7


  • Учителю
  • Өзін-өзі тану Ақыл – жастан, асыл – тастан 3сынып

Өзін-өзі тану Ақыл – жастан, асыл – тастан 3сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектеп: Нұржау жалпы орта Мерзiмі: 17.02.2016ж № 22 сабақ

Тақырып: Ақыл - жастан, асыл - тастан

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік, жауапкершілік,шыдамдылық, жанашырлық

Мұғалiм: Жумагалиева Арайлым Алтаевна Сынып 3 «а, ә» Оқушылар саны 27



Мақсаты: Балалардың «даналық» құндылық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

· Ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

· Ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту;

· Балалар дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

үнтаспа, дәптер, оқулық, «Даналық кітабы».



Сабақтың барысы:Өзін-өзі тану Ақыл – жастан, асыл – тастан 3сынып

І. Ұйымдастыру кезеңi.

1) Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

2)Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін - еркін дұрыс отыруын қадағалау

ІІ. Дәйек сөз.

Тақтада жазулы тұрған Жүсіп Баласағұнидың «Адам бойындағы ең тамаша нәрсе - білім мен ақыл» деген даналығының мәні ашылады:

- Балалар, сендер білім мен ақылдың адам өміріндегі қажеттілігін, маңыздылығын білісіңдер. Адам баласы қаншалықты білімді болғанымен, ақылға жүгінбесе, өмірден дұрыс жол табу қиынға соғады. Сондықтан адамның біліміне ақылы сай болуы тиіс.

Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.



ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат).

Ақылды болу дегенді қалай түсінесіңдер?

Сендердің ақылға жүгініп, дұрыс шешім қабылдаған кездерің болды ма? Деген сауал бойынша әңгімелеседі?

Мәтінмен жұмыс

Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу

Сұрақтар:

Қарашаштың ақылдылығы қай әрекетінен байқалады?

Басқа балалардың іс-әрекеттеріне көзқарастарың қандай?

«Ақымақ жауынды күні суға түсер» деген халақ мақалынан нені түсінуге болады?

Қыздың бойынан тағы қандай асыл қасиеттерді байқадыңдар?

Сендердің да ақылдылықтарыңды көрсеткен кездерің болды ма?

Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

-Дұрыс айтасыңдар. Ақылды адам барлық уақытта ойлап сөйлейді, жан-жағын байыптап барып әрекет етеді. Ондай адамдар өзінің байсалдылығын, қарапайымдылығын, кішіпейілділігін, ізеттілегін ұмытпайды. Қарашаш өзін ғана ойлаған жоқ, әкесінің де қамын ойлады. Қыздың бойынан әкесіне деген мейірімділігі аңғарылады.

Сахналау

Байлық, бақыт, ақыл. /ертегі/

Сұрақтар:

Бақыт, Байлық, Ақылдың артықшылығы неде екен?

Данышпан қандай ой түйіндеді?

Данышпанның орнында өздерің болсаңдар, қандай төрелік айтар едіңдер?

Ақылды болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

Тапсырма

Тапсырма бойынша оқушылар мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына ақыл сөзін қосып оқиды. Мақалдарды естеріне сақтап алады.

1. Ақылды адам ерінбейді.

2. Ашу - дұшпан, ақыл- дос,

Ақылыңа ақыл қос.

3. Ақылдан жақын дос бар ма?

4. Ақыл азбайды, білім тозбайды.

Ойын-жаттығу

Оқушылар шеңбер құрып отырады. Данышпан атайдың «Даналық кітабын» қолдарына кезек-кезек ұстап тұрып, «мен ақылды баламын,өйткені.....» деп жалғастырады. Шеңберді айналдыра бәрі осы туралы өз ойларын айтып шығады. Мысалы, «Мен ақылды баламын, өйткені ойланып сөйлеймін», «Мен ақылды баламын, өткені ашуланбаймын», «Мен ақылды баламын, өткені болмашыға ренжімеймін» және т б

Жаңа ақпарат

Мұғалім

- Ақылды адам терең ойлап, дұрыс шешім қабылдай біледі. Ақылды болу үшін оқу, іздену, үйрену қажет.





IV. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Дәптермен жұмыс

- Ақылды Алпамыстың тапсырмасын орындап, тапқырлығымыз бен ақылдылығымызды көрсетейік. Дәптерде берілген үкінің тұмсығынан таралып тұрған парақтарды бос жолдарға адамды ақылды, сүйкімді, әдемі етіп көрсететін асыл қасиеттерді ойланып жазыңдар.

Қорытындылау

- Ақылды адамның қиялы бай, ойы жүйрік, ұшқыр болады. Ондай адамды халық ерекше қастерлеген. «Ақыл - жастан, асыл - тастан», «ақылды жігіт атқа да отырар, таққа да отырар» делінген халық мақалдары балаларының жастайынан ақылды болуын армандаған халық тілегенін туған.

Көп оқып, ерінбей еңбек еткен, үлкеннің тілін алған, көптің ақылын тыңдаған баланың ойы ұшқыр, үлкейгенде ақылгөй, дана болады.



Дәптермен жұмыс



V. Топпен ән айту.

Жүректен жүрекке

(Оқушылар шеңбер құрып тұрады)

- Данышпан атай сендердің әрқайсысыңның бойларыңнан ақылдылықты көргісі келеді. Сендерге өз тілегін, батасын арнайы жіберіпті. Балалар Данышпан атаның тілектерін кезегімен оқып шығады.

/Тілектер:

- Айдарбек балам, ақылыңа ақыл қос!

- Майра қызым, ұшқыр ойлы бол!

- Арнат балам, ерінбей, еңбектене біл!

- Расул балам, асыл қасиеттерін көп болсын!

- Медет балам, атаның ғана баласы болма, адамның баласы бол!/

Аташымның батасы

Бойыма, күшіме, Қиыннан тартыңба,

Ойыма, ісіме Сый көрсет қартыңа,

Сеніп тұр аташым, Сыйлы бол халқыңа.

Беріптұр батасын: Осындай бата алдым,

Шырағым, зейінді Досымдай атамның

Бол, кішіпейілді. Орындап талабын,

Оқуда, еңбекте Алғысын аламын.

Үлгі бол сен көпке.



  1. Үй тапсырмасы. Шешендік сөздер.



Соңғы тыныштық сәті: Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды айналамыздағы адамдарға жеткізу үшін оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы іс істейік.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

  1. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде) Рахмет!Көздеріңізді ашуларыңызға болады.

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал