- Учителю
- Ашық сабақ 'Қызықты математика'
Ашық сабақ 'Қызықты математика'
Сабақтың тақырыбы: Қызықты математика
Мақсаты:
1. Білімділік: математика сабағында алған білімдерін одан әрі тереңдету, өрнек құрып мәнін табуға, теңдеу құрып, оны шешу дағдыларын арттыру.
2. Тәрбиелік: ұйымшылдық, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу,жылдам әрі нақты жауап беруге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: шығармашылықпен жұмыс жасап, логикалық ойлау қабілеттері мен есептеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тестік тапсырма,жұмбақ,салыстыру,т.б
Пән аралық байланыс: өмірмен,ана тілімен,дүниетанумен,ән сабағымен
Көрнекілігі: суреттер,ойындар, тестік тапсырмалар.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
А) Оқушылар шеңбер жасап тұрады.
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше болмақ. Өйткені бізге қонақтар келіп отыр. Үйге қонақ келгенде қонақжайлылығымызды білдіріп құрметтегеніміздей, бізде өз білімдерімізді көрсетіп, қонақтарды риза етіп қайтарайық. Жарай ма?
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы кун!
Біз көңілді баламыз.
Қайырлы кун!
Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз-білім алу,
Міндетіміз- еңбектену.
Еңбектену арқылы
«5»-ке қолды жеткізу.
-Жарайсыңдар балалар !
Енді бері қараңдар. Мына жерде үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы фигураларының суреттері беріліпті. Әр қабырғаның ұзындықтарының қосындысы 12, 14, 16-ға тең болуы қажет. Тез құрастырып тапқан оқушылар сол топқа бірігеді.
Үшбұрыш тобы- Ринат
Шаршы тобы-Айсезім
Төртбұрыш тобы-Ақмоншақ
-
Әркім өз тобымен топтастырылып отырыңдар, бері қараңдар.
Бүгінгі сабақта да өткен сабақтардағыдай бағалау житондарымен жүргізіледі.
«5»- бәрекелді, 4-шіркін, 3-әттең деп бағалаймын. «Бәрекелді» житонын көп жинаған бала «Үздік математик» атағына ие болады. Ал тобы сабаққа белсене қатысқан топ «Жас математик» атағымен марапатталып, Алғыс хатқа ие болады.
Ал үшбұрыш тобы үшбұрыш жайлы не білесіңдер? (3 төбесі, 3 қабырғасы, 3 бұрышы бар)
-
Шаршының қандай қасиеттері бар? (барлық қабырғалары тең)
-
Төртбұрыш жайлы не білеміз? (4 бұрышы, 4 төбесі бар, Қарама-қарсы қабырғалары тең)
Өте жақсы балалар!
ІІ. Өткенді пысықтау.
Қызығушылықты ояту.
«Ұр, тоқпақ» ойыны. Сұрақ-жауап арқылы ойналады. Қандай математикалық терминдерді білесіңдер? Қосу амалының компонентттерін ата. Санды өрнек құр. Әріпті өрнек құр. 100 бен 80-нің айырмасы нешеге тең?т.с.с.
ІІІ. Жаңа сабақ.
А) Ой қозғау.
- Суретте қандай көрініс көріп тұрсыңдар?
- Қыс.
- Қыстың сәні не?
- Қар
- Ендеше қыстың сәнін келтіру үшін 3 топтан 6 оқушы тақтаға шығып қардың тапсырмасын орындайды.
40+20 100-50 45+25
90-20 60+30 80-40
Өте жақсы.
-
Алда қандай мереке келе жатыр?
-
Жаңа жыл
-
Жаңа жыл мерекесінің сәні не?
-
Шырша
-
Шыршаның тапсырмасы. Салыстыруға байланысты 3 топқа 3 түрлі өрнек, оны тақтаға жазу, өрнектерді оқу тапсырылады.
І топ. (80+5)-20 (80+20)-5 Ақмоншақтың тобына
ІІ топ. 83 см 8 дм2см+2см Ринаттың тобына
28сағ 1тәул6 сағ
ІІІ топ.28сағ 1тәул.4 сағ Айсезімнің тобына
45дм 50см+10см
-
Шырша несімен көрікті?
-
Ойыншықтарымен.
-
Ойыншықтар тапсырмасы математикалық диктант түрінде берілген.
І топ. 40 пен х-тің айырмасы 21-ге тең.
ІІ топ. Х пен 6-ның қосындысы 60-қа тең.
ІІІ топ. 8 бен х-тің қосындысы 50-ге тең.
-
Теңдеу шешіліп, ойыншықтар ілінеді.
-
Жаңа жыл мерекесінде күтетін ең басты қонағымыз кім?
-
Аяз Ата.
-
Аяз Ата тапсырмасын орындайық. «Ұрылар мен кемпір» ертегі есебі. Ертеде байлардың есігінде жүрген, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып, ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді.
Кемпір: «Бұлар менің жалғыз сиырымды ұрламақ болса, мен де бұларды алдайын»-деп ойлайды. Сөйтіп жалма-жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты.
Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер.
Есіктегі екеуге бер,
Төртеді төртеуге бер,
Өзің іш те маған бер- деген екен. Мұны естіген ұрылар «Қой мұнымыз болмас, үй толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік»-деп кетіп қалады. Кемпір ұрылардан тапқырлығымен құтылыпты. Сонда үйдегі адам нешеу? (10)
Аяз Ата келеді.
Аяз Ата жалғыз жүруші ме еді?
Оның серігі не?
-
Ақшақар.
-
Әрі қарай Ақшақар тапсырмасын орындайық.
Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10үйрек тығылды.
10 үйрек жығылды.
Қалғаны не үйрек? (70)
11 түйе, 5 жылқы
2 сиыр, 1 ешкі
2 қоян, 3 түлкі
Неше болды барлығы? (24)
-
Жақсы. Енді біз Жаңа жылды қарсы алуға дайынбыз.
ІV. Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып
Егеменді ел көрдім.
V. Топпен жұмыс. Қазір балалар, 3 топқа 3 түрлі сурет беріледі. Сол сурет бойынша есептер құрастыру қажет. Қарсы топ кері есеп құрастыркға болады.
VІ. Шығармашылық жұмыс.
3 топқа 3 түрлі тапсырма беріледі. «Ойлан тап» ойыны. 2 түрлі тәсілмен жазу.
І топ. (9 2) =14 ІІ топ. (10 3) =20
ІІІ топ. (12 4) =20
2. Сәйкестендіру тесті.
І т.30+25 80 ІІ т.30+24 55 ІІІ т. 30+23 80
100-44 55 100-45 80 100-46 53
64+16 56 62+18 54 63+17 54
VІІ. Логикалық есептер орындаймыз.
-
Кеше Айнұрдың туған күні еді. Ертең-жұма. Айнұрдың туған кұні аптаның қай күні болды? (сәрсенбі)
-
Әжесі 12 қолғап тоқыды. Немересі нешеу? (6)
-
Мараттың үйінде папасы, мамасы, ағасы, қарындасы бар. Аквариумда төрт балығы мен 2 құсы тағы бар. Осы үйдегі тұрғындар аяғының саны қанша? (14)
-
Біз үлкен жанұя
Ең кішіміз-Әлия.
Қалғанымыз мыналар.
Раушан, болат, Дариға,
Айжан, Ержан, Даналар.
Гүлжанымыз тағы бар.
Қане есептеп табыңдар? (атаөанасымен 10)
-
Мұз айдында 15 бала,
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай 8 бала
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар балаға
Қосылды тағы бес бала.
Сонда барлығы қанша бала? (28 б)
-
Жеті ағайынды ұлдардың біреуден қарындастары бар. Отбасында неше бала? (8)
-
Ауылда 4 күн, 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты? (4 т)
-
Адамның қай мүшесі батыр, қай мүшесі қорқақ?
(қол- батыр, көз қорқақ)
VІІІ. Ендігі кезекте жұптық жұмысқа кезек береміз.
«Жұбын тап» ойыны.
«Кім жылдам» ойыны.
8 8
17 15
? ?
9 9
16 14
? ?
ІХ. «Білгенге маржан, білмеске-арзан» ойыны.
Математикалық мақал-мәтел, жұмбақ айтудан жарыс.
Х. Сабақты қорытындылау, мадақтап бағалау.
«Күн көзін бұлттан тазартайық».
«Әрқашан күн сөнбесін!».
Әр бұлт тапсырмасы;
-
Толық ондықтарды ата.
-
Қосудың неше қасиеті бар?
-
Ауыстырымдылық қасиеті не жайлы?
-
100 бен 15-тің айырмасы нешеге тең?
«Үздік математикті» танып, мадақтау.
ХІ. Үйге тапсырма беру.
Теңдеу құрып, оны шешіп келу.
№137 орта мектеп
Тақырыбы: «Бастауыш сыныпта жаңа технологияны пайдаланудың тиімділігі»
Қ. Бодыбаева