- Учителю
- Тәрбие сағаты 'Жеңіс күнін тойлаймыз'
Тәрбие сағаты 'Жеңіс күнін тойлаймыз'
БҚО Ақжайық ауданының білім бөлімінің
«Балдәурен» МДҰ МКҚК тәрбиешісі
Кушаева Асел Максутовна
Жеңіс күнін тойлаймыз
Мақсаты: Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру тәрбие сағатының мақсаты.
- Құрметті тәрбиешілер мен балалар, бүгінгі « Жеңіс күнін тойлаймыз» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариалаймыз.
Тәрбиеші:
Соқ, жас ұлан, соқ қуатпен,
Соқ, солқылдат барабанды.
Жылда есіңе ал шабытпен,
Жеңіс үшін аққан қанды.
Ту ұстап, баян тартып, барабан соққан балалар кіреді.
Барлығы:
Ұмытпа сен, елімізге,
Бақыт тегін келмеген.
Ұмытпа сен, елімізге,
Бақыт тегін келмеген.
- Ия, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үмітімен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды.
Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем.
Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып жүрген ата - апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апа қайғыны.
-
1941 жылы 22-маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын- қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
-
Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
Көп қой батыр ағалар,
Халық сүйіп бағалар.
Көп қой батыр ағалар.
Жаттап алғын балалар.
Болашақты бізге мирас етем деп,
Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар.
-
Фашизмнің ордасы Рейхстагқа қазақ жігіті, лейтенант Рахымжан Қошқарбаев Қызыл ту тікті!
(слауд-шоу көрсету «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында» )
«70 жыл» - Бейбіт көктем таң атқаны,
«70 жыл» - Шуақты күн таратты әнін
Есімде содан бері жетпіс рет,
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
(слайд-шоу «9 мая День Победы»)
Қамықпаған қиындықтың түбіне
Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ - бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз Ұлы жеңіс күнімен!
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен - аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Ән: «Ел қорғауға әзірміз»
Соңы