- Учителю
- Туған жер. ҚАсым Аманжолов.
Туған жер. ҚАсым Аманжолов.
2.09. Әдебиет Тексерілді:
Туған жер. Қасым Аманжолов.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушының өлеңмен таныса отырып, өз туған жерінің ерекшелігін ақын сезімімен сезінуге үйрету.
Дамытушылық: оқушыны шығармашылыққа баули отырып, ақынға деген, туған еліне деген көз қарасын дамыту.
Тәрбиелік: Еліне, жеріне деген патриоттық сезімін тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Көрнекіліктер: Қ. Аманжоловтың суреті. Кеспелер, жергілікті аймаққа байланысты материалдар.
Сабақтағы пән аралық байланыс: қазақ тілі, дүние тану.
Сабақты жүргізу барысы:
І. Ұйымдастыру.
2. Психологиялық дайындық. Бір - бірінің көңіл күйін біліп, тілек айту.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
ІҮ. Жаңа сабақ.
1. Қ. Аманжолов өмірбаянымен және еңбектерімен таныстыру./қосымша тапсырма ретінде алдын ала дайындалған материалдармен бір - екі оқушы тоқталады. Мұғалім міндетті түрде толықтайды./
2. Өлеңді мәнерлеп оқу, түсіндіру.
3. Кітаппен жұмыс. Өлеңді әр топқа мәнерлеп оқытқызып, тапсырма беремін. 1-ші топ. бірінші шумақты. 2 - ші топ: екінші шумақты. 3 - ші топ: үшінші шумақты оқып талдайды.
4. Өлеңнен ұйқас сөздерді тапқызып сөздік жұмысын жүргізу. Ұйқастарды дәптерге жазғызу. Ұйқас сөздер: тауға, балаға, далаға барыс септігінің жалғаулары жалғанған. Жер едің, бөледің, дер едім...
Сергіту сәті.
Ү. Бекіту.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Эссе жазу. «Туған жердің топырағы.»Күз келді.. Бүгін күн ерекше салқын.. Айнала тыныштық. Ал менің алдымда бір уыс топырақ тұр. Мен осы бір уыс топыраққа қарап рахаттанамын. Өйткені, ол менің туған жерімнің топырағы.
О, шіркін, туған жер. Әр адамға ыстық қой, ыстық...../аяқтау./
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
Ортақ тапсырма: Қ. Аманжолов. «Туған жер» өлеңін жаттау.
І - ІІ топ: Шығармашылық тапсырма: «Туған ауылым» тақырыбына әңгіме жазып келу., немесе өлең құрастыру.
ІІІ -топ. Осы тақырыпқа сурет салу.
Бағалау.