7


  • Учителю
  • Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: Ас атасы-нан

Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: Ас атасы-нан

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ас атасы-нан

Сабақ мақсаты: Білімділігі: Нанның адам үшін маңыздылығы ,нанның бидайдан жасалатынын,оның дастарханға үлкен еңбек нәтижесінде келетіні бидайдың өсуі,нан пісіру кезеңдері, бидайдың құндылығы туралы түсінік беру.

Тәрбиелілігі: Нанды қадірлеуге,қастерлеуге ,нанды даярлайтын адамдарға деген құрмет сезімдерін,диқандар еңбегін бағалай білуге ,еңбекке деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Бақылағыштың ,қиялын,есте сақтау,желілі рөлді ойынға,кейіптендіруге арналған атрибуттарды дайындау іскерліктерін қалыптастыру,шығармашылық қабілеттерін,ересектер басшылығымен әрекет ете білуге іскерліктерін жетілдіру,шығармашылық ой қиялын дамыту.

Әдіс-тәсілі:Баяндау,түсіндіру,сұрақ-жауап,жандандыру.

Сабақ түрі: Бекіту,саяхат сабақ.

Көрнекілігі:Суреттер,жұмбақ,сергіту сәті,тыйым сөздер,мақал-мәтелдер,буклет.ертегі атрибуттары

Сабақтың жүрісі:

  1. Қызығушылықты ояту, Жылулық шеңбері.

Бір-біріне деген жылы сөздер арнау.

Жұмбақ шеші.

Ұзын мұртты сарылар,қойнында наны бар \бидай\

II.Мағынаны тану.

Желілі сурет бойынша жұмыс.

-Балалар тақтадағы суретті мұқият зер сала қарай отырып,бидай дәнінен нанның қалай жасалатынын анықтайық.

  1. Жерді жыртады.

  2. Дәндер өсе бастайды.

  3. Бидайдың сабақтары пайда болады.

  4. Оны сушылар не диқандар суарады.

  5. Бидайды орады, бастырады.

  6. Машинамен элеваторға тасиды.

  7. Диірменге апарып тартады.

  8. Машиналар қап-қап ұн тасиды.

  9. Нан илейді.Нан пісіреді.

  10. Нан таситын машинамен дайын нанды дүкенге әкеледі.

  11. Дүкеншілер мен сатып алушылар дүкенде

  12. Нан дастарханда

-Міне ,балалар күнделікті жеп жүрген нанымыз осындай ұзақта қиын жолдан өтіп,біздің диқаншыларға ,наубайшыларға ,біздің дастарханымызға келеді екен. Олай болса нанды өсіретін адамдарға деген құрметімізді көрсетейік.

Нанға деген құрмет.Орындарынан тұрып ,қолдарын жүрек тұсына қойып,нанға ,диқаншыларға,наубайшыларға деген құрмет сезімдерін білдіреді.

Сергіту сәті: Нан қиқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар,

Теріп алып қастерлеп,Торғайларға тастаңдар

Тиым сөздер: Нан туралы қандай ырым ,тиым сөздер білесіңдер?

  1. Нанды бір қолыңмен үзбе!

  2. Нанды жерге тастама!

  3. Нанды текке тастама!

-Балалар ,сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?

-Ертегідегі кейіпкерлерді көзбен көргілерің келеме?

Ертегілер еліне саяхат.\Бауырсақ ертегісі\

Кейіпкерлер: Ата,әже,бауырсақ,қоян,аю,қасқыр,түлкі.

-Балалар,ертегі ұнады ма?

Бүгінгі күнмен байланыс.

-Балалар бүгін аптаның қай күні?

-Жұма күні,әжелеріміз не пісіруші еді? \шелпек,бауырсақ\

-Шелпек пен бауырсақты неден пісіреді?

-Ұннан жасалатын қандай тағамдар пісіріледі?

Печенье,тоқаш,құймақ,кекс, т.б

Мақал-мәтелдер

1.Нан қадірін аштықта білесің.

2.Нан болса ән де болады.

3.Арпа,бидай ас екен ,алтын ,күміс тас екен.

Ой толғаныс.Біз не білдік? Жылулық шеңбері

1.Нанның бидайдан өсетінін

2. Нанды қастерлеу керек екендігін

3.Ұннан әр түрлі тағам түрлері әзірленетінін

4. Нан-адамның тіршілік қорегі

5.Нан- дастарханға еңбекпен келетінін

Жылулық шеңбері.Қуанышты хабарлама.Мадақтау.

Дастарханнан нан кетпесін!

Әлемде бейбітшілік болсын!





№ 18 орта мектеп

































Тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келеді?»

Өткізген:Мамиева Ұ









































2015/2016 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал