- Учителю
- 'ӘДептілік - әдемілік' (1 класс)
'ӘДептілік - әдемілік' (1 класс)
Сабақтың тақырыбы:Әдептілік-әдемілік
Сабақтың мақсаты: «Әдептілік» ұғымының мәнін ашу
Міндеті:Әдептілік,сыпайылық туралы түсінік беру;
Сыйластық қарым-қатынасты дамыту;
Әдепті болуға тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: стикер,слайд,сызба,сөздер,қоржын
І.Психологиялық ахуал
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын алайық,
Жүрекке жылу салайық,
Жиналған жылы шуақты
Бір-бірімізге шашайық.
ІІ.Ойын «Мені таңда»
(сөз таңдап,мағынасын ашып,сызба құру)
Сәлемдесу Қамқор болу
ӘДЕПТІЛІК
Көмектесу Сыйлау
ІІІ.Мақалды жалғастыр.
-
Әдептілік белгісі..................
-
Әдепті бала-арлы бала,..............
-
Сыйға -сый,...............................
ІҮ. «Сәлем берем үлкенге» өлеңін оқу
-
Мәнерлеп оқу
-
Оқушыларға оқыту
-
«Сиқырлы қоржын» ойыны
(қоржыннан сұрақ алып жауап беру)
Өлеңде қандай сәлемдесу түрлері бар?
Атаға қалай амандасқан?
Әжейге қалай амандасқан?
Ү. Ой қозғау
Сурет бойынша жұмыс (жағдаяттын шешімін табу)
1-қатар: Қанат жүгіріп келе жатып,партада тұрған Қайраттың кітабын жерге түсірді.Ол үндемей жүгіре жөнелді. Қанат не істеу керек еді?
2-қатар: Айдос пен Жандос сыныпта қатар отырады.Жандостың қаламы үйде қалып қойған. Айдоста екі қалам бар еді.Жандос үндеместен Айдостың қаламын алып жаза бастады. Жандос не істеу керек еді?
3-қатар: Айнұр қаламын жерге түсіріп алды.Оны көріп тұрған Бекнұр жүгіріп келіп , қаламды көтеріп, Айнұрдың қолына ұстатты.Айнұр үндемей кетіп қалды. Айнұр не деу керек еді?
ҮІ. Сурет бойынша жағдаяттарды қорытындылап,балалардың қандай сыпайы сөздерді қолданғанын , осы сөздерді қай кезде қолданылатынын түсіндіру.
ҮІ. Дәптермен жұмыс. «Әдепті бала» айдарына сай суреттерді бояу, өз ойларын айту.
ҮІІІ.Қорытындылау.
Стикерге бүгінгі сабақта қолданылған әдептілікке байланысты сөздерді жазып ілу.