7


Бақылау диктанты (2 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бақылау диктанты

2-сынып

Біздің сынып

Бұл-біздің сынып. Сынып үлкен. Сыныпта үш терезе бар. Терезенің алдында гүл тұр.

Сынып таза. (15 сөз)

Күзде

Күз келді. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күзде жемістер, жидектер, көкөністер көп. Біз жемістерді жинаймыз. (15 сөз)

Бақта

Күз. Қыркүйек айы. Бақта алма, алхоры, алмұрт өсіп тұр. Балалар алма, шие, өрік жинады. (14 сөз)

Менің отбасым

Менің атым-Айжан. Мен сегіз жастамын. Мен екінші сыныпта оқимын. Менің әкем, шешем және інім бар. Інімнің аты-Мирас. Ол төрт жаста. (22 сөз)

Досымның отбасы

Бұл - Сашаның отбасы. Отбасында төрт адам бар. Олар - әкесі, шешесі, ағасы және Саша. Әкесі - дәрігер. Шешесі - мұғалім. (17 сөз)

Менің әжем

Кеше менің басым ауырды. Әжем маған дәрі берді. Мен дәрі іштім. Сосын әжем маған шай берді. Мен жазылып кеттім. (19 сөз)

Киім дүкені

Бұл-киім дүкені. Киім дүкенінде көйлек, жейде, пальто бар. Дана шешесімен дүкенге келді. Олар Данаға қара тон, етік, ақ шарф сатып алды. (22 сөз)

Жаңа жыл

Жаңа жыл келді. Мектепте үлкен шырша қойды. Оқушылар шыршаны безендірді. Олар би биледі, ән айтты. (15 сөз)

Қыста

Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста қар жауады. Адамдар жылы киім киеді. Мен басыиа құлақшын, аяғыма етік, үстіме тон, қолыма қолғап кидім. (22 сөз)







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал