7


  • Учителю
  • Ашық сабақ 'Мен соғысты жек көрем!'

Ашық сабақ 'Мен соғысты жек көрем!'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сыныбы: 4

Пәні: ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Мен соғысты жек көрем!

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: Ұлы Отан соғысы туралы адамдардың ерлігі, соғыс кезіндегі еңбегі, елдің басынан кешкен қасіреті туралы білімдерін толықтыру

Ә) дамытушылық: негізгі идеяларды суреттей отырып, оқушылардың сөздік қорын дамыту

Б) тәрбиелілік: жер шары балаларының тілегі бейбітшілік екенін ұғындырып, ел, ұлт намысын қорғаған батырларды сыйлап, құрметтеуге; отанын сүюге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, тірек сызба, жинақтау, талдау, оқыту,

сұрақ жауап

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, музыка

Сабақтың көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы батырларының суреттері, слайд,

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі


1.Оқушылармен амандасу

2. Психологиялық дайындық

Суретке қарап, жақсы тілек айтайық.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Несіпбек Айтов «Алтын сөз».

Бата айту, өздеріне ұнаған батаны жатқа сұрау

Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабақ

Қайрат Жұмағалиев 1937 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Бесқұдық ауылында дүниеге келген. ҚазҰУ-ды бітірген. Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, бірнеше кітаптың авторы.

Мен соғысты жек көрем!


«Соғыс», «Бейбітшілік» сөздеріне ассоциациялық аймақ құрыңыздар.

қан

ажал қару

жетімдік Соғыс ашаршылық

адам шығыны батырлар

өлім


тоқшылық

қуаныш достық

Бейбітшілік

тыныштық ән ашық аспан


«Мәліметтер кестесі»

-1941 жылдың 22 маусым - 1945жылдың 9 мамыр аралығы

-Қатысқан адам саны - 34 476 700 адам

-Қаза тапқандар саны - 26 600 000 адам

-Қазақстаннан 1 млн.200 000 адам

-Қазақстан бойынша Кеңес Одағы Батырлары - 98 адам

-1945 жылы 30 сәуірде Рейхстагқа Р.Қошқарбаев ту тікті.

Ауылда соғысқа қатысқан Кішіқұмдықтарға арналған ескерткіш тақталар бар.

IV Оқулықпен жұмыс

Өлеңді оқу

Сөздік жұмысы

Қасірет - басқа түскен уайым-қайғы

Жырақ - шалғай, алыс, қашық

Ғұмыр бойы - өмір бойы

Оқушыларға оқыту

Өлеңді талдау

«Мен соғысты жек көрем!» өлеңін шумақтарға бөліп, әр шумақта қандай ой айтылғанын түсіндіріңіз.

V «Менің атам - майдангер» Оқушыларға өз аталары туралы айтқызу.

Ауыл ақсақалы, соғыс ардагері Жеңсікбай Сәрсенов туралы мәлімет беру.

Шығармашылық тапсырма

Өлең бойынша өз қалауларыңмен сурет салыңдар, әңгіме құрастырыңдар.

VI Қорытынды.

  1. Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?

  2. Кеңес Одағының батырларын атаңдар

  3. Жеңіс күні қай күн?

  4. Ақын неге «Мен соғысты жек көрем!» деп жырлады?

  5. Н.Ә.Назарбаев қандай саясатты алға қойып отыр?

VII Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, кітапта берілген тапсырмаларды орындау, батырлық, ерлік туралы мақал-мәтел жазу.

VIII Бағалау.

Сабақты «Балдырғандар әні» өлеңімен аяқтау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал