7


  • Учителю
  • План-конспект урока по адебиеттик окыту на тему 'Көктем' (3 сынып)

План-конспект урока по адебиеттик окыту на тему 'Көктем' (3 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: 3 сынып. Әдебиеттік оқу.Сабақтың тақырыбы: Көктем Сабақтың мақсаты: а/Білімділік жағы: Оқушыларға көктем өлеңі туралы түсіндіру.ә/ Тәрбиелік мәні: Оқушыларды өлеңді мәнерлеп, түсініп оқи білуге, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.б/дамытушылық мақсаты: Өлеңнен түсінгендер
предварительный просмотр материала

3 сынып. Әдебиеттік оқу.

Сабақтың тақырыбы: Көктем

Сабақтың мақсаты:

а/Білімділік жағы: Оқушыларға көктем өлеңі туралы түсіндіру.

ә/ Тәрбиелік мәні: Оқушыларды өлеңді мәнерлеп, түсініп оқи білуге, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

б/дамытушылық мақсаты: Өлеңнен түсінгендерін қара сөзбен әңгімелету арқылы оқушылардың сөздік қорларын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ -жауап, талдау-жинақтау, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: көктем бейнесі(сурет), тірек сызбалар.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

«Ой қозғау». Көршілеріне үй тапсырмасындағы «Көктем сәні» ертегісіндегі сөздерді қатыстыра отырып жақсы тілектер айтқызу.

Мысалы: Бүгінгі көңілің көктемнің мөлдір суындай таза болсын!

Ашық аспан тілеймін!... (оқушылардың өз ойлары).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ертегіні рөлге бөліп оқыту. Түсінгендерін айтқызу.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру. Сызбаны толтыру(барлық оқушы жазып шығады).Бір сөз бірнеше рет қайталанбауы тиіс.

Көктем сәні



  1. Гүл

  2. Алғашқы жауын

  3. Күннің күркіреуі

  4. Хош иіс

  5. ..........

  6. ..........

  7. ..........

  8. ..........

ІҮ. Жаңа білімді меңгертуге даярлау.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі екен?

-Көктем

-Ендеше бүгінгі сабағымыз да Көктем туралы, яғни көктем өлеңі.

Ү. Жаңа сабақ.

Күн ретін жазғызу. Өлеңді мәнерлеп оқып беру. Оқушылардың өздеріне тізбектей оқыту. Түсінгендерін қара сөзбен айтқызу.

Дәптермен жұмыс.

Үш қатарға жеке-жеке тапсырма беріп, тақтаға қатесіз жазғызып жарыстыру.

1-топ

Көктемдегі ағаштың өзгерісі:

  1. Бүршік жарады



2-топ

Көктемгі балалар ойыны:

1. Жазық алаңда доп ойнау.

2.

3.

4.

3-топ

Көктемгі еңбек түрлері:

1. Егінге дайындық.

2.

3.

4.

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру, әңгімелеу.

  1. Бұлақ туралы не делінген?

  2. Өзен туралы не делінген?

  3. Көктемгі жаңбырды сипатта.

  4. Қалаған шумағын жатқа айту.

ҮІІ. Сабақты қортындылау.

1-топ. «Көктем» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.

2-топ. Өлең бойынша сурет салу.

3-топ. Көктем туралы өлең жолдарын құрастыру.

ҮІІІ. Үйге тапсырма. «Көктем» тақырыбына шығарма жазу. Өлеңнен қалаған шумағын жаттау. Мәнерлеп оқып, түсінгенін қара сөзбен айту.

ІХ. Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал