7


Тәрбие сағаты 3- сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағатының тақырыбы: Дені саудың- жаны сау.

Мақсаты: 1) Оқушыларға адам денсаулығының

қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.

2) Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін жерін қорғауға қажетті күш-қуатын молайту.

3) Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін
маңыздылығын түсіндіру. Тазалық, жеке бас
гигиенасын, мәдени дағдыларын
қалыптастыру.

ІІІ. Тәрбие сағатының көрнекілігі: нақыл сөздер, тірек таблицалар,

ойын түрлері.

IV. Тәрбие сағатының барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі

2) Үй тапсырмасы

Адам денсаулығы, оны сақтау және жеке бас гигиенасын сақтау туралы іс-әрекеттерімізді, ойымызды ортаға салуға даярланып келу және ұсыныс пікір айту.

3) Блиц-турнир сұрағы. (Ой ашу)

а) Тіс тазартатын құралдар (Тіс щеткасы мен паста)

ә) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (Сабын)

б) Денені шынықтыратын денсаулыққа әсері мол сабақ. (Дене тәрбиесі)

в) Адам өміріне ең қажетті заттар. (Ауа, су, жылу, жарық, тамақ)

г) Жалқаудың досы. (Еріншектік немесе ұйқы)

4) Балалар жеке бас гигиенасын сақтау дегенімізді қалай түсінесіңдер?

Әр топ өз пікірлерін ортаға салады.

I топ. Жеке бас гигиенасын сақтау деп таза жүру, таңертең тұрып әр-түрлі жаттығулар жасау, жүгіру, жуыну қажет. Тырнақты өсірмей уақтылы алып жүру. Күн тәртібін сақтау.

ІІ топ. Мектепте де, үйде де, тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуып, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау.

ІІІ топ. Жеміс-жидектерді жуып жеу. Тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу. Спортпен айналысып, таза жүру.

ІV топ. Әрбір адам өз денесін шынықтырса, жуынып, таза жүрсе оны аурудан сақтайды. Адам еңбекке қабілетті болып өсіп, дене құрылысы сымбатты болады. Мысалы: тісті таңертең және кешке жуып, таза ұстаса, тісің бұзылмай жақсы сақталады. Үнемі таза жүрсең денеңе жаман жаралар шықпайды т.с.с.

5) Тірек схемамен жұмыс.

Ал балалар - «Денсаулық - зор байлық» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер? Байлық туралы ой қозғау.



Денсаулық


Мына сызба бойынша біздің ең үлкен байлығымыз денсаулық екенін байқап отырсыңдар.

Денің сау болса, білім аласың, еңбек етесің. Еңбектенген адамға мал да, машина да, саябақ та, ақша да бітеді.

Олай болса, деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?



6) Топтық жұмыс. Әр топ өздерінің күн тәртіптері туралы әңгімелер өтеді.

I топ. Табиғи күштің қандай қажеттілігі туралы сыр шертесіңдер?

II топ. Дене шынықтырудың маңызы қандай? Өзің сүйіп орындайтын
спорттық ойындар мен жаттығу түрлері?

Дене шынықтыру туралы өз ойың?

Спорттың түрлері.

ІІІ топ. Тамақ. Дұрыс тамақтану жолдары қандай?

1) Күн тәртібін сақтау... Тамаққа әр түрлі витаминдерді пайдалану.

Тағамның пайдалы, зиянды жақтарын көрсету. Сүт пен сыра, алма мен конфет, шипалы су мен тәтті су. Осылар туралы әңгімеле.

IV топ. - Жеке бас тазалығы деген не? Өз ойың.

- «Тазалық - саулық негізі. Саулық - байлық негізі» деген мақалдың

мағынасын түсіндіру.

- Таза жүретін баланы қалай атайды?

- Оның достары?...

  1. Сергіту сәті. Үнтаспадағы әуенге жаттығу жасау.

  2. «Тіс күтімі» (Тіс дәрігері Жеңіскүл Жүсіповамен кездесу)

9) «Қол күтімі» (рейдтің қорытындысы)


Денсаулықтың достары мен қастары.






Ой тұжырымы:

- Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?

- Нені ойға тоқып, жадымызға сақтауға тиіспіз?

- Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?

(оқушылар жауаптары тыңдалады және сарапшылар қай топтың көбірек жауап бергенін ескеріп, қорытындылайды.)

Қорытынды:

Шығыста «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай, дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер. Ел басы «2001-2005 жылдар аралығында дене тәрбиесі, спорт түрлерін дамыту» туралы Заңға қол қойды. Бұл үкіметіміздің ұрпақ денсаулығын нығайтуға қатты көңіл бөліп отырғандығының айғағы.





Қазақ бастауыш мектебі














«Дені саудың- жаны сау»












Дайындаған: Адильбекова Г.Ж















2014 жыл



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал