- Учителю
- Әдебиет :Шыбынсыз жаз 3сынып
Әдебиет :Шыбынсыз жаз 3сынып
12.04.16ж.Сабақтың тақырыбы: Шыбынсыз жаз.
Сабақтың мақсаты:а) сыни тұрғыдан ойлау арқылы шілдедегі
өзгерістерді байқай отырып, тақырыптың мағынасын ашу, ә) диалогты
оқыту әдісін қолдану арқылы тіл байлығын, сөздік қорын, көркем
сөйлеу дағдысын дамыту.б) табиғатқа, еліне, жеріне деген
сүйіспеншілігін арттыру.Көз алдында елестету арқылы есте сақтау,
еске түсіру қабілеттерін мен табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, ойын
Көрнекілігі: сызба, сюжетті суреттер,оқулық.
Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық
дайындық
- 1, 2, 3, 4 - 3, 4, 1, 2 - Кім алда? - Біз алда!- Кім биікте? -
Біз биікте! - Біз кішкентай ұландар!
- Біз бүгінгі сабағымызда 4 топқа бөлінеміз.- Балалар бір жылда
неше мезгіл бар? Олар қандай?
- Олай, болса осы төрт мезгілге байланысты көктем, жаз, күз, қыс
болып бөлінесіңдер. Көшбасшыны тағайындау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Абай атаның жыл мезгілдеріне арнап жазған өлеңдерін естеріне түсірту. Ақынның жаз мезгілі өлеңін жатқа сұрау.
Ой қозғау.«Шілде» мәтіні бойынша топтарға бір - біріне сұрақ
қойғызу.а)Жазда қандай өзгерістер болады?ә)Ел жайлауда қандай
қызықтар болады?б)Балалар жайлауды неге қиялмай жүр?в)Олар қайда
барады?Топтастыру.Жаз мезгілін әр топ топтастырып постер жасап
қорғайды.
ІІІ. Жаңа сабақ. Шыбынсыз жаз. Ой қозғау
- Ал, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырамын тыңдаймыз:Шидім -
шидім шидім құс Ши басына қонған құс Қарқырауық қара құс Хан басына
қонған құс (Ол не? Шыбын)
- Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымызда Сәбит Мұханов ағамыздың
«Шыбынсыз жаз» мәтінімен танысамыз.- Балалар қалай ойлайсыңдар
шыбынсыз жаз бола ма? (Иә)
1. Автор туралы айту.
2. Мәтінді мәнерлеп оқып беру.3. Іштей оқу, жалғастырып оқу.
Дәптермен жұмыс Оқулықтағы ағаш, бұта, шөп аттарын теріп жазу.
Жазған ағаш, бұта, шөп аттарын оқиды.
ІҮ. Сергіту сәті. Ойын: Қай топ шапшаң?1. Әрбір топқа жұмыс парағы
беріледі. Сұрақ/тақырыпты оқып, жауап ретінде стикерде фактілерді
қосу қажет (2 минут ішінде).2. Уақыт аяқталар шақта, парақ сағат
тілінің бағыты бойынша келесі топқа беріледі, оның қатысушылары
оған өзінің стикерлерін іледі.3. Барлық топ парақтармен жұмыс істеп
болған соң, тапсырма орындалды деп есептеледі.Түсінгендерін
тексеру.
Оқушылар топ бойынша бір - біріне тақырыпқа байланысты мақал -
мәтелден жасырып шешу.
Ү. Бекіту: - Сұрақ -жауап. Мысалы: - Жаңа тақырыпты оқыған кезде не
туралы білгіңіз келеді?
1.Шығармада жылдың қай мезгілі суреттелген?
2.Шілдеде ауа райы туралы қандай болады?
3."Шыбынсыз жаз" дегенді қалай түсінесіз?
4.Масасыз, шыбынсыз салқын жайлаудың малға қандай пайдасы
бар?
ҮІ. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, әңгімелеу.
12.04.16ж.Сабақтың тақырыбы: 326*3 және 978:3 жағдайларындағы
жазбаша көбейту және бөлу.
Сабақтың мақсаты:а)Оқушыларға 326*3 және 978:3 жағдайларындағы
жазбаша көбейту және бөлу туралы білім қалыптастыру.ә)Есептеу, есте
сақтау қабілетін ой-өрісін,өз бетінше тапсырма орындау қабілетін
дамыту.Ұқыпты,ретті жазу дағдысын қалыптастыру. б)Шапшаңдыққа,
тапқырлыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік,проблемалық;
Сабақтың көрнекілігі: оқулық,жауқазын гүлі, алма ағашы, түлкі,
тауық балапандарымен, ребустар, есеп жазылған плакат.
Сабақтың барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі.
II.Өткенді қайталау. Қонақтардың сендерге дайындап әкелген
сұрақтары бар. Енді сол сұрақтарға ауызша жауап берейік. (Бұл
сұрақтар өткен сабақтарға байланысты).
1. Қандай санды 5-ке көбейткенде 25 шығады? 2. 2-шығу үшін 12-ні
нешеге бөлеміз?
3. Ойлаған санды 8-есе арттырғанда 80 шықты. Ойлаған санды тап?4.
Ойлаған санды 5-ке арттырғанда 50 шықты. Ойлаған санды тап?5. 24
теңгенің 4-тен бір бөлігі?6. 10 см - дің 2-ден бір бөлігі?7.
Ұзындығы 4 см, ені 2 см тік төртбұрыштың ауданын тап.
IІІ. Жаңа сабақ : 326*3 және 978:3.
326*3 1. 326 санының бірлігін, ондығын және жүздігін атау 3
жүзд.-300 2 онд.-20 6 бірл.-6
Осылардың әрқайсысын 3-ке көбейтеміз.300*3=900 20*3=60 6*3=18
900+60+18=978
Енді осы өрнекті баған түрінде есептейік.
Балалар мен бүгін үстелдің үстінен хат тауып алдым.Ол сендерге
арналған ішінде бірдеңе бар сияқты.Мынау гүлдің бөлшектері
ғой.(Оқушыларға көрсету)
-Ендеше хатты оқиық.Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен сіздің сыныпқа
үлкен өтінішпен келдім.Маған сіздердің көмектеріңіз керек.Мен де
сендер сияқты есептеу мен санауды үйренгім келеді.Мен жер бетіне
құлпырып шыққым келеді.Маған көмектесіңіздерші.
-Мені қандай гүл деп ойлайсыздар? Көктемде алғаш күн күркірегеннен
кейінгі шығатын қандай гүл? Жауқазын (балалардың жауабы) -Ендеше
біз жауқазын гүлінің жер бетіне шығуына көмектесейік. (оқулықпен
жұмыс) Жауқазынның тапсырмасы: №1
437*2, 874:2
Өте жақсы. Міне жауқазынның бірінші тапсырмасын орындадық. Жер
бетіне жауқазынның несі шығады? (сабағы) тақтаға ілу.
Жауқазынның тапсырмасы №2. Сабақтан кейін не шығады? (жапырақ)
(42+18)*6=360 (226+152):3=126 480:3+26*20=680
(28+28):7=8 (132+274):2=203 (27+3)*30+43*20=1760
(17+25):3=14 (150+216)*3=1098 846:2+380:5=499
Жауқазынның тапсырмасы:Есеп 3. x*5=50 x=50:5 x=10 10*5=50
50=50
Дұрыс міне барлығымыз тапсырманы орындап болсақ жапырақтан кейін не
шығады? (гүлі шығады)
Өте жақсы. №4 А) 108*8=864 Ә) 650:5=130 Б) 678:6=113
IY .Сергіту сәті.-Енді ары қарай «Алма теру» ойынын
ойнаймыз.№5.
420:2+100:5=230 109*2-99:9=207 480:4=120
164:4-84:4=20 369:3+16*4=187 75:5=15
Y . Бекіту (жасыл қоршау: 7+9-8-4+3+5=12) №7.Өз бетімен орындау.
YІ.Бағалау
YII.Үйге тапсырма.№6.
12.04.16ж.Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім
Мақсаты: а) Сын есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі
және туынды сын есім туралы түсініктерін тереңдету.
ә) Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілетін сөздің қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау,
б)Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі: саяхат сабақ
Әдістері: Сөздік, көрнекілік, пысықтау
Көрнекілігі: Сызба, топшамалар, оқулық.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Армысың, асыл күн,! Армысың, асыл құрбым!
Міне, менің қолым, Жылуыма жылу қос.
Бүгінгі алған бағаң Кілең бестік болсын!
II. Өткен сабақты еске түсіру.
1.Сын есімнің түрлерін ата.
2.Негізгі сын есімді тап.
3.Туынды сын есім деген не? .
Оқушылар топқа бөлініп отырады, әр топтың ортасына бір зат қойылады. Сол затқа қарап сипаттама беру тапсырылады.
Көркем жазу.
III. Негізгі және туынды сын есім .
"Білім еліне " саяхат.
Сын есім негізгі және туынды болып бөлінеді.
Түбір сөзден болған сын есімді негізгі сын есім дейміз. таза, үлкен, қызыл.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.
Таудай, өнерлі, сезгіш. Оқулықпен жұмыс.
"Мектеп " аялдамасы:
42 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.Қарамен жазылған сөздердің түбірін тап.
"Білгірлер" 43-жаттығу. Суреттегі иттерді сипаттап,салыстыр.Ауызша орындау.
"Тапқырлар" 44-жаттығу.Берілген сөздерді негізгі және туынды сын есімдерге ажыратып, екі бағанға бөліп жаз.
Негізгі: Туынды:
қызғылт көргіш,аязды,тарлау, үлкендеу, кішірек, дәмді, тапқыш.
"Мергендер"45-жаттығу. Берілген жұрнақтарды жалғап айтуға болатын сын есімдер тап. Оларды қатыстырып сөйлемдер құра.
Үлкендеу, кішілеу, көкшіл, кеңірек, бойшаңырақ.
46-жаттығу. Өз бетімен орындау.
"Шешендер "47-жаттығу.Ребусты шеш. Сөйлем құрастырып жаз.
.
IY. Сергіту .Ойын: "Кім шапшаң?" «Кім шапшаң?» ойыны.
Y.Бекіту. Топтар бір-біріне сұрақ қояды.
Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
Сын есімнің қандай түрлері бар? Негізгі сын есім дегеніміз не?
Мысал келтір. Туынды сын есім дегеніміз не?
Топшамамен жұмыс.
YI.Үйге тапсырма. 48 - жаттығу.Ережені жаттау.
12.04.16ж.Сабақтың тақырыбы: Қуыршақтың киімін модельдеу
Сабақтың мақсаты: а) қуыршаққа киімді модельдеу,қуыршақ туралы
мағлұмат беру, киімді модельдеу әдісімен таныстыру, таңдап алынған
фасонды модельдеуге үйрету, тақырып бойынша материалды меңгерулерін
қамтамасыз ету.ә)модельдеу саласындағы алған білімдерін дамыту,
жұмыс істеу дағдыларын дамыту, қиялындағы фасонды қағаз бетіне
сурет қып түсіре білуге, қиялдай білуге, қиялдай білуге
үйрету.б)жұмыс тәртібін сақтау, еңбекті бағалауға үйрету, еңбек
және тұрмыс гегиенасы ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу, өзара
көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндірме бейнелеу, практикалық оқыту.
Сабақтың көрнекіліктері: әр түрлі суреттер, эскиздер.
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі
II .Үй тапсырмасын тексеру 1. Қоржын неше бөліктен тұрады? 2.
Қоржын қандай бұйым?
3. Қоржынның қандай түрлері бар? 4. Қоржын қай кезде
қолданылады?
Жаңа сабағымыздың тақырыбын ашу үшін мына жұмбақты шешейік.
Бөбектердей бүлдіршін, Киініп тұр бір мүсін.
Ол қаз басып жүрмейді, Сөйлемейді, күлмейді. Жауабы: қуыршақ.
III. Жаңа сабақ: Қуыршақтың киімін модельдеу.
Модельдеу дегеніміз - бұл эскиз бойынша жасалған бұйымның үлгісі.
Киімді модельдеумен модельер суретші - айналысады. Модальер адамның
денебітімін сондай - ақ костюмнің бөлек бөлшектерінің үйлесімділік
заңдарын білу керек. Тігін технологиясын жақсы меңгеруі керек..
Модельдеу екі түрге бөлінеді. Көркемдік және техникалық. Көркемдік
модельдеумен сән үйлерінің суретші - модельері айналысады
IY.Модельдеудің үш принципі бар:1. Киімнің адамның ішкі және сыртқы
кескініне сәйкес болуы
2. Арнаулы киімдердің мақсатқа сай, қолдануға ыңғайлы болуы
3. Киімнің қолданылатын аясына, түріне пайдаланылатын материалдың
сәйкес болуы
Тақтада көріп тұрғандай мына көйлекті модельдейміз. Сарамандық
жұмыс.
Мына үлгілерді сызып, оны қиып аламыз. Ол үшін бізге керек
құралдарды білу үшін тақтадағы жұмбақтарды шешіп көрейік.Бар екен
бір жансыз зат сиыр тұмсық,Матаның күнде жейді басын қыршып.Матаның
жеген сайын басын қыршып,Артынын түбіт тұрар қыл -
қыбыршық.(Қайшы)
Қысқа таяң діңі бар,Шиырлаған ізінде,Сайрап тұрар тілі
бар.(Қарындаш)
Сансыз ойлар бетінде,Сайрап жатыр бар тілде.Қажетпін мен әр
күнде,Өшпейді бір әрпімде.(Қағаз)
Жұқа тақтай бөлшегі,Ұзындықтың өлшемі.(Сызғыш)
Тазалап ақ қағаз жүзін,Жоқ етер қарындаш ізін. (Өшіргіш)
Еңбек сабағындағы қауіпсіздік ережесін есте сақтайық.а)Қайшыны
жолдасыңа берерде үшкір жағын өзіңе қаратып берә).Қайшының жүзін
жабық күйінде келтіріп, партаның оң жағына қой. б)Инені аузыңа
салуға болмайды, киімге түйреуге болмайды.в)Инені алушыға
сабақтаулы жағымен бер.г)Сынған инені жерге тастауға
болмайды.Y.Сергіту.
YI. Сабақты бекіту.
1. Модельдеу дегеніміз не?
2. Модельдеу неше түрге бөлінеді?
3. Қазақстандағы қандай сән үйлерін білесіңдер.
4. Стильдің түрлері?
YII. Үйге тапсырма беру.
Салған суреттері бойынша киімдерді модельдеу. Сән, модель туралы
мәнжазба жазу.