7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Ешкі . Бөрте лақ. Жіңішке дауыстылар.

Сабақтың тақырыбы: Ешкі . Бөрте лақ. Жіңішке дауыстылар.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ешкі . Бөрте лақ. Жіңішке дауыстылар.

Сабақтың мақсаты: Төрт түлік жайлы білімдерін толықтыра отырып, ешкі малымен танысу. Сабақтың міндеттері: 1) Бейне көрініс көрсете отырып, оқушылардың ойын қозғау арқылы сабаққа деген ынтасын арттыру, оқу дағдысын қалыптастыра отырып мәтінмен жұмыс істей білуге баулу; 2) Мәтін мазмұны арқылы оқушының шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, сана сезіміне қозғау салу, шығармашылық деңгейін көтеру; 3) Тапсырмалар арқылы оқушыларға жұмыс жасата отырып, алғырлыққа, тапқырлыққа, түлікті сүюге, байқампаздыққа, көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Төрт түлік малдың суреттері, интерактивті тақта сөзжұмбақ, топтастыру кестесі, Венн көрсетуі.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру сәті. Психологиялық дайындық.

Әр адам туысым, досым, бауырым.

Әр сабақ үйрену, ұғу, ұлағат.

Әр ісім тіршілік, тірек, адамдық.

Әр сөзім шындық, бірлік, адалдық.

- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың дәйексөзі « Білім іздемесең, ой-өрісің тозады. Малды іріктемесең, тұқымы азады».

</<font face="Times New Roman, serif">II.Өткенді пысықтау.

1.Қойдың сүйсініп жейтін шөбі.

2.Түйе сүтінен жасалатын сусын.

3.Түйе үстіндегі екі тау сияқты денесі қалай аталады.

4.Сиыр иесі.

- Сонымен ерекше торкөздегі әріптерді қосқанда қандай сөз шықты?

- Ешкі.

- Ендеше біз бүгінгі сабақта сендермен төрт түлік малдар ішінде қой малымен қоса айтылатын ешкі малымен танысамыз.



















Ой толғау.

Осы «ешкі» деген сөзді естігенде кімге қандай ой келді?

Алдымыздағы қағазға үлкейтіп жазайық.



лақтайды

Сексек ата үй жануары



лақ ет



сүт



Кіріспе. Бейне көрініс. Ешкі малы туралы түсінік беру.

Кітаппен жұмыс. Кітабымызды ашып «Ешкі» мәтініне қолымызды қоямыз. Түсініксіз сөздерді түртіп отырамыз. «Бөрте лақ » өлеңін оқу.

  1. Мәтінді мұғалім оқуы.

  2. Түсініксіз сездермен жұмыс.

Тезімсіз - шыдай алмайды.

Бүрі - сыртқы қабығы.

  1. Оқушылардың оқуы.

  2. Талдау.

  • Ешкі қойға қарағанда қандай мал?

  • Жүрдек, қағылез, мазасыз.

  • Ешкінің қорегі қалай аталады?

  • Тасжарған, ырғай, итмұрын, бұта бүрі.

  • Ешкінің пайдасы не?

  • Сүті мен түбіті.

  • Ешкі қандай мал?

  • Өсімтал.

IV. Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс. Күнді жазу. Каллеграфиялық жол.

37- жаттығу.

Қой, ешкі, серке, қозы, тоқты, лақ. ( Жіңішке дауысты дыбыс әріптерінің астын сызу)

  • Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не? Жіңішке айтылып тұрған сөздерді тап.

Ойын. «Орныңды тап». Шашылған сөздерді жуан, жіңішке дыбыстарға бөліп сақинаға салу.

Май, қаймақ, шұбат, ірімшік, сүзбе, сүт.

Венн көрсетуін орындаймыз. Жуан - Жіңішке.

  1. Сөз дегеніміз не?

  2. Сөз неге жуан айтылады?

  3. Төрт түліктің бұдан басқа тағы қандай пайдасы бар?

Шығармашылық жұмыс.

Т, е, қ, а, л, ш, ж, к;, й, і, ү, з, ұ, н, и, ы, о, с, , м, ө, п.

  1. Берілген әріптерден біздің өткен тарауымызға байланысты сөздер жаз.

  2. Осы сөздерді буынға бөл.

  3. Буын дегеніміз не?

Ешкі, түйе, құлын, жылқы, қозы, сиыр, лақ, қой.

Жұмбақ шештіру. ( Төрт түлікке байланысты)

Сабақты қорытындылау:

1.Малдың пайдасы? 2.Мал төлдері?

3.Қой алдын бастап жүретін мал?

4.Төрт түлікті ата?

Бағалау.

Үй тапсырмасы: 38 - жаттығу. Бөрте лақ жаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал