7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты Біз Тәуелсіздік Қазақстан балаларымыз 3 сынып

Тәрбие сағаты Біз Тәуелсіздік Қазақстан балаларымыз 3 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Тәрбие сағаты .



Тақырыбы : Біз - Тәуелсіз Қазақстан балаларымыз .

Мақсаты : Оқушыларды туған жерін , елін , Отанын

сүюге , қазақ елінің ұлттық нышандарын

қастерлеуге,жерін , оның табиғаты мен

байлық қазынасын қорғауға тәрбиелеу;

Оқушыларды өз елін , жерін қорғап оны

ойлай білетін ұлтжанды , патриот сезімі ұя-

лаған , өз ойын айқын, көркем жеткізе ала-

тын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі :Қазақстан рәміздері .Қазақстан картасы .

Қанатты сөздер .Мақал - мәтелдер.



Сабақ барысы :



1. Ұйымдастыру кезеңі .

2. Мұғалім: Отан дегеніміз - әр адамның туып өскен жері , туған- туыстарымен , жақындарымен бірге тұратын атамекені .

«Отансыз адам - қанатсыз құспен тең» демекші ,әр адамның Отаны өзі үшін ыстық.Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан тәуелсіз Республикасы.1992 жылы Қазақстан Республикасының нышандары бекітілді .Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап өркениет өріне қарай қарышты қадам басып келеді . Елбасы Н. Назарбаевтың сыңдарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жолында игілікті істер , ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр . Біздің елдігіміздің белгісі болып саналатын - ұлттық нышандарымызды тұмардай танып, қадірлеп, қастерлеуіміз керек . Еліміздің ертеңі, болшағы - сендердің қолдарыңызда. сондықтан білімді , тәрбиелі , іскер , талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық :

1- оқушы : Ендеше қазақстан Республикасы :

Туымен тұғырлы ,

Елтаңбасымен елеулі ,

Әнұранымен айбатты .

2- оқушы : Құлақ түрем елімнің тынысына ,

Мақтанам, қуанамын табысына ,

Елбасы мен халқымыз аман болса ,

Айналар Орта Азия « Барысына»



Мұғалім : Барыс - биік тауларды мекендейтін , өзінің балалығымен , тектілігімен , мәрттілігімен бағаланған аң .

Елбасымыз барыс атауын текке қолданбаса керек .

Қазақстанды орта Азия барысына айналдыру үшін жасалған Елбасымыздың « Қазақстан - 2030 » стратегиялық бағдарламасы бұл күнде құс қанаты талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті .

Елбасының жолдауы - егемендіктің кілтін ұстап жастардың жарқын болашағына апарар алтын сүрлеу.



3- оқушы : Біз намыскер- қазақ елі ұланымыз ,

Қорғайтын жерді оттан қыранымыз .

«Талап , Еңбек Терең ой , Қанағат , Рақым» деп Абай атамыз айтқан ұланымыз.



4- оқушы : Өзіңдікі елің де ,

Өзіңдікі жеріңде.

Өзіңді өзің еткен бақ-

Тәуелсіздік төрінде .



5- оқушы :Өзіңдікі туың да ,

От пен ауа суың да .

Жаса , Қазақстаным.

Белді бекем буын да .



6- оқушы :Асқар тау да сенікі ,

Бақша бау да сенікі .

Қалтқысыз дос пенен

Қатал жау да сенікі .



7- оқушы: Елімнің аты , жерімнің аты -

Өзіңмен биік, Республикам !

Жақсының аты , ғалымның хаты

Өзіңмен биік Республикам!



8- оқушы: Білімді ұрпақ , білікті маман ,

Беделің сенің Республикам !

Болатын балаң , ары сау адам -

Мерейің сенің , Республикам!



9- оқушы :Бәсеке деген оңай сын емес,

Ұшпасын бағың , Республикам!

Қазақтың атын , қазақтың затын -

Тұмар ғып тағын , Республикам!



10- оқушы : Қазақстан ! Туды алтын дәуірің ,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Ұзақ болсын гүлденген бұл ғұмырың,

Тәуелсіздік құтты болсын айбыным !



11- оқушы: Әуелі Отан - Ана алды , оттың басы ,

Ауыл алды аунаған шөптің қасы,

Сағынғанда тым ыстық көрінеді

Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы

Ән: «Елім менің».



12- оқушы: Мен өзімнің Қазақстандай елде туылып , осындай елде өсіп келе жатқанымды мақтан етемін . Жарқын болашақ күтіп тұрған менің елімде терең білім алып, Отаныма адал қызмет етіп, елімнің дамуы мен өркендеуіне өз үлесімді қоссам деймін.



13- оқушы:Отан дейміз от жаққан жерімізді ,

Отан дейміз өсірген елімізді .

Отан дейміз туған жер , атамекен,

Биік тау , орман , тоғай ,көлімізді .



14- оқушы:Отан , Отан !

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.



15- оқушы: Тауды көрсең күн көзімен таласқан

Аспан көрсең ай мен күнге жол ашқан .

Менің байтақ Республикам таулары ,

Менің көгім мөлдіреген сол аспан.



16- оқушы : Дала көрсең көк желекпен ұштасқан .

Көлді көрсең секілді бір түнгі аспан .

Менің байтақ Республикам даласы ,

Менің көлім теңізбен қол ұштасқан .



17-оқушы : Республика ! Ерікті ел - Қазақстан !

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан

Келді алыстан аңсатып , армандатып,

Торды бұзған мен де бір арыстан . деп жырлаған -дай тәуелсіздігіміз бізге оңайлықпен келген жоқ .Сондықтан осы тәуелсіздігімізді қадірлей білейік.





Ән: Туған жер .







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал