- Учителю
- Баланың тапқырлығы. Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Баланың тапқырлығы. Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Сабақтың тақырыбы: Баланың тапқырлығы. Заттың қимылын білдіретін
сөздер.
Сабақтың мақсаты: а)Оқушылардың ертегіні түсініп, мәнерлеп
оқуына,сұрақтарға толық жауап беруіне мүмкіндік жасау. Заттың
қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту.
ә) әдемі жазу дағдысын, сөздік қорын және байланыстырып сөлеуін
дамыту.
б)Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер, сызбалар, ойындар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, өзін-өзі тану.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Шаттық шеңбері.
Ал балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ шытқан не керек,
Көңілді болып жүрейік.
- Жарайсыңдар балалар, бүгін сендер өте мейірімді, жүздеріңнен күн
нұры төгіліп тұрғандай әсемсіңдер. Орнымызға жайғасып отырайық.
ІІ. Өткенді қайталау.
ІІІ. Жана сабаќ.
Оқлықпен жұмыс.
255 -жаттығу.
1. Мұғалімнің «Баланың тапқырлығы» ертегісін мәнерлеп оқуы.
2. Оқушылардың тізбектей оқуы.
3. Ертегі мазмұнына байланысты сұрақтар:
- Ертегі не жайында?
- Патшаның уәзірлері шегірткелерді ќалай құрту керек деді?
- Баланың тапқырлығы неден көрінді?
- Қараторғайдың қандай пайдасы бар?
4. Сөздік жұмысы.
Уәзір - патшаның қол астында жұмыс істейтін, ақыл-кеңес беретін
адамдар.
Нанбапты - сенбепті, күмәнданыпты.
5. «Ақыл жастан, асыл тастан» мақалымен жұмыс.
Сергіту сәті.
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш болып ұшайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Дәптермен жұмыс. «Өз үйшігіне орналастыр» ойыны.
256 -жаттығу. Сөздерді үлгі бойынша сұраққа жауап болатындай етіп
жаз.
Кел, ұйықта, күл, жібер, көр, күт, жүгір.
Не істеді? Не істейді? келді келеді
ұйықтады ұйықтайды
күлді күледі
жіберді жібереді
көрді көреді
күтті күтеді
жүгірді жүгіреді
257 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыр. (Ауызша).
«Жануарлар қалай дыбыстайды?» ойыны.
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
Төменде берілген сөздерді оған тиісті қимылдармен сәйкестендір:
малдар оқиды
Кітапты жүзеді
Балық жайылады
Телефонмен ұшады
Ұшаќпен сөйлеседі
Ү. Бағалау.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды жұлдызшалармен бағалау.