7


  • Учителю
  • Жол ережесі (тәрбие сағаты 2-сынып)

Жол ережесі (тәрбие сағаты 2-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың мақсаты: Білімділік:Ондық бөлшекті натурал санға көбейту бойынша оқушылардың білімдерін бекіту және тиянақтау, жүйелеу.Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру.Тәрбиелік:Өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқып
предварительный просмотр материала

"Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік" Орта топтағы шара.
Мақсаты. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін түсіндіру.
Көрнекілік:
Жол ережесі туралы суреттер, сызылған жол, бағдаршам, жол белгілерінің макеттері.
Өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Құрметті балалар, біз бүгін жолда жүру ережесін қаншалықты білеміз, жол белгілерін айыра аламыз ба, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба осы тақырыпта ой бөлісеміз.
Жүргізуші:
Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтармен
Ойынымыз басталсын сәлемменен
Тәрбиеші.
Бүгінгі «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік» атты ойын - сауығымызға автоинспектор келіп отыр. Сөз кезегін берейік.
- Сәлеметсіңдер ме, балаларІ
Мен сендерге жұмбақ жасырайын
«Үш көзі бар қаз - қатар
Кезек - кезек ашады
Үшеуінен байқасам
Үш түсті нұр шашады.»
Тәрбиеші
- БІЗДІҢ БАЛАЛАР көліктер туралы көп мағлұмат біледі.
Велосипед, самокат, машинасы бар балалар келеді.
- Ей, неге жолда иіріліп тұрсыңдар, қағып кетсек қайтсіңдер?
Автоинспектор:
- Әр түрлі көліктерің болғаны жақсы екен, бірақ жол ережесін сендер де білулерің керек. Кәне таныс болайық. Балалармен танысу.
Зуылбек.
- Менің атым, Зуылбек. Велосипедпен үнемі зуылдап жүремін. Ал мына белгілер көшеде қаптап тұр. Мен оларды қайтем, мен оларсыз - ақ зуылдатам.
Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек белгідегі велосипедті көреді.
- Әй, мынау қандай белгі, мынау менің велосипедім емес пе? Мен үшін жасалған белгі ме?
- Ия, сен үшін, бұл белгінің аты -«Велосипед жүрмейді»
- Жүрмейді, тапқан екенсіңдер, мен жүрмейтін жер жоқ, білдіңдер ме, мен үшін көше де саяжай да, арық, аула бәрі ашық. Сендерше айтқанда, қалай еді?... Зеленный свет
/Сақтандыру белгі ұстаған балаға келеді/
- Мұны да белгі дейді - ау, көшеге пәтердің жылу батареясы белгісі не үшін керек?
- Зуылбек - ау бұл да саған керек белгі. Айталық сен велосипедпен зуылдап келесің дейік, қарсы алдыңнан осы белгі кездесті, ендеше алдыңда темір жол бар деген сөз. Ұқтың ба?
- А.. аа Бұл белгінің де қажеті бола қоймас, салдырлап - гүлдірлеп поезд жеткенше өтіп үлгерем.
/ Адам сұлбасы салынған көк нұсқау белгісі жанына келеді/
- Ал, мына белгі не үшін керек?
- Қара, бұл адамдар өтеді.
- Велигім тұрғанда мұны қайтем? Автоинспектор басын шайқап.
Балалар, ж олда жүру ережесін, белгілерді Зуылбекті үйретейік. «Сақтансаң сақтаймын» деген сөз бар.
- Мынау қандай белгі?
Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген, үшбұрыш.
- Ескерту белгісі Нүкеш
Қып - қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
«Қауіптен сақ бол»- деп сәт - сапар жолдағам
Аман - сау жүреді жаяу да көлік те
Мен берген белгіні Сақтағың, қолданғын
*****
Тиым салу белгісі - Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек
Қызылмен боялған, шеңберлі аумақты Сұлу
Тиымшыл белгімін, қаталмын, салмақты
Мен тұрған жерлерде қақың жоқ жүруге
Қауіп бар бағдарла, көз салып жан - жаққа.
**
Нұсқау белгісі - көк түсті төртбұрыш
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын Мерей
Үн - түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамын
Күндіз де түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
Зуылбек:
- Балалар сендерге көп рахмет, мен зуылдайын. Сау болыңдар. Сау болыңыз, аға автоинспектор.
- Балалар сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. Ал, енді қауіпсіздік ережелерін есімізге сақтайық
1. Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өт
2. Жолдан өтерде алдымен солға ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара
3. Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт
4. Егер, жаяу жүргіншілрге арналған жол болмаса жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жолмен жүруге тиісті.
5. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.
6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгірме.
7. Машинадан түскенде артынан айналып өту керек.
- Ал, балалар бағдаршамның үш көзі туралы айтып беріңдерші
- Бір көзім «кідір» дейді, Мадияр
- Бір көзім «жүгір» дейді,
- Бір көзім «абайла» дейді,
Карап ал маңайға дейді.
Бағдаршам:
Қызыл көзін ашқанда, Ч. Каусар
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда, Ақбота
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда, Айсұлу
Жүре бергін жасқанба.
Ал қазір «Жолдан дұрыс өт» ойынын ойнайық. Балалармен бірге жолдан өтеді.
Жарайсыңдар, балалар! Бәрің де жолдан дұрыс өттіңдер! Жолда үнемі осы жүргіншілерге арналған жол арқылы жүріп, жол ережесін есте ұстаңдар.
Ендеше біз ойынымызды әнмен аяқтайық.
«Көшеде сақ бол!»
Көшеде біз сақ болайық, Жібек
Қайғырмасын ата - ана.
Жолда сен бол лайықты,
Балалар атына.
Жолда жүру ережесін, Дарын
Білгенің бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап.
Рахмет, жарайсыңдар, балалар! Сендер үшін қуаныштымын. Көше тәртібін қарау үшін қызметіме кеттім. Сау болыңдар, балалар.

Ілмек сөздер: ,

Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтаймыз!

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің

белгілерімен таныстыру

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол

ережесіне арналған кітаптар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :

Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.

Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін ,заңын бұзбайды.

Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?

Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .

Мұғалім : Ал енді » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын .

ІІ. Негізгі бөлім:

Тақтадағы жұмбақтарды шешу:

Жұмбақтар

1. Ала таяқ ұстаған, 2. Көше бойлап аяңдайды,

Жол тәртібін нұсқаған. Адам тасып аялайды.

Өміріңді күзеткен, (Автобус)

Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,

Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

5. Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

6. Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»

Мұғалім : Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек.

1. Неге ?

Біздің қаламызда , сол сияқты біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

2. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.

3. Жиек жол деген не ? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол .

4. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

Тақтада

Қызыл - Тоқта !

Сары - Сақтан !

Жасыл - Жол ашық!

Құндызай : Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем баспа алға !

Диана : Сары көзін ашқанда ,

Қарап қалма аспанға !

Сұлупан: Жасыл көзін ашқанда ,

Өте бергін , жасқанба !

Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады.

Ән: Бағдаршам

1. Көшеде біз сақ болайық ,

Қаймықпасын ата - ана .

Жолда сен бол лайық,

Жас ұлан деген атқа

Қ- сы :

Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін .

Қасымда болсын анам,

Болайын мен де аман !

2. Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың ,

Сен өзіңді сау сақтап

Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»

Инспектор :

Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,

Ауырса адамды, аңды да емдейді .

Отырған мынау Медбике апаға

Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?

(Осы кезде басын ақ шүберекпен таңған , сыртынан қан шып - шып шыққан аю өкіріп келе жатады)

Инспектор :

Апа, қараңыз мына сұмдықты ,

Маймақты кім қыңжылтты ?

Мед.бике:

Маймағым, не болған өзіңе,

Көкпеңбек ісінген бас - көзіңде ?

Аю:

Айтайын мен жасырмай шынымды - ай,

Сақтап қал , апа жанымды шыбындай.

Жармасып бал тасыр машина үстіне

Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.

Мед.бике:

Бір асар тәтті бал үшін,

Тәртіпті бұздың қарынның қамы үшін.

Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят - ақ,

Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !

Аю.

Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!

Мұғалім : - Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?

Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.

Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.

Инспектор Рақымжан:

Көреген, дәу қырағы.

Көшемізде тұрады.

Оның аты - бағдаршам,

Жол сілтейді әрқашан.

Ол бергенде команда,

Бағынамыз әмәнда.

Бағдаршам Қалдымұрат:

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын мүдіріп , ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Бағдаршам Дәурен:

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

Диана:

Төрт топтан құралған,

Белгілер туыстай.

Жол сілтеп тұрады.

У-шусыз ұрыспай.

Сақтандыру , ескерту белгісі Манар :

Қып - қызыл үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт - сапар жолдаған.

Аман - сау жүреді жаяу да , көлік те ,

Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.

Тыйым салу белгісі Қасымхан:

Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар , бағдарла көз салып жан - жақты.

Міндеттеу белгісі Томирис :

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,

Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол , шартыңды міндетті орында !

Ңұсқау белгісі Ислам:

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн - түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де , түнде де от болып жанады,

Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.

Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.

Қорытындылау :

Мұғалім : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман - есен жүрелік. Қорыта келе:

Ирек - ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.

Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесін білесің бе?
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
белгілерімен таныстыру
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол
ережесіне арналған кітаптар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :
Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін ,заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .
Мұғалім : Ал енді » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын .
ІІ. Негізгі бөлім:
Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1. Ала таяқ ұстаған, 2.Көше бойлап аяңдайды,
Жол тәртібін нұсқаған. Адам тасып аялайды.
Өміріңді күзеткен, (Автобус) Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

3,Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

  1. Арқаным бар тым ұзын,
    Ала-алмайсың бір үзім.
    Табыңдаршы, балалар,
    Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

  2. Өзі сөйлей білмейді,
    Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»
    Мұғалім : Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек.

  3. Неге ?Біздің қаламызда , сол сияқты біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

  4. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.

  5. Жиек жол деген не ? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол .

  6. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
    Тақтада
    Қызыл - Тоқта !
    Сары - Сақтан !
    Жасыл - Жол ашық!
    Қызыл көзін ашқанда ,
    Сынық сүйем баспа алға
    Сары көзін ашқанда ,
    Қарап қалма аспанға !
    Жасыл көзін ашқанда ,
    Өте бергін , жасқанба !
    Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады.
    Ән: Бағдаршам

  7. Көшеде біз сақ болайық ,
    Қаймықпасын ата - ана .
    Жолда сен бол лайық,
    Жас ұлан деген атқа
    Қ- сы :
    Әрқашан күн сөнбесін,
    Аспаннан бұлт төнбесін .
    Қасымда болсын анам,
    Болайын мен де аман !

  8. Жолда жүру әліппесін
    Білген жөн бес саусақтай.
    Сонда ғана жүре аласың ,
    Сен өзіңді сау сақтап
    Көкпеңбек ісінген бас - көзіңде ?

Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.
Қорытындылау :
Мұғалім : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман - есен жүрелік.

Ақпаратпен бөлісу:





Бағдармалық міндеттері:

1.Жолда жүру ережелерін сақтауға саналы қатынасты тәрбиелеу.
2.Бағдаршам дабылы мен құрылысын білу,балалармен жолда жүру ережелері туралы білімдерін бекіту.
3.Жол белгілері туралы білімдерін бекіту.
4.Ойындық тапсымаларды орындаған үрдісінде түсінікті байланысты тіл дағдыларын дамыту.
5.Есте сақтау,зейінділікті, ойлау қабілеттерін дамыту.

Өту барысы:

Тәрбиеші: Балалар, «Бағдаршам» жас инспекторлар мектебіндегі сабаққа шақырамын.

- Осы мектепте неге үйренеміз?

- Кане, мектеп ұранын еске алайық:

Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!

Тәрбиеші: салынған жолға балаалрдың көңілін аударады: Міне, мектепке баратын жол. Бағдаршамның қай түсіне біз жолдан өтеміз?

- Бізге жолдан өту керек, ал бағдаршам жоқ. Не істеу керек?

- Ал жолдарың болсын!

Әуен орындалады, балалр жолды өтеді,тәрбиеші ережелерді қалай сақтап келе жатқандарын бақылайды.

- Жарасыңдар, балалар! Сендер жолда жүру ережелерін сақтап, жас инспекторлар мектебіңе аман жетіңдер.

- Ал, отырыңдар.Бүгінгі сабақта жолдағы қиын жағдаяттағы тәртіп ережелерін қалай білетіңдеріңді, тексереміз, ойнаймыз.Сіздер дайынсыздар ма ? Ендеше сіздер үшін бірінші ойын-тапсырма «Жауабын табыңдар».

- Ереже: тез және қысқа жауап беру керек.

• Бағдаршамда қандай дабылдары бар?
• Қызыл түс нені білдіреді?
• Жасыл түс нені білдіреді? Сары ше?

• Жарайсыңдар! Бағдаршам ережелерін білесіңдер. Оны әрқашан сақтау керек. Бағдаршамнан басқа жүргіншілер мен жүрушілерге жолда тәртіп сақтауға көмектеседі? Жол белгілері

• Дұрыс,бұл жол белгілері.Балалар естеріңе түсіріңдер бұл белгілерді неше топқа бөлуге болады? / ескертпе,рұқсат етілген,тыйым салынған/.Ал қазір тапсырма.Көріп тұрсыңдар ма,бұл жерде белгілер жатыр. Қазір бірге кезек бойынша олар туралы әңгімелейміз. Әрбір бала бір белгіні алып, әңгімелей бастайды.

• Назар аударыңдар, балалар! Бұл ескертпе белгісі. Жүргізушілер абай болу үші мектептің жанында орналастырады.

• Өтуге тыйым салынады! Бұл тыйым салынатын белгі.Жүргіншілер өтуге рұқсатетілмейтін жерде қойылады.

• Жер асты өту.Бұл рұқсат етілетін белгі.Адамдар демала алатын жерлерде орналастырлады.

• Назар аударыңдар,қауіпті жер !Бұл тыйым салынған белгі.

• Тұрақ орны. Бұл рұқсат етілген белгі.

• Өту тыйым салныған.Бұл тыйым салынған белгі.

Жол белгілерін жақсы білесіңдер екен. Енді мұқият мына суреттерге қараңдаршы. Бұл сурет бірдей салынған, бірақ суретші автордың бір қателігі бар. Анықтап беріңдер.

Сергіту сәті

Көреген дәу қырағы
Көшемізде тұрады
Ол бергенде команда
Бағынамыз әмәнда!
Ашса кезек үш көзін
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта!
Абайла!
Жол ашық!
Жүрме жолға таласып,
Қызыл көзін ашқанда.
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, Жасқанба!

Ал қазір «Өз ойын жеткіз» атты ойын ойнап көрейік. Ойын ережелері: жағдаяттарды жақсылап ойлатып, толық,асықпай жауап беру керек.

• Бағдаршамның жасыл түсті жанып тұрған кезде өтіп бара жатырсың, бір кезде жолдың ортасына жете бергенде сары түсті жанады. Сен не істейсің? Көрсетіп және айтып бер.

• Сен көшені жасыл түсті кезде өтіп бара жатты,бірақ та арнайы көліктің дабыл белгілерін естейсің. Бұл қандай көлік болу мүмкін және не істейсің?

• Сен алаңға шығып шана тепкің келде, бір кезде досың көлік жүретін жерде таудан тебейік дейді. Не істейсің?

• Жолдан өтіп бара жатқан кезде әуе шары қолынан ұшып кетеді. Не істейсің?

Д/ойын «Бағдаршам»

Қызыл аяда - С,В,Е, сары аяда - Т,О; жасыл аяда Ф,О,Р әріптермен медальондарды балаларға таратып беремін.

Сізде қандай әріп? «бағдаршам» сөзінде ең алғашқы әріп қандай? Қазір тұрамыз музыка бойымен билей бастаймыз,музыка тоқтаған кезде «Светофор» сөзімен тұра қаламыз.

Ал қазір қонақтарға жолда жүру ержелері туралы тақпақтар оқимыз.

Мен білем, бәрін мен - деген.
Отырған жоқсың бөлмеде,
Машина өтіп кеткен соң.
Жолаушы алға беттесін.

Ұлан Ұшқалақ бала ұрыншақ.
Ойлалық, соны ұғынсақ.
Машина өтіп кеткесін.
Балақай алға беттесін.

Жыламасын, аналар.
Жас ұландар өсе бер.
Сақ болыңдар балалар.
Сақ жүріңдер, көшеде!
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жолда жүру ережесі заңды тәртіп.
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға.
Басталар әр қадамың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.

Футбол деген жақсы ойын саналар,
Стадионда ойнасаң, тек, балалар.
Көшеде доппен ойнама,
Қатерге басты байлама.

Асфальтта көлденең
Сызылған ақ жолақтар
Бар жерінен өткейсің.

Алдыңдағы бағдаршам
Жасыл көзі жанғанда,
Абайлап барып өткейсің.
Абай болшы мұндайда
Жаяу жүргінші болғанда!

Рахмет, балалар. Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесін білетіндіктеріңді көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал