- Учителю
- Ашық сабақ. Әдебиеттік оқу. Тақырыбы: Ту тіккен Рақымжан ( Кәкімжан Қазыбаев ) 3 сынып
Ашық сабақ. Әдебиеттік оқу. Тақырыбы: Ту тіккен Рақымжан ( Кәкімжан Қазыбаев ) 3 сынып
Ана тілі ( 3 - сынып )
Сабақтың тақырыбы: Ту тіккен Рақымжан ( Кәкімжан Қазыбаев )
Сабақтың мақсаттары:
білімділік: Ұлы Отан соғысының тарихи маңызын, халықтың Отан
сүйгіштік
қасиетін, қаһарман ерлігі мен еңбегін әңгімелеу. Р. Қошқарбаев
туралы жаңа мәліметтер беру.
дамытушылық: Жас ұрпақты өз Отанын сүюге, бейбітшілікті нығайту мен
берік сақтауға, ержүректілікке тәрбиелеу.
тәрбиелік: Оқушылардың ойын, тілін дамыту, ортада өздерін еркін
ұстап,
ойларын ашық айта білуге, жолдастарының пікірлерін тыңдай
білуге үйрету, патриоттық сезімге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,топтастыру, түртіп алу, БҮҮ кестесі
Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық:
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл, қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дана тілім.
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
а) «Қажымұқан» әңгімесінің мазмұнын 2 - 3 оқушыдан сұрау.
ә) Сұрақ -жауап
1. Қажымұқан кім?
2. Халық қайда жиналды? ипподромға
3. Трибуна алдына не жайылды.? Кілем
4. Алаңға кімдер келді? Түрік солдаттары.
5. Төреші алаңға кімді алып келді? Мұқанды.
6. Трибунадағы халық қалай айқайлады?
7. Аренаға қандай балуан шықты? Нұрлы.
8. Нұрлы қай балуанның орнын басып еді? Қара Ахметтің.
9. Балуандар күреске қандай киіммен шықты? шапан
10. Екі балуанның сыртқы бейнесі қандай?
11. Олар бірі - біріне қалай қарады?
12. Түрік салты бойынша балуандар күреске қалай шығады?
13. Күрес барысында Нұрлының қандай екені көрінді? Салмағы
басым.
14 Нұрлы қалай күш көрсеткісі келді? Күшінің басым екенін
сездіргісі келді.
15. Мұқанның тәсілі қандай? Титықтатып, шаршату.
16. Нұрлы неге шаршап қалды? Бірден шабуыл жасады.
17. Мұқан түрік балуанын қалай құлатты?
18. Түрік балуанын қандай дәрежеге жеткізді? Қара терге
түсті.
19. Жерде тұра алмаса да Нұрлы қандай әрекет жасады?
20. Мұқан Нұрлының жауырынын жерге қалай тигізді? Көтеріп алып
ұрды.
21. Оны қалай орындады? Фото суретке түсіріп алатындай етіп.
22. Мұқан еліне қалай оралды?
23. Күрес қай жерде болды?
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту.
- Балалар, " соғыс" сөзін қалай түсінесіңдер?
Слайд - 4
Бомбылау Ату Аштық
Ата
- анадан Ерлік
айырылу
Қара қағаз Табандылық Жеңіс
- Бүгінгі бізідің әңгімеміз жеңіс туралы болмақ.
- Жеңіс деген сөзді айтқанда есімізге не түседі?
( Оқушылардың пікірін тыңдау )
Слайд
- 5. СУРЕТТЕР
.
2. Мағынаны тану
- Міне, балалар, өздеріңіз айтып өткендей ата-бабаларымыз егемендік
жолында қаншама ерлік көрсеткен, елміз үшін құрбан болған.
Бүгін біз Кәкімжан Қазыбаевтың есімі халықтың жүрегінде жатталып
қалған, Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері Рақымжан Қошқарбаев
туралы мәтінмен танысамыз.
Автормен таныстыру.
Слайд - 6.
</<font color="#1f497d">
Видео көрсету (Оқушылардың назарын экранға аудару)
Р. Қошқарбаев 1924 жылы Ақмола облысының Ақмола ауданында дүниеге келген.1942 жылы әскерге алынып,1 944 жылы Бішкектегі жаяу әскер училищесін бітрген. 1944 жылы қазан айынан бастап 1 - Белорусь майданындағы 150 - Идрицк атқыштар дивизиясы қ ұрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндгі ұрыстарға қатысқан. 1945 жылы 30 сәуір күні Берлиндегі фашистердің ұясы Рейхстагқа лейтенант Р.Қошқарбаев бастаған взвод шабул жасады. Жаудың мықты қарсылығына қарамастан 7-8 сағат бойы жер бауырлап алға жылжыды. Ақыры олар борап тұрған оққа қарамастан, қиян - кескі ұрыспен Рейхстаг баспалдағына көтеріліп, оның кіре беріс бағанасына Р.Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Г. Булатов ең бірінші болып Жеңіс туын желбірете тікті.
Оқулықпен жұмыс. а) Оқып беру. «Түртіп алу» әдісі (Оқушылар қара
қарындашпен түсініксіз сөздерді өздеріне түртіп алып отырады)
Сөздік жұмысы.
Слайд - 8
Рейхстаг - жаудың ұясы
Батальон -
Комбат -
Артиллерия -
Дәптермен жұмыс.
Слайд - 5 а) Күннің жады. Ту тіккен Рақымжан.
ә) Оқушыларға мәтінді тізбектей оқыту.
Ой дамыту.
Сергіту жаттығуын жасау.
Батырлық ерлік туралы мақал жарысын өткізу.
Ой толғау: (Карточкамен жұмыс)
1. Рақымжан командирден қандай тапсырма алды?
- Жаудың соғысты бастаған үйі - Рейхстагқа Жеңіс туын тігуді
тапсырды.
2. Командир Рақымжанды неге таңдады?
- Рақымжанның ер жүректілігін, батырлығын, істерін бұрын
көреген,
оған істей алады деп сенді.
3. Политрук Васильченко неге көзіне жас алды?
- Ол өз баласындай жақсы көреді, өз әкесімен қоштасқандай
болды.
4. Тапсырма қалай орындалды?
- Өте қиын болды, әрбір минут, әрбір сағат санаулы болды,
ойдағыдай жақсы орындалды.
5. Туды Рақымжаннан басқа кім тігісті?
- Григорий Булатов.
6. Жауынгерлер " урлап " жауып тұрған оққа қарамастан неге алға
жүгірді?
- Ту желбіреп тұрғасын оларға күш берді ,
" Біз жеңдік, олар жеңілді", - деді.
7. Жеңіс туы қашан тігілді?
- 1945 жылы, 30 сәуір. 6 сағ. 30 мин.
8. Ту тіккен Рахымжан мәтінінің авторы кім?
- Кәкімжан Қазыбаев.
Ой қорыту.
БҮҮ кестесін пайдалану.
Білемін
Үйрендім
Үйренгім келеді
- Соғыстан кейінгі жылдардағы өмірі туралы не білеміз? (Оқушылар
пікірін тыңдау)
Видео көрсету
Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық
әскер бөлімінде қызмет атқарды. 1947 - 1967 жылдары Ақмола
облысының атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Мин. Кеңесі
жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор,
1967 жылдары "Алматы " қонақ үйінің директоры болды.
" Қызыл ту " , " І дәрежелі Отан соғысы " ордендері, көптеген
медальдармен марапатталған.
1999 жылы " Халық қаһарманы " атағы берілді.
Оқушылар хорменен: " Ешкім де ұмытылмайды,
Ешнәрсе де ұмыт қалмайды"
" Жеңіс үшін жанын пида еткен әкелер мен ағаларға, апаларға
басымызды иеміз".
( 1 минут үнсіздік, еске алу )
Үйге тапсырма.
1. Мәтінді оқып, әңгімелеу.
2. " Біз бейбітшілікті жақтаймыз " тақырыбына шығарма жазу.
Бағалау.