7


  • Учителю
  • Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы және оның себептері Әдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы және оның себептері Әдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: Дүниетану

Мектеп:№8 қазақ орта мектебі

Сынып: 4 «А»

Мұғалім: Сламбек Г.Т.

Әдіскер: Сүлейменова С.Ы.

Тәлімгер: Сатбекова М.М.

Тақырыбы: «Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы және

оның себептері»

Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың мақсаты: Білімділік: жердің өз білігінің айналуы арқылы күн мен түннің ауысатыны туралы түсінік беру Дамытушылық: бақылау, байқампаздық сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту. Тәрбиелік: өз беттерінше тапсырма орындауға, тиянақты болуға тәрбиелеу. Өткізу әдісі: көрсету,сұрақ-жауап өз бетімен жұмыс істеу, түсіндіру. Сабақ көрнекілігі: тақырып мазмұнына сай суреттер, глобус, үйлестірме қағаздар, сызба, ермексаз,жіп.

Сабақтың барысы:



I Ұйымдастыру кезеңі:

1. Амандасу, танысу

- Сәлеметсіздер ме, құрметті, оқушылар. Менің аты-жөнім Сатбекова Мадина Мерекеқызы.Бүгінгі дүниетану сабағын мен өткіземін. Бәріміз бір кісідей белсене жұмыс істейік.

2. Психологиялық дайындық: - Балалар сабағымызды бастамас бұрын көңілімізді көтерейік, бойымызды сергітіп алайық. Ол үшін менімен бірге қайталаймыз. Дүниетану жер шары,

Дүниетану ел шары.

Айналаны бағдарлап

Табиғатты зерттейік.

Жер байлығын бағалап

Қашанда еңбек етейік

II.Үй тапсырмасын тексеру:

  • Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырып өттік? (Глобус - Жердің дәл үлгісі)

  • Тағы мен сендерге қосымша сұрақтар, тест және сурет салуға берген болатынмын. Ал кім айтам дейді?

Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру

  • Не білесің? (жер туралы)

  • Не білдің? (глобус)

  • Не білгің келеді? (Күн мен түннің ауысуы, жер білігі )

III Жаңа сабақ

  • Иә, дұрыс айтасыңдар біз бүгін сендермен осы «Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысу және оның себептері » жайлы өтетін боламыз.

  • Мен сендерге алдыңғы сабақта ізденушілік тапсырма берген болатынмын кім орындап келді? (оқушылардан сұрау)

  • Менің қолымда не тұр? (глобус)

  • Глобус яғни ол жер. Жер шар тәрізді дене, сыртын атмосфера қаптап тұрады, күнді айналып жүреді, серігі - Ай, 6 материктен тұрады, 4 мұхиттан тұрады. Бұл глобус не істейді? (айналады)

  • Ендеше бәріміз қазір жердің макетін жасап көрейік, Ортасынан жіп жібереміз. Осы жіп жердің білігі.(глобустан жер білігін көрсету)Жер осы өз білігінен айналады.

  • Жердің өз білігінен айналуының нәтижесінде Жер шарының бетіндегі кез келген нүкте бірден Күн түсіп жарқырап, енді біраздан кейін көлеңкеге кетіп отырады. Екінші сөзбен айтқанда, күн мен түн ауысады.

Ой толғау: бір жағы қараңғы, бір жағы жарық. Күн түскен жағы күндіз, қараңғы жағы түн болады.

  • Не байқадыңдар?

  • Енді не өзгеріс болды?

Ой толғау: күн мен түн ауысты. Жер өз білігінен батыстан шығысқа қарай 24 сағатта бір рет айналып шығады. Жердің өз білігінен айналып шығуына кеткен уақыт тәулік деп аталады. Тәулік бір күн мен бір түннен тұрады.

  • Балалар тақтада қандай сурет тұр, күн тәртібінің яғни біздің бір күнімізді қалай өткізетініміз көрсетілген. Осы күн тәртібіндегі талаптарды жақсы орындасаңдар күндерің жақсы әрі пайдалы өтеді.

Қосымша материалдармен таныстыру:

1) Жер қалай пайда болған?

Жер газ бен тозаңнан тұрған. Бұл шар суып қатты қабыршақ пайда болған.

2) Жер ғарыштан қандай болып көрінеді?

Жасыл және қоңыр дақтары бар ашық көгілдір түсті шар.

3) Жер ішінде не бар?

Ядро бар, өте ыстық, өте қатты, оған бұрғылаумен жету мүмкін емес. +4000°С Одан соң мантия болды. Ол ыстықтау жыныстарынан және жартылай Балқыған тау жыныстарынан тұрады. Жер қыртысы болды.

4) Жердің магниттік өрісі

Жердің магниттік планетаның ішіндегі қозғалыспен өндірілген оның электр токтарынан пайда болады. Магниттік өрісі көзге көрінбейді.

5) Жердің ашылуы

Жерді алғаш Эратостен деген грек математигі ашты.



Оқулықпен жұмыс

  • Балалар енді кітабымыздың 102 бетін ашып мұқият оқып шығайық





Ойын «Досымызды бейнелейік»

  • Балалар, біз көп жұмыс жасадық, енді алдамыздағы қағазды төбемізге қойып қасымыздағы досымызды бейнелейік, сосын оны сол досымызға сыйлаймыз.

Дәптермен жұмыс

  • Ал, енді барлығымыз дәптерімізді ашып кітаптың 104 бетіндегі ережені жазып алайық. (дәптермен жұмыс ережелерін еске түсіру)

Қызықты материал



  • Жердегі ең жылы теңіз - Қызыл теңіз

  • Жердің 70 пайызы сумен толтырылған, бірақ оның 1 пайызы ғана ішуге жарамды.

  • Солтүстік полюске қарағанда Жердің Оңтүстік полюсінде суықтау.

  • Жердің 10 пайызын мұздар мен мұзтаулар алып жатыр.

  • Солтүстік полюсте жылына 186 күн бойы күн көрінбейді.

  • Күн сәулесі Жерге 8,5 минутта жетеді.

  • Ай Жерден 80 есе жеңіл.

  • Күн жүйесіндегі ең кішкентай планета - Плутон, ал ең үлкені - Юпитер.

  • Құдай атымен аталмаған жалғыз планета - Жер.

  • Күн жүйесіндегі ең ыстық планета - Шолпан.

  • Шолпанда күн батыстан шығып, шығыс жаққа батады.

  • Жерден құралсыз көзбен қарағанда көрінетін планета - Уран.

  • Меркурийдегі жарты тәулік (күндізгі уақыт) жердегі бір жылдан екі есе ұзақ.

  • Шолпандағы тәулік жердегі жылдан ұзақтау.

  • Мұздың тығыздығы бетонның тығыздығына тең.

  • Ыстық су суық суға қарағанда ауырлау.

  • Лас қар таза қарға қарағанда баяу ериді.

  • Газ тәріздес сутегі Жердегі - ең жеңіл, ал сұйық сутегі - ең ауыр нәрсе.





Шығармашылық жұмыс.

  • Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

  • Енді мен сендерге қағаз таратамын әр қатар осы табиғат деген ауқымды ұғымды қалай түсінеміз соны осы қағаздарға бейнелейік.

IV. Сабақты бекіту



Күн Түн



Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы және оның себептері Әдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы



V. Қорытынды (доп арқылы)

  • Балалар біз бүгін қандай тақырып өттік?

  • Күн мен түн неліктен ауысады екен?

  • Тәулік дегеніміз не ?

  • 1 тәулікте қанша сағат бар?

  • Күн мен түннің ауысып тұруының адам баласы үшін тигізер пайдасы?

  • Не үйрендік?

VІ. Бағалау.

</ Сабаққа белсене қатысқан 7-8 оқушыны бағалаймын

VІІ. Үйге тапсырма.

  • Үйге оқулықтың 102 бетіндегі тақырыпты мазмұндау және 7 сұрақ құрастыру



Мұғалім:

Әдіскер:

Баға:

















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал