- Учителю
- Поурочный план по познанию мира 4 класс
Поурочный план по познанию мира 4 класс
Класс:4 «Ә»
Пәні: Дүниетану
1.1.Сабақтың тақырыбы: Әлемнің жеті кереметі туралы жалпы мәлімет
1.2.Сілтеме:Дүниетану оқулығы 2011жыл. "Алматыкітап" баспасы
1.3.Сабақтың мақсаты:Адамзат мәдениетінің ғажайып ескерткіштерімен, яғни сәулет және мүсін өнерінің керемет тамаша үлгілерімен таныстыру. Әлемнің кереметтері халықтардың мұрасы екендігін ұғындыру.
Сөйлеу мәдениетін арттыру, елжандылыққа, рухани құндылықтарды бағалауға баулу.
1.4.Міндеттері:Тақырыпты толық ашу, оқушылардың өз ойларын жеткізе білуі. Өзіндік ізденістерін қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, жеке интеллектуалдық әлеуетті дамыту. "Мен" жеке құзыреттілікті қалыптастыру.
1.5.Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
1.6.Әдіс-тәсілдері:СТО, АҚТ, топтық жұмыс, диалогтік оқыту. оқыту үшін бағалау.
1.7.Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, орыс тілі
2.Сабақ барысы:
2.1.Алғашқы ұйымдастыру кезеңі (амандасу, түгендеу)
2.2. Психологиялық тренинг: Әрбір адам- туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ- үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір сөзім-шындық, бірлік, адалдық.
Әрбір ісім- тілек, тірлік, тазалық.
2.3.Топқа бөліну: түстер бойынша 4 топқа бөлінеді(қызыл, жасыл, көк, сары)
2.4.Бағалау парақтарын беру
2.5.Ойлау деңгейі:Білу
Мақсаты: Оқушының бұған дейінгі білетін білімін анықтау.
Күтілетін нәтиже:Суреттерге қарап түсініктеме бере алады. Хромтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Эфель мұнарасы, Бостандық статуясын көрсету арқылы қызығушылығын арттырады.
Түрткі ойлау (сұрақ)
-Балалар, өткен сабақта қандай тақырыппен танысып едік?
-Адам ойлай білу қабілеті арқылы қандай жетістіктерге жетті?
- Ғимараттар мен техниканың пайда болуында адам үшін
табиғаттың берері болды ма?
1.Бұл суреттер нені білдіреді?
2.Қайсысын сәулет өнеріне жатқызасың?
Бағалау
Формативті: Жақсы Өте жақсы Жарайсың Тамаша! Керемет!
Критериялар: Суреттер нені білдіретінін айтуы.
• Айта алмайды -0
• Жартылай-1
• Толық-2
дескриптор: ұпай
• Қайсысын сәулет өнеріне жатқызатынын айтады.
Айта алмайды-0
• Жартылай-1
• Толық-2
2.6.Түсіну. Мақсаты: Өз беттерінше мәтінді оқуға үйренеді. Топқа бөлініп, шағын мәтіндерді оқып түсінеді.
Жеті кереметті атайды:
1. Хеопс пирамидалары.
2. "Аспалы бақ"
3. Гелиостың алып мүсіні
4. Галикарнас кесенесі
5. Зевстің мүсіні
6. Артемида хибадханасы
Фаростық мұнара шамы
Түрткі ойлау (сұрақ) Мәтіннен нені түсіндің?
Жаңа сөздерді анықта:Сфинкс,перғауындар,Мазарлар, үшкір таулар, Хеопс,Хефрен, Вавилон патшасы. Навуходоносор.
мидиялық ханшайым, терасса. аңызақ, аптап, құл Карии патшасы Мавсолдың зираты Эфест, металл айналар.
Бағалау: Жаңа сөздерді толық анықтады-2
Жаңа сөздерді жартылай анықтады-1
Жаңа сөздерді анықтай алмады-0
2.7.Қолдану Мақсаты: Байқағыштығын анықтау. Бұған дейінгі білімін қолдана алу деңгейі.
Күтілетін нәтиже: Мәтін бойынша постер қорғайды. Суреттер салады, суреттерді қиып жапсырады. Жүйелеп айтады.
Түрткі ойлау (сұрақ):Бұл мәтіннен не білдің? Сені не таң қалдырды? Саған әлемнің қай кереметі ұнады? Неге?
Бағалау: Формативті: Жақсы Өте жақсы Жарайсың Тамаша! Керемет!
2.8.Талдау Мақсаты: Өзі білетін құбылыстарын ашуға итермелеу.
Күтілетін нәтиже: Осы жеті кереметті өз еліміздегі ғимараттармен салыстырту. Мысалы Фаростық мұнара шамы -Астанадағы Бәйтерекке ұқсайды.
( биіктігі жағынан)Хеопс пирамидалары - Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайына ұқсайды.
Түрткі ойлау (сұрақ): Биіктігі жағынан, пішіні жағынан ұқсай ма?
Бағалау.
2.9.Жинақтау
Мақсаты:Қайсысы ойлауға әкеледі.
Күтілетін нәтиже: Ойша Хромтау қаласындағы сәулетті орындар мен ескерткіштерді аралау.
Түрткі ойлау (сұрақ): Саған қаламыздың қай жерлері ұнайды?Әлемнің тағы қандай кереметтерін білесің?
Бағалау: Бас бармақты көрсету арқылы бағалау
2.10. Бағалау. Мақсаты: 1.Сабақтың маңыздылығын, құндылығын дәлелдеу. 2.Дүниетанымын кеңейтуге әсер ету.
Күтілетін нәтиже: Құрастыруға әртүрлі материалдар беру арқылы өз қолдарымен түрлі құрылғылар ойластыру, шеберлік таныту.
(конструк, шырпы корап, әріптік текшелер)
Түрткі ойлау (сұрақ): Әлем кереметтерін жасауға қандай шеберлік керек деп ойлайсың? Сен шебер болсаң не істер едің?
Бағалау: "Бағдаршам сигналдары" өзін-өзі критериалды бағалау.
Рефлексия
Аннотация
Дүниетану пәнінен 4 класта өткізілген сабағымды ұсынып отырмын. Бұл сабақты Блум таксономиясының алты ойлау деңгейі бойынша жоспарлап өткіздім. Сабақта оқушылар топқа бөліну арқылы берілген тапсырмаларды орындады. Сабақ мақсатына жетті, оқушылар бір-бірін, өзін-өзі, топтық бағалауды берілген дескрипторлар бойынша орындауға дағдыланды.