7


  • Учителю
  • Тақырыбы: 'Тұлға қалыптастыруда ұлттық құндылықтар негізінде білім мен тәрбие беру'

Тақырыбы: 'Тұлға қалыптастыруда ұлттық құндылықтар негізінде білім мен тәрбие беру'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тұлға қалыптастыруда ұлттық құндылықтар негізінде білім мен тәрбие беру

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.

Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды.

Ұлттық тәрбие деп, жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.

Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар - белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.

Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады.

Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру - ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.

Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын.Үзу қолымнан келмейді» - дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін: бірі -өзім, екіншісі-халқым» - дейді.

Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа?

Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады. Соның ішінде сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту - саналы процесс екенін айтқым келеді. Интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін, оны оқытып қана қою жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан - жақты дамытуға қолайлы, оқытудың шығармашылық түрін жасау қажет, яғни шығармашылық оқу әрекетін туғызу қажет. Бұл баланы, берілген оқу материалын жаттап алу ғана емес, керісінше өз бетімен білім алу үшін ізденуге үйретеді.

Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:

- белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;

- индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;

- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;

- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.

«Адам мен адамның бір-бірімен араласу, өзара қарым-қатынасында ғана адамның адамдығы өзі үшін де, өзгелер үшін де ашылады»,-дейді философ М.М.Бахтин. Оның пікірінше, диалог тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес, оның адамдық болмысын да көрсетеді. Тұлғаның белсенділігі, өзін-өзі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайда емес, өзге адамдармен диалогтық қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады. Бірлескен қарым-қатынас негізінде оқушы-оқушы, мұғалім-мұғалім, оқушы-мұғалім арасында өзара құрметтеу, мойындау, түсіне білу және сыйластық әрекеттері пайда болып, толеранттық пен мейірімділік көзқарастары қалыптасады.

Сонымен бірге сыни ойлау арқылы тұлға бойында рефлексиялық сапаларды қалыптастыру. Рефлексиялық сапа дегеніміз білім мен тәрбиені өзіндік сана арқылы қабылдап, тұлғаның рухани дамуы, ғылыми ақпараттарды игеруі болып табылады.

Оқушы бойында рефлексиялық сапалардың қалыптасуы білім беруді ізгілендірудің нәтижесі болып табылады. Оқушының өзін тану үшін және өмірлік проблемаларын шешудің бірден-бір тәсілі - рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы. Ол үшін төмендегі басты ерекшеліктерді дағдыға айналдыруың маңызы зор:

- өз тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру;

- өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;

- өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже шығару;

- өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу.

Рефлексиялық әрекеттер барысында оқытудың жолдары талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызылады. Сөйтіп, бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады. Өз ерекшелігі мен деңгейін таниды.

Білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін қазақ білімпазы Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн. "Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек" -деген екен.

Олай болса, оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірі мектепішілік жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі - тәрбиеге, өскен ораға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз "Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы", "Тәрбие басы - тал бесік" деп ұлағатты ұстаздың еңбегін текке кетпейтіндей өсиет еткен.

Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде алдымен төмендегідей мақсаттар қойдым.

- Өз халқы оның мәдениеті мен дәстүрлерін мақтаныш тұтатын Қазақстан азаматын тәрбиелеу.

- Жалпы адамзаттық негіздер мен құндылықтарды құрайтын саналы көзқарастары мен қағида ұстанымдарын тәрбиелеу.

- Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеудің үлгісіне сәйкес этнопедагогика,этнопсихоголия, этномәдениет негізінде тәрбие үрдісін ұйымдастыру.

- Оқушыларды табысты іс-әрекетте бағыттау, олардың шығармашылығы мен білім құмарлығын дамыту, қолдау.

Ақын Мағжан Жұмабаев «Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып емес, келешек заманына лайық қылып шығаруы қажет,» - деген ойлары арқылы тәрбиені келер күн талабымен ұштастырады. Қазақ халқының тәрбие дәстүрі қай халықтың тәрбиесінен кем түсіп көрген емес. Олай болса бүгінгі ұрпағымызды халқымыздың баға жетпес бай салт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеу, оларға ата-бабаларымыздың озық дәстүрлерін сіңіруіміз керек.

Өз тәжірибемде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ұлттық құндылықтарымызды өз сабақтарымда пайдаланамын. Сабақты түрлендіру арқылы мақал-мәтелдер, шешендік сөздерді қолданып бала бойында ұлтымызға ғана тән терең ойлау, шебер сөйлеу дағдыларын дамытып, тіл көркемдігін сақтауға өз үлесімді қосудамын. Халықтың тілі-халықтың жаны, тамыры, ойы, өрісі. Қазақтың ұлтшыл ақыны М.Шаханов:

«Қай тілмен ақса перзенттік түйсік өрісің,

Сол тілдің гүлі, сол тілдің қайраткерісің,

Бар кезде таным, таныту өрлейді.

Тек баба тіліңді дамыта бермейді,

Өзге тілдегі жеңісің»

Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеуде, халық ауыз әдебиетінің қарапайым үлгілерін біртіндеп күрделенуіне қарай таңдап алдым. Тұлғаның рухани дүниесіне әсер ете отырып, ең алдымен әдептілігіне аса назар аудардым. Өйткені әдептілік-халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан барысында «әдеп», «әдептілік» деген түсініктер төңірегінде ұйымдастырған мақал-мәтелдер сайысы, ұлттық ойындар игі нәтижесін көрсетті. Тұлға бойында қайырымдылыққа баулып, жанашырлық, аяушылық сезімдердін туғызып тәрбиелеуде ертегілер рөлі жоғары. Себебі ертегі халық ауыз әдебиетінің құрылымы жағынан алғанда қарапайым, ал рухани құндылығы жағынан баға жетпес аса қымбат, көркем туынды болып есептеледі. Ертегілерді оқыту көріністер даярлау арқылы тұлға бойында сөз байлығының баға жетпес інжу-маржанын жинап, қиялына қанат бітіріп, өсіп-жетілуіне қажет нәрсенің мол қорын алдым. Тіл білімінің атасы А.Байтұрсынов «Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын - сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді. Ал басқа өнердің бәрінің де, қызметін шама шарқынша сөз өнері атқара алады» деген.

Еліміздегі бүгінгі оқушылар нарықтық реформа және өзгеден қоғамдық қатынастар жағдайында өскен ұрпақ. Ұлттық құндылықтар бұл жастардың құндылық бағыттылығына қалай да болса бір әсерін тигізеді. Қазіргі ұстазға қойылған негізгі талап бала санасында қай кезде де сапалы білім алдыңғы қатарлы әлеуметтік құндылық болып есептелетінін сезіндіру. Сапалы білім алу мен ұлттық құндылықтарды сіңіру арқылы ғана өзгеріп жатқан өмір жағдайларына дағдыландыру. Қазақ халқының поэтикалық өнерінің бала бойында жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуына ықпалы мол. Балалардың әсемдікке, сұлулыққа деген көзқарасын қалыптастыруда Абай өлеңдерінің рөлі ерекше. «Қуатты ойдан бас құрап, еркеленіп шығар сөз» деп ұлы ақынның өзі айтқандай, ақынның өлеңдері туған жердің сұлу табиғатын, қазақ ауылының көріністерін, ақ көңіл ауыл адамдар бейнесі сан алуан сезімдерімен ұласып отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады.

Тұлғаның дамуы - өте күрделі, ұзақ және қарама-қайшылыққа толы процесс. Өйткені тұлғаның дамуы қарама-қайшылықтар күресінен туындайды. Осы тұрғыда И.Г.Песталоции «Адамның ақыл ойының қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқулықтың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты » -деп ерекше атап көрсеткен. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтары ұлттық құндылықтарды пайдалану арқылы оқушының ішкі жан дүниесін демократияландыру идеясын басшылыққа алады. Қазақ тілі барлық білімнің негізі, алғашқы басқышы болғандықтан, тұлға шығармашылыққа қажетті білімді, дағдыны осы пәндерден игереді.

Елбасы Н.Назарбаевың: «Мағжанның жүрек тебірентерлік мөп-мөлдір асыл лирикасы, Мұхтардың көркем прозасы, Шоқанның барша әлемді таңқалдырған жаңалықтары, ұлы Абайдың түпсіз терең философиялық толғаулары сияқты осынша мол рухани қазына әрбір адамның ішкі жан дүниесін байытып, сана-сезімін шарықтата көтеретініне күмән келтіре алмаймыз» деуінің өзі біздің жоғарыда айтылған пікірлерімізге толық дәлел бола алады.

Ендеше, бүгінгі таңда белең алған жастар арасындағы келеңсіз жайттардан арыламыз десек, ұлттық тәрбиеге баулитын салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздың маңызының тереңде екендігіне көз жеткіземіз. Жалпы баланы қадір-қасиетін жоймаған салт-дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен, жыраулық қисса-дастандар, шешендік және нақыл сөздермен, эпостық және батырлар жырымен, мақал-мәтелдер, ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеуге де болады.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал