7


Тәрбие сағаты Жігіт сұлтаны

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алматы облысы, Талғар ауданы. Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін

№16орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері:

Абденова Назира Литпиновна

Жаксыбаева Салтанат Саимовна





Ашық тәрбие сағаттың тақырыбы: «Жігіт сұлтаны».

Мақсаты: жас ұрпақ ер балаларымыздың бойына ұлттық салт-дәстүрімізді, ер балаларға тән қасиеттерді қалыптастырып, елжандылыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Бақыттың басы баладан», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Жеті атасын білген ер, Жеті жұрттың қамын жер»

1-жүргізуші: Ақмейір:

Қош келдіңіздер, қадірлі де құрметті, ардақты да аяулы ұстаздар, келген қонақтар.

2-жүргізуші: Асем Армысыздар, ұстаздарым қымбатты,

Армысыздар, сұлу қыздар сымбатты.

Талай ғасыр небір ақын жыраулар

Жігіттердің батырлығын жырлапты.

1-жүргізуші: Ақмейір: Жігіттер келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дамытуға,

Жігерленіп келіп жетті,

Әдеппен, ізетпен табысуға.

2-жүргізуші: Асем: Бүгін «Жігіт сұлтаны» атты байқауымызға қатысқан жігіттеріміз, әдет-ғұрып төңірегіндегі біліктілік,ақыл парасат, өнер-жігерлік пен тапқырлық көрсетуі керек.

1-жүргізуші: Ақмейір Қазақ халқының «Ұлға отыз үйден тыйым» демекші

ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған. Халықтық дәстүр тәрбиесінде осы болғаны «Жігіт сыны» деп аталған.

Негізгі бөлім.

  1. Таныстыру

  2. Өз өнерін көрсету

  3. 1-минутта мақал-мәтелдер айту.

  4. Жеті атасын атау.

  5. Сұрақ-жауап.

  6. Үй тапсырмасы (қол өнер)



2-жүргізуші:Асем

Ал енді сахнаға сұлу да сымбатты, сыпайы ұстамды, өнерлі де жігерлі жігіттерді шақырайық.

1-жүргізуші: Ақмейір

Бірінші жігіт - білімді,

Меңгерген бар ілімді.

Шапалақты аямай,

Қарсы алайық Мейірбекті

2-жүргізуші: Асем

Білімді, алғыр, ақылды,

Танитын алыс жақынды

Сыныптың озат жігіті

Шақырайық ортамызға Бекнұрды

1-жүргізуші: Ақмейір

Жақсы оқиды, өнері бар талапты,

Бұл сыныпты өзі қалап таңдапты.

Шындық үшін шырылдайды ұлтжанды

Шақырайық ортамызға Русланды

2-жүргізуші: Асем

Біледі ол жақсы менен жаманды

Өнерімен тамсандырған талайды

Талай қызық пародияны ойнаған

Ортамызға шақырайық Елдосты

1-жүргізуші: Ақмейір

Білімді, өзі алғыр жан-жақты,

Ақыл десе өз-өзіне айбынды

Оқушысы мына біздің сыныптың

Шақырайық ортамызға Дамирды

2-жүргізуші:Асем

Білім менен бүгін міне ән қосты

Сұрақпенен жауаптарды талдасты

Алғырлығын тағы бізге дәлелдер

Ортамызға шақырайық Мирасты

1-жүргізуші: Ақмейір

Ал енді әділ баға беретін әділ қазылар алқаларымен таныс болыңыздар:

Оқу тәрбие ісінің меңгерушісі: Рахымжанова Айжан Дүйсекеқызы.

Педагог организатор: Сарсембаева Айман Кенжегоджақызы.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Ботбаева Бақыт Арыстанбекқызы.

Математика пәнінің мұғалімі: Турдалиева Айгерім Лесқызы.

2-жүргізуші: Асем

Ер адамның демеу әр сөзі бізге

Түсінеді тұңғиық кезімізде

Ер адамнан күтеміз ерлік қана

Қулық деген жетеді өзімізде.

1-жүргізуші: Ақмейір.

Ерлер жайлы жоқ тарих жазып біткен,

Құрсын соғыс ерлерді азып күткен

Өжеттікпен, ерлікпен емес қыздар,

Жігіттерді сыйлайық нәзіктікпен,-деп сайысымызды «Таныстырумен» бастайық.

І кезең «Таныстыру»

Ал, жігіттер, сіздерге сәттілік тілейміз.

1-жүргізуші: Ақмейір : Әділқазылар алқасы 1-ші кезеңнің бағасын беруіңізді сұраймыз.

2-жүргізуші: Асем.

«Жігітке жеті өнер де аз» дейді халқымыз. Өнерпаз болсаң өр бол! Яғни өнерлі болсаң әйгілі талапты, мәртебең биік болсын деген ұғым бар. Ал жігіттер, енді өздеріңді өнер сайысында көрсетіңдер.

ІІ кезең «Өнер сайысы»

2-жүргізуші: Асем: Әділқазылар алқасы 2-ші кезеңнің бағасын беруіңізді сұраймыз.

1-жүргізуші: Ақмейір

«Еңбек ердің - санаты, білім елдің - қанаты» демекші адам ақыл-парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?

ІІІ кезең «Мақал-мәтел сайысы» (1 минут )

1-жүргізуші: Ақмейір: Әділқазылар алқасы 3-ші кезеңнің бағасын беруіңізді сұраймыз.

2-жүргізуші Асем: келесі 4-ші кезең «Жеті ата» деп аталады.

Жеті атасын білмеген

Қуана да білмейді.

Ата-жұртын сүймеген,

Елін мәңгі сүймейді-дегендей, енді жігіттер жеті атасын атайды.

1-жүргізуші: Ақмейір: Әділқазылар алқасы 4-ші кезеңнің бағасын беруіңізді сұраймыз.

2-жүргізуші: Асем

Біздің жігіттер өнерлі де білімді,

Игереді ғылымменен ілімді.

Сұрақ-жауап сайысын да көрейік

Жаңылдырар бәріңді-деп, сұраққа жауап береді.

1-жүргізуші:Ақмейір :Ал жігіттеріміз келесі 5-ші кезеңіміз «Біреу білмегенді біреу біледі» дегендей сұрақ-жауап деп аталады. Шарты: шарлардың ішінде сұрақтар бар. Өздеріңе ұнайтын шарды жарып, берілген сұраққа жауап бер.

1-жүргізуші: Ақмейір: Әділқазылар алқасы 5-ші кезеңнің бағасын беруіңізді сұраймыз.

1-жүргізуші: Ақмейір: Соңғы келесі кезеңіміз үй тапсырма деп аталады.

Бұл жерде жігіттер үйден жасап келген заттарын көрсетіп таныстырады. Ал, жігіттер алға.



1-жүргізуші: Ақмейір: Әділқазылар алқасы 5-ші кезеңнің бағасын беруіңізді сұраймыз.

2-жүргізуші: Асем:

Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,

Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.

Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,

Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын, - дей отырып, ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Бас жүлде: Бекболат Дамир.

І орын: Қырғызбай Мирас.

ІІ орын: Вайленов Бекнұр.

ІІ орын: Ахметжан Мейірбек.

ІІІ орын: Отепов Елдос.

ІІІ орын: Сатыбалды Руслан.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал