7


  • Учителю
  • Урок по казахскому на тему'Отбасы'

Урок по казахскому на тему'Отбасы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

3 сынып

Тақырыбы: Отбасы мүшелері

Сілтеме: қазақ тілі оқулығы , әдістемелік құрал

Сабақтын мақсаты: Балаларды өзінің отбасылары, олардың мейірімділігі мен жанашырлығы туралы әңгімелеуге талпындыру. Отбасы мүшелерінің іс - әрекеттерін баяндауға, байланыстырып сөйлеуге, әңгімелей білуге үйрету.

Міндеті: Отбасына және туған үйіне деген махаббат сезімін тудыру. Өздерін қоршаған ортадағы адамдармен, туыстарымен жақсы қарым - қатынаста болу әрекеттерін жетілдіру

Негізгі идея: Отбасы -әр адамның шағын отаны.

Отбасы шағын-мемлекет.



Күтілетін нәтиже:оқушылардың сөздік қорлары молаяды,өз отбасы туралы әңгіме құрай алады

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: диалогтік оқыту,сын тұрғысынан ойлау,АКТ пайдалану

Тапсырмалар:1 Психологиялық кезең

2. «Ой қозғау»

3.Топтастыру

4.Оқулықпен жұмыс

5.Бес жол өлең құру

6.Кері байланыс

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.Сыныпты түгендеу.Ауа-райы туралы әңгіме

ІІ. Қызығушылығын ояту «Сиқырлы сөздер»

- Балалар, сендер бір - бірлеріңмен доссыңдар, ендеше бәріміз «сиқырлы сөздер» ойынын ойнайық.
(Балалар бір - біріне жақсы тілектер айтады)

ІІІ. «Ой қозғау»
Теледидардан бейнеролик көрсетіледі. Бірнеше балалардың отбасы мүшелерінің жұмыс жасап жатқан сәттерінен үзінділер көрсету.
- Балалар, біз теледидардан кімдерді көрдік?
- Дұрыс айтасыңдар, бұл адамдарды бір сөзбен жалпы қалай атаймыз?

ІV. « Топтастыр» жұмбақ жасыру

Маған да, саған да,
Жақын туыс бес адам.
Ұш әріптен тұратын.
Онға оқы, солға оқы
Өзгермейді еш одан.
Бәрі-де өз жұртың
Айтады, қане кім атын? (ана, апа, аға, іні, ата)
Аймақ құру

V.Сергіту сәті

Кел,санайық екеуміз.

Бас бармағым -атам.

Балаң үйрек-апам.

Ортан терек -ағам.

Шылдыр шүмек -мен.

Кішкене бөбек- сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде бесеуміз



VІ. Оқулықпен жұмыс

Мәтінді тізбекетеп оқу.

- Отбасы мүшелерінің суретерін пайдаланып өз отбасыларыңды құраңдар.

- Өз отбасың туралы айтып бер.

- Өз үйіндегі отбасы мүшелерінің міндеттерін ата

- Отбасына өзің қанлай көмек көрсетесің?


VІІ.Рефлексия: балаларды қызықтыра түрлітүсті жұлдызшалардың қызыл түстісін анасын жақсы көрсе, көк түсті - әкесін, сары түстісін алатындар әжесін, жасыл түсті - атасын жақсы көргендер алсын деп ұсынылады.бәрің де өздеріңнің отбасындағы адамдарды жақсы көреді екенсіңдер.

Сабақты бағалау

Үй тапсырмасы:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал