7


  • Учителю
  • Урок по казакскому языку на тему 'Сан есім' (3сынып)

Урок по казакскому языку на тему 'Сан есім' (3сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ тақырыбы:Сан есім

Сабақтың мақсаты:

1.Сан есім туралы оқушыларға толық мағлұмат беру. Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.Шығармашылық әрекет арқылы сөйлеу мен жазу дағдыларын қалыптастыру.

2.Оқушылардың ой-өрісін,қиялын,зерттеу дағдыларын дамыту.

3.Жалқаулықтан жиркенуге,отбасына деген сүйіспеншілікке,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру.

Балалар, сәлеметсіздер ме,

Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.

Сабаққа дайындықтарыңыз қандай?

1.«Психологиялық дайындық» кезеңі

Біз де үлес қосамыз,

Болашақ елдің қамы үшін.

Өз тіліңде адамдарды таң қылып

Сөйлей білу ақылдыға заңдылық

Бүгін, біз сендерменен қазақ тілінің әлеміне саяхатқа шығамыз. Ақпарат құралдарының мәліметтеріне сүйенсек әлем халықтары 95 түрлі тілде сөйлеседі, соның бірі біздіңқазақ тіліміз.Мектепте әрбір сабақта ана тіліміздің қадір-қасиетін үйренудеміз.Сол үйренген білім мен білік дағдыларымызды бүгінгі сабақта көрсетуге тырысайық яғни сабағымыз бірнеше кезеңдерден тұрады. Сөйлеу мен жазу дағдыларымызды қалыптастыратын пән қазақ тілі болса,ол тілден алған білімдерімізді жетілдіріп отыратын сабағымыз ол «Қызықты грамматика» пәні.

Сабағымызды бастамас бұрын,сабақ кезеңдерімен танысайық.

Олай болса, балалар

2.«Ой сергіту » кезеңі

Сұрақ-жауап.

1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар.

2.Зат есім дегеніміз не?

3.Сын есім дегеніміз не?

4.Сан есім дегеніміз не?

Ойымыз сергітіп алып тапсырмаларымызды одан әріорындауға жұмыстанайық.

2- кезеңіміз

« Сырлы тіл әлеміне» саяхатқа шығып білімдерімізді шыңдаймыз, ол үшін тақтаға назар аударамыз. Суретте 8 түрлі нәрсенің суреті берілген.Оларды есіңе сақтай отырып аттарын жаз. Орындап болған оқушыға тапсырма.

Осы сөздерді сан есіммен байланыстырып айт.Ол үшін сан есім дегеніміз не есімізге түсірейік.ереже.( үш ту, бес балық, төрт карандаш, бес көбелек)

Міне, балалар сендер іс жүзінде өздерің сан есімге мысал келтіріп сан есімді өздерің таптыңдар. Тақтадан ережені көрсету.

ІІ.«Жаңа сабақ»

Бүгінгі сабақта біз сендермен ауыз әдебиетінің түрлеріне де тоқталамыз.( мақал дегеніміз не , мәтел дегеніміз не) Мұқият жұмыс дәптерлерімізге назар аударайық.

Мақал-мәтелдерді қалай меңгердік. мақал»

1. «Тіл қазынасы-мақал»

1.Ата балаға сыншы.

2.Жұт жеті ағайынды.

3. Жеті рет өлше,бір рет кес.

3.Жүз теңгең болғанша,жүз досың болсын.

Әр мақалды оқып сол мақалды өзің қалай түсінетіндіктеріңді қара сөзбен айтуларың керек.Балалар сендер тапсырманы орындау үшін, мақалды оқыңдар.Берілген мақалдың ішінде мағынасы түсініксіз сөз болса, ол сөзді бірге талдайық.

ЖҰТ - ауа райының аса қолайсыз құбылыстары (қуаңшылық, жерді көк мұз басуы, тағы да басқа) салдарынан белгілі бір аймақ тұрғындарының күйзеліске ұшырауы. Қазақ халқы жұтты "жеті ағайынды" дейді.

Олар: Жұтты, құрғақшылық, өрт,індет, сел(көшкін, топансу, зілзала, боран бұрқасын

дауыл. Келесі кезең тапсырмасын орындау үшін тақтаға назар аударамыз. (Отбасының суреті)

2.«Сырлы әлем-логика»

Тапсырманы тізбектеп оқыту. (тапсырманы талдау)

Үстел басына келіп отырғандар немересі, әкесі, атасы.

Жауабын дәптерге жазу.

Отбасындағы қарым-қатынас туралы пікірталас жүргізу.

3.«Ол не?Бұл кім?»

Бұл кім? М. Әлімбаевтың суреті

- Ол туралы не білеміз?

- Не айта аламыз?

-Өлең не туралы?

(Өлеңді тізбектеп оқыту.Өлеңдегі сан есімдерді табу.Күрделі сан есімдердің жазылуын түсіндіру)

Бұл өлеңді мысал өлең деп айтсақ та болады. Өлеңдегі түсініксіз сөздерге тоқталу. Жалпы бұл өлең жалқау баланың күн тәртібі сияқты.Жалқаулықтан аулақ болайық, сол себепті орнымыздан тұрып сергіп алайық.

4.Сергіту

Ән «Жалқаубек»

5. «Арқан тартыс»ойыны.

-Арқан тартыс ойыны туралы не білеміз?

-Ойын шарты қалай?

(Балалардың жауаптарын тыңдау)

Келесі тапсырманы орындау үшін біз бар ойымызды жиып, назарымызды тақтаға аударайық.Тақтада арқан тұр.Арқанның ортасы ақ түспен бөлінген.Қай бала мақал,жаңылтпаш,мақал айтса арқанды тартып тұрады.Ол үшін сіздер екі топқа бөлінулеріңіз керек.Мақал,жаңылтпаш,жұмбақтар сын есімге байланысты болсын.

(5 баладан екі топ)

Өте жақсы.

6. «Есіңе сақта!»

Сөздерді оқыту, бұл сөздер математикалық терминдер,орыс тілінен енген сөздер. Бұл математикалық өлшем бірлігі. Қазақ халқының өз өлшемдері бар оны білесіздер.

(Термин сөздердің жазылуына назар аударту,есте сақтау үшін бірнеше рет оқыту)

Балалар,тағы айтылуы басқа,жазылуы басқа сөздер бар.Мысал келтіру.

Мысалы:басшы-башшы,он бес-ом бес т.б

Балалар мектебімізде 3- сыныптар арасында қандай апталық өтуде.Экспо -бүкіләлемдік көрмесі жөнінде қандай тарихи деректер апталық көлемінде естеріңде қалды.

5-6 оқушыны тыңдау.

Осы сандарға қатысты елімізде өткелі жатқан шара туралы қысқаша мағлұмат айтып кетейін:

Мысалы: Мемлекет тарапынан шараны өткізу үшін 283 млн евро бөлінген, 2 млн қатысушы келеді деп жоспарлануда қазірдің өзінде 100 мемлекет қатысуға ниет білдірген деген деректер ақпарат құралдарында жарияланған.

Миллион,милиметр,қырық,миллиард,метр.

Дәптермен жұмыс.(мил-ли-он, мил-ли метр,қырық,мил-ли -ард,метр)

7.«Дыбыс пен әріп сиқыры»

- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы туралы не айта аламыз. ?

Автор туралы мағлұмат.

Диляра есімі не деген мағынаны береді?

Ақпарат негіздеріне сүйенсек Диляра ол Кырым ханынын ұлы Гирейдің ғашық болған қызының есімі.Өмірде Диляра есімді қыздар өнерге жақын, жолы болғыш, суйкімді ,ілтипатты қыздар болады екен.

Өлеңді 3 оқушыға оқыту.

2 оқушыға оқыту, барлығына хормен окыту.

-Балалар, өлеңді оқығанда айтылым және жазылым ерекшеліктері байқалған сөз болды ма

-Я әрпінің жазылу ерекшелігіне тоқталы.

-Неше дыбыс естіледі?

Өлең бойынша сұрақтарға жауап беру

« Зейінділікке тапсырма »

Бүгінгі сабақта сендер тіл сабақтарында алған білімдеріңізді көрсете білдіңдер. Өздерінің сауатты сөйлеу, сауатты жазу дағдыларыңңың арқасында берілген тапсырмаларды орындап, білім шыңына шыға білдіңдер деп ойлаймын. Бағалау.

Уйге тапсырма .Сан есімге құрылған ауыз әдебиетінің үлгілерін жинау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал