- Учителю
- Қ дыбысы мен әрпі
Қ дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:Қ дыбысы мен әрпін таныстырып ,Қ дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
2. Дәптерге Қ әрпінің баспа түрін жазғызып , қолдарын жаттықтыру.
3. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білу, текшелерімен белгілеу. Буын туралы түсінігін кеңейту.
Көрнекіліктер:Кеспе әріптер,слайд, суреттер, ойыншықтар,ребус.
Әдіс- тәсілі: ойын, сөздік, жұмбақ, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс: математика,, тіл дамыту.
Ұйымдастыру: Сауат ашу сабағы.
- Біз қандай әріптерді үйрендік?
- Әріп дегеніміз не ?
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар қаншаға бөленеді?
А) буындап оқыту.
Б) буындарды таратып оқыту.
В) жұмбақ, жаңылтпаш айтқызу.
Г) апта кундерін сұрау.
- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Тауып көріндерші.
Алты қырлы
Алтын сырлы. (қарындаш)
Аузы бар ішіп - жемейді
Алайда жұртқа же дейді. (қасық)
- Бұл сөздердің барлығы қандай дыбыстан басталып тұр? (Қ)
Қ дыбысын хормен айтқызу.
Қалам, қағаз, қарындаш
Құрбы, құрдас, қарындас
Қ әрпінен басталар
Деп жазсаң да қара қас.
- Қой, құлын бұлардың бәрін бір сөзбен не деп атаймыз? (Ұй жануарлары)
- Өйткені адам қолында өсіріледі.
- Үй жануарларының қандай пайдасы бар ?
Ребус шешу.
Буынмен жұмыс жасау.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлерден
Ытқып - ытқып жүгірді.
Дәптермен жұмыс.
Қ әрпін жаздыру.
Жаңа материалдың мазмұнын оқып түсіндіру.
Қуыршақ , қыз, қуыршақ қоржын, қоян суретін көрсетіп, аттарын ататам.
Суреттегі заттарды атату, буынға бөлгізу.
М: Қар-ға, қош-қар, қар-быз.
Жаңа материалды бекіту.
- Біз қай ұлтпыз?
- Қай тілде сөйлейміз? (Қазақша)
- Қазақ сөзінде қанша Қ әрпі бар.(Басында, ортасында)
- Президентіміз кім?
Біз қазақ халқын сүюміз керек, тілін, елін жерін қастерлеуміз керек.
Қорытынды.
- Сонымен қай дыбыспен таныстық?
- Қ дауыссыз дыбыс.
- Қ сөздің басында, ортасында, соңында келеді екен.
- Балалар, біздің сабақ аяқталды.
Сау болыңыз.