7


  • Учителю
  • 'Төрт құдірет' тәрбие сағаты +презентация

'Төрт құдірет' тәрбие сағаты +презентация

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тәрбие сағаты "Төрт құдірет"Мақсаты: 1. Оқушыларға бүкіл әлемдік тіршіліктің төрт құдіретін, яғни күн, Жер – ана, су және ауа екенін, оны қастерлеу халық салты, өмір заңы екенін ұғындыру. Қазіргі кезде экологияны сақтау негізгі мақсат болғандықтан, балаларды қоршаған таби
предварительный просмотр материала

Мақсаты: 1. Оқушыларға бүкіл әлемдік тіршіліктің төрт құдіретін, яғни күн, Жер - ана, су және ауа екенін, оны қастерлеу халық салты, өмір заңы екенін ұғындыру. Қазіргі кезде экологияны сақтау негізгі мақсат болғандықтан, балаларды қоршаған табиғатты аялауға үйрету;

2. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа баулу, ауаны тазарту үшін өсімдіктерді көптеп өсіру;

3.Балалар қоршаған ортаға аяушылықпен қараса, төңірегіндегі адамға да, нәрселерге де аяушылықпен, мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Табиғатқа байланысты қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, слайд, суреттер, жер,су,ауа,күнді бейнелейтін киімдер.

Барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. - Табиғат пен адам әрқашан егіз деуге болады. Оны қорғау - әр азаматтың борышы. Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлген.

Табиғат әсемдік төркінісің,

Ән салам бір сенің көркің үшін.

Жан-жануар табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай бар тынысын.

  • Олай болса, бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға қонаққа келген «Төрт құдіретті» ортаға шақырайық.

  1. Әлемге қуатты,

Сәуле мен шуақты.

Алып күн беріп тұр

Жарық күн - көрік нұр. (Ортаға Күн-Ана шығады)

Күн: - Армысыздар, жер бетіндегі тіршілік иесі. Мен жылуыммен жер бетін қыздырып, әр кеудеге қуаныш сеуіп, әр жүрекке күлкі боп енемін. Әрбір арайлап атқан күнмен бірге сіздерге тыныштық, бейбітшілік тілеймін.

Мұғалім: Нұрын төккен қайырымды күн, төрден орын алыңыз

1-оқушы: Күн - барлық тіршілікке нұрсәуле шашып тұрған құдірет. Әлемдегі барлық тіршілік күннің күшімен қозғалысқа түсіп, адам өмірін өркендетіп тұр.Халқымыз күнге қарап, мезгілді анықтап, уақытты мөлшерлеген. Келер күннің ауа-райын болжап, айға, жұлдызға қарап жол жүрген. Оған бас иіп, өз бойына бір ерекше күш алып отырған.Жаңа туған айды көрген мұрат, жаңа шыққан күнді көрген - қуат деп құбылыстарды қастерлей білген.



  1. Аялар анамыз,

Саялар панамыз.

Құлпырған тірлікпен

Жер құтты гүл біткен. (Жер-Ананы шақырады)

Жер: - Адамдар, жер - сенің аяулы бесігің,

Осы жер үстінде аштың сен тіршілік есігін.

Онымен кіндіктес жаның да, қаның да,

Жер жаһан аялап тұр алақанында.

Мұғалім: Жер, сіздің пейіліңізге, тілегіңізге рахмет, төрге шығып жайғасыңыз!

2-оқушы. Жер-Ана - тіршілікке нәр беріп, адам баласын асырап жатыр. Оның орман-тоғайы елге дәулет, киелі қазына.Адам баласы ғасырлар бойы қасиетті жер үшін сан рет қан төгіп, оны бүлдірмеу, аялау үшін талай рет тер төккен.


  1. Өңірдің өзені,

Өмірдің өзені.

Сусыз жер - өмірсіз,

Нусыз, өр, өңір, тұз. (Су-Ананы шақырады)

Су: - Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе?!

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол - ақиқат,

Күміс су қара жердің сәні емес пе?!

3-оқушы: Су-Ана - Жер жүзіне тіршілік нәрін сіңіріп, тірек болып тұр.Сусыз да тіршілік жоқ. Халық судың шығып жатқан жерін «Әулие бұлақ» деп тегін айтпаған.


4.Жер шары - «дәу» әлем,

Қоршаулы ауамен.

Ауасыз кім шыдар?

Ауасыз тұншығар. (Ортаға Ауа-Ананы шақырады)


Ауа: - Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

4-оқушы: Ауа-барлық тіршілік атаулыға тыныс беруші құдірет иесі. «Ауа - өмір тынысы» деп бекер айтпаған. Сондықтан табиғат пен адам арасындағы байланыс адамның дамуы, денінің саулығы Күн нұрымен шуағына, Ай сәулесіне, яғни жаратылыс әлемінің өзгерістерімен байланысты екен.


Мұғалім: Адамзат баласының жан-жақты рухани үйлесімді дамып, қалыптасуына білім мен тәрбие аясы, жеті қат көк, жерге нұрын төккен күн мен ай керек екені сөзсіз. Сондықтан да, халқымыз жаратылыс әлемін қастерлеп, кие санап, пір тұтқан, оған сүйіспеншілікпен қарап, қамқорлық жасап, аялай білген. Осы төрт құдіреттің бірі болмаса тіршілік тоқтайды.

Мұғалім:

Қарасам Қазақстан картасына,

Оранған бар байлықтың алқасына.

Арайлы Атамекен - туған жерім,

Мен үшін сенің артық әр тасың да.

  • Сіздерді , оқушылардың өлеңдерін тыңдай отырып, тақтадан Қазақстан табиғатын тамашалауға шақырамын.

Надежда:

Табиғат - алтын күнім, асыл айым,

Шашылған жұлдыз меруерт жастанайын.

Үңілем таңнан тұрып терезеге,

Ашық па жабық па деп қас-қабағың.

Табиғат-көркем жырым, асқақ әнім,

Сен - ана, мен қашан да жас баламын.

Сөйлеші жерде бұлақ, көкте бұлт боп,

Тіліңді түсінуге тырысайын.

Ерлан:

Табиғат әсемдіктің төркінісің,

Ән саламыз бір сенің көркің үшін.

Жан-жануар табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай бар тынысын.

Жеңісбек:

О, туған жер, қадіріңді кім білген,

Мен қырыңнан теруші едім бүлдірген.

Сенде өткізген артық екен бір күнім,

Басқа жерде той тойлаған мың күннен.

Қанат:

Армысың, ардақ-мекен, асыл-мекен,

Айрықша топырағың, тасың бөтен.

Бабалар бақыт іздеп кезуші еді,

Білмепті, бақыттары қасында екен

Ғасырлар сілемімен басулы екен.

Диана:

Күнім сенсің, тас төбемде тұрса түн,

Анам сенсің жолдан тайсам ұрсатын.

Саған қарай ұшып келем туған жер,

Көктем шықса құстар солай ұшатын.

Сенде көктем, сенде алма ағашы бар,

Аспанында аяулы елдің жыры бар.

Ақ сұңқарың қанша биік ұшса да,

Саған келер, саған келіп жығылар.

Эльдар:

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ол - сәніміз.

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

Асан:

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,

Қастерлейік оның асыл бар қазына ырысын.

Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың,

Табиғат Анаң, ал сен оның аялаған ұлысың.

Елнұр:

Егемендік нышаны жарқын жастық,

Болашаққа сеніммен қадам бастық.

Көркейтейік туған жер табиғатын,

Кең даламда жайқалсын алтын астық.


Мұғалім: Ей, замандас, ең алдымен досыңды ұқ,

Досың жер, су, мөлдір ауа, өсімдік.

Ала жүріп осылардың сыйлығын

Осыларды қорлау деген не сұмдық?

Дүниеде екі ана бар.Біріншісі -табиғат тіршілік ана, екіншісі-адамның анасы.Осы екі анаға біз қаталдық көрсетпеуіміз керек, олардың жанын жаралауға болмайды. Бірақ біз соны есімізде сақтап жүреміз бе?Соңғы кезде қоршаған ортаның ластануы барынша көкейкесті мәселеге айналып отыр, өйткені адамның ойланбай жасаған әрекеттерінің салдарынан өмір сүруге қажетті нәрсенің бәрі ластануда.

(Слайдтар арқылы адамдардың кесірінен Арал теңізінің тартылып қалуы, аулымыздың шетіндегі «Миалы» жеке кәсіпорнының қалдықтары, ауаны көп ластайтын өнеркәсіп орындары, завод, фабрикалар туралы мысалдар келтіру)

  • «Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз». Осы төрт құдірет-адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына... Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу - біздің басты міндетіміз.

  • Балалар, біздің бүгінгі қонақтарымыз өздерінің тапсырмаларын да ала келіпті, солардың тапсырмаларын орындайық.

Су-Ана: Табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді білдіретін қандай мақал-мәтелдер білесіңдер.

«Ер- елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі»,

«Бір тал кессен, он тал ек»

«Дәрі шөптен шығады, дана - көптен шығады»,

«Қорада малың болсын, көшеде талың болсын»

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»

«Сұлу жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас»

«Бұлақ көрсең, көзін аш»

«Жылап жүріп арық қазсаң,

Күліп жүріп су ішерсің»

Және мынадай нақыл сөздер айтылған:

«Туған жерге туыңды тік»

«Мың шыбық шаншып өсірсең-

Халқыңа орман салғаның.

Халқыңа орман салғаның-

Өзіңе қорған салғаның»

«Табиғат - тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!

Келешек сендердің қолдарыңда!»

Ауа-Ана: «Жер, су, ауа» ойынын ойнату


Жер-Ана: Балалар , мына қызылды, жасылды гүлдерде табиғатқа байланысты сұрақтар бар. Қалаған гүлдеріңізді таңдап, ішіндегі сұраққа жауап беріңіздер.


Күн-Ана: Бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап, қөңілді күйде, табиғатқа байланысты сөздерді, сөйлемдерді пайдалана отыра тілек айтайық.

1) Бұлақтай мөлдір таза бол!

2) Жұлдызың жарық болсын!

3) Айың оңыңнан тусын!

4) Қөңілің көлдей шалқысын!

5) Гүлдей жайнай бер!

6) Таудай талапты бол!

7) Қызғалдақтай құлпыра бер!

8) Күндей жарқыра!

9) Әрқашан күн сөнбесін!


Төрт құдіреттің биін тамашалау


Қорытынды:

-Табиғат, Жер-Ана, Отан, Туған жер,Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналас, мазмұнды бай сөздер. Адамның өзі Табиғат пен Жер-ананың перзенті. Табиғатты сүйе білу, оны аялау - адамның азаматтық борышы.

- Олай болса біздің міндетіміз :

Хормен : Туған жерді сүю - парыз,

Сүю үшін білу - парыз,

Қасиетін ұғу - парыз,

Күзетінде тұру - парыз!

Осымен сабағымыз аяқталды.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал