың пікірлерін тыңдау)









4. Сөзжұмбақ шешу

А) Ұзатылған қыз киетін үшкіл бас киім. (сәукеле)

Ә) Қыста терезені не басып қалады? (қырау)

Б) «Ақ боран» әңгімесіндегі басты кейіпкер кім? (Қасым)

В) Талдың басында, желі бар қасында

Там тұр саялы, достарға аялы (құстың ұясы)

Г) Егістік жердің тақта-тақта етіп , жал топырақпен бөліп қойған бөлшегі (атыз)

Д) Қасымның фамилиясы (Тілеукенов)

Ж) Қасым қайда жатып оқыды?(интернатта)

З) Қара түсті қарқылдақ ,Ұшып қалып жалпылдап.

Қоқыстарды шоқиды ,Жем іздейді там-тұмдап . (қарға)

Л) Түнде жортады,жарықтан қорқады . (жарғанат)

М) Аспанда не бар?(ай)



















5. Жаңа сабақ

-Сонымен қандай сөз шықты?

Ендеше, біз бүгін қазақстандық жазушысы М.Зверовтың «Суықторғай» әңгімесімен танысамыз.

(дәптерге күнді жазып тақырыпты жазу)

Максим Дмитреевич Зверов (1896-1996) Барнаул қаласында туған.Басты жазатын тақырыбы- табиғат құпияларының көріністері. Бүкіл саналы ғұмырын

Қазақстанда өткізген. Ол «Ақ марал», «Індер мен ұяларда», «Таулы шыңның қожасы», «Жаңа қоныста» сияқты көптеген әңгіме повестері арқылы қазақ

оқырмандарына кеңінен таныс.

-Бұрын қандай әңгімесімен танысып едік?

-2 сыныпта «Білгір қарға»

- Ал суықторғай деген не? Құс.

Табиғаттың бір бөлігі көркі, сәні, бақшаның әні болатын осы құстар

-Ал құстардың қандай түрлерін білесіңдер?

Сабақ жоспары М.Зверов Суықторғай

Айта берсек құстардың түрлері өте көп.Қазақстанда құстардың 480 түрі бар екен.

-Ал енді осы құстардың пайдасы бар ма? Болса қандай?

-Олар ағаштағы, жердегі зиянды құрттарды жейді. Құстар табиғатқа сән береді.Олардың сазды әуені табиғатты құлпыртып адамның көңіл-күйіне әсер

етеді.Құстардың жылы жаққа ұшып кететіні, қыстап қалып қоятыны болады.

Соның ішіндегі Суықторғай қыстап қалатын құстарға жатады. Біз осы қалып қоятын құстарға көмек жасауымыз керек. Ол үшін не істеу керек.?

(оқушылар пікірін тыңдау



Сергіту сәті.

«Ұшты-ұшты» ойыны.





6. Оқулықпен жұмыс

Ал , енді , қазір «Суықторғай » әңгімесін оқып талдаймыз. Бәріміз кітабымызды ашып, әңгімені үш бөлікке бөліп аламыз да , оқуға кірісеміз .

Оқушыларды үш топқа бөлеміз . 3 бөлікті 3 қатар оқиды . Әр бөлікке ат қоямыз . Содан кейін оқушылар жоспар құрады.



7. Мәтінмен жұмыс.

Тізбектей оқыту.Оқи отыра түсінбеген сөздерін белгілеу

Мәтіндегі сұраққа жауап алу.



8. Өздік жұмыс.

Оқушыларға «Құстар біздің досымыз» деген тақырыпта эссе жаздыру.

Ал қалғанымыз құстар жайында қандай жұмбақтар білетініміз жайында ортаға салайық.Қандай өлең білеміз.?











9 .Қорытынды

Сонымен балалар құстар біздің досымыз екен. Оларды күтіп баптауымыз керек екен.Жан-жануарларды, құстарды қорғау керек.

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

10. Үйге тапсырма

«Құстар біздің досымыз» деген тақырыпта әңгіме жазу.Жазған оқушыларға өлең құрастыру және құстардың суретін салу.

Әңгімені мазмұндау .



11. Бағалау





















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал