7


Күн және түн

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Күн және түн. Олардың адам, өсімдік және жануарлар үшін маңызы.Сынып:1Сабақ мақсаттары:1. Күн мен түннің айырмашылығын білу;2. Топпен жұмыс арқылы сөйлеу дағдысын дамыту;3. Бірлесіп жұмыс жасауға баулу; Міндеттері:Сабақтың түрі: жаңа тақырыпПәнаралық бай
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Күн және түн. Олардың адам, өсімдік және жануарлар үшін маңызы.

Сынып:1

Сабақ мақсаттары:

1. Күн мен түннің айырмашылығын білу;

2. Топпен жұмыс арқылы сөйлеу дағдысын дамыту;

3. Бірлесіп жұмыс жасауға баулу;


Міндеттері:

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Пәнаралық байланыс: өзін өзі тану, әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері

Құралдар: маркерлер, қарындаш, өшіргіш, АКТ, альбом.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, жаңа сабақ, сұрақ -жауап, СТО стратегиясы: интербелсенді тақтадан дидактикалық ойын, шығармашылық тапсырма, жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушылардың ұжымдық ойлау әрекеттерін ұйымдастыру.


Күтілетін нәтиже:

А- күн мен түннің айырмашылығын біледі. Сөздік қоры мол. Ойын толық жеткізе алады. Қосымша мәлімет беруі мүмкін.

В - түсінігі бар, толық жеткізе алмайды, бірақ топ мүшелеріне жүгінеді

С - күн мен түннің айырмашылығын біледі, бірақ мысалдар келтіре алмайды.



Сабақ кезеңдері

Уақыт

Кірікті

рілген модуль

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті



Ұйымдас

тыру кезеңі






Ой қозғау



3мин








3 мин

Жас ерекшеліктеріне сай оқыту

Сабақта психологиялық көңіл күй орнату. Оқушылар шаттық шеңберін құрады.

-Күнге қолдарыңды созыңыздар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұнды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылумен махаббатқа толтырады.

Міне,жүрегіміздегі осындай жылулықпен сабағымызды бастаймыз.

Сурет қималары арқылы 3топқа бөлемін: өсімдіктер, жануарлар, адам.

Жұмбақтар шешу арқылы жаңа тақырыпқа шығу.

Жаралған бұл дүниеде екі қақпақ,

Мезгілімен ашылып және жаппақ.

Болғанда бірі қара, екіншісі-

Күмістей жарқыраған сүттен де аппақ(күн мен түн).

Тақырыпқа шығу.

Бүгінгі сабақта не туралы үйренеміз деп ойлайсыңдар?


Оқушылар мұғалімнің айтқан іс- қимылдарын қайталап орындайды







Оқушылар топқа бөлінеді






Оқушылар жұмбақтың шешуін табады, сабақтың тақырыбын айтады.


Мағынасын ашу


6 мин



СТО

Тұжырымдамалық кесте

«Білу»

Топтарға әр түрлі сурет арқылы әңгіме құрастыруға беремін. Суреттен түсінгенін оқушылар өз сөзімен білдіреді.

Әр топ күннің тірі табиғатқа, өсімдікке маңызын еске түсіреді.


Жеке, топ ішінде талдайды.

Әр топ сурет бойынша ойларын ортаға ұсынады.

Оқушылар өзін - өзі «бағдаршам»әдісі бойынша
(жасыл, сары, қызыл түсті дөңгелектер арқылы) бағалайды. Оқушылар қаншалықты түсінгендерін көрсетіп, тиісті түсті дөңгелектерін көтереді.





6 мин


«Түсіну» Күннің өсімдіктің түсіне, жаңбырға әсері бар ма?өз сөзіңмен білдір.

Топтардың пікірін тыңдайық.


Әр топ пікірлерін өз сөзімен білдіреді.









5 мин



АҚТ



«Қолдану» Флипчарт№1 «Топтастыру»

Суреттерді күн мен түнге байланысты таңдап, топтастыр..

Әр топ оқушылары күн мен түнге қатысты суреттерді топтастырады.



7 мин


«Талдау»

«Күн мен түн» ойынын ойнату. Екі оқушы күн мен түннің киімін киіп ортаға шығады. Кейіпкерлер ойынның ережесімен таныстырады. Күн мен түнге қатысты сөйлемдер айтып, дәлелдеңіздер. Күн мен түн бір бірімен байланысты ма, қимыл арқылы көрсетіңіздер.



.

Әр топ мүшелері кезекпен кезек күн мен түнге қатысты бір сөйлемнен айтып кейіпкерлердің артынан тұрады.

Оқушылар бірігіп шеңберге тұрады,іс әрекет жасайды.












7 мин









«Жинақтау» «Жануарлар түнді қалай өткізеді?» деген сұраққа әр топ өз жобасын ұсыныңыздар.

.








Оқушылар жануарлардың түнгі іс- әрекеттерін көрсетеді


5 мин


«Бағалау» Күн мен түн болмаса адамдардың өмірі қандай болатын еді?

Ойларыңды дәлелдеп беріңіздер. Мысалдар келтіру.

Әр оқушылар өз ойларын дәлелдеп айтып береді.

Рефлексия




3 мин


-Бүгін сабақта не білдім?

-Не қиын болды?Сабақта не ұнады?



Кері байланыс: Ағашқа оқушылар үш түрлі жапырақтар жапсырады. «Жасыл»- түсіндім, « сары»- түсіндім,бірақ сұрақтарым бар, «қызыл»- түсінбедім.


Оқушылар ойларын ортаға салып айтады.



Оқушылар ағашқа түрлі түсті жапырақтар іледі.










 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал