7


  • Учителю
  • Баяндама Интерактивті оқыту әдістемесі

Баяндама Интерактивті оқыту әдістемесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Интерактивті оқыту әдісі» деген не?

Оқыту мен оқудағы интерактивті әдіс,бұл сабақ барысындағы оқушы оқушы ,оқушы-мұғалім арасындағы жоғары деңгейдегі әрекеттер.Мұндай әрекеттер көбіне ,ұсынылған шешімнің қаншалықты қажеттілігіне және де мәсілелердің қандай жолдармен шешілетін нұсқаларын талқылау формасында жүзеге асырылады.

Мұндағы ең бастысы ,жауаптың өзінен де мәселені шешу үдерісінің маңызды немесе маңыздырақ екенін түсіну .Интерактивті әдістің мақсаты тек ақпарат беру ғана емес ,оқушылардың өз бетімен жауапты табу дағдыларын қалыптастырумен байланысты болып отыр.Өз әрекетін және серіктесінің әрекетін талдай келе ,әрбір қатысушы өз мінез-құлқының үлгісін өзгертеді және оны саналы түрде меңгереді.Интерактивті әдісті ұйымдастырудың негізгі қағидалары :

  • Ойлау қызметін ұйымдастыру;

  • мазмұн шығармашылық қызметті ұйымдастыру;

  • таңдау еркі;

  • рефлексияны ұйымдастыру;

Интерактивті әдіс өзара әрекет түрін және кең көлемдегі тапсырмаларды қамтиды.Бірақта қандай әдістемелік тәсілдер болмасын ,негізгі білім көздері оқушының өз өміріндегі тәжірибесі болып табылады.Оқыту барысында оқушылармен өзара әрекеттер болады;

  • мұғаліммен (яғни оқушы мұғалімнің сұрағына жауап бергенде);

  • шақырылған адамдармен (немесе сынып басқа мекемеде және адамдармен бірге);

  • басқа оқушылармен(жұптық жұмыс);

  • шағын топта (3-5оқушы);

  • үлкен топта (рөлдік ойындар,сыныптағы талдау және т.б);

  • кейбір техникалық түрлері (мысалы,компьютермен).

Топтың құрамындағы сан оқу сапасын немесе өзара әрекеттерді анықтамайды.«өзара әрекет»әдісінің негізгі ерекшелігі ,ол «АШУ ҮДЕРІСІН» ұсынады,өзара әрекет арқылы оқушының оқу дағдысын қарастырады.

Мақсат-оқи алу

Біз оқушыдан сұрағанда, неге біз күмәнді сұрақтарды талқылауға береміз,көбіне олардың нақты жауаптары болмайды,негізінен мұнда жауаптар былай беріледі:

  • Бұл өзінің бойындағы сенімділікке тәрбиелейді

  • Осылай ораторлық мәдениет қалыптасады

  • Осылай тыңдау қабілеті қалыптасады

  • Бұл танымдық түсінуге көмектеседі (яғни ,көбіне нақты шындығы болмайды)

  • Бұл сыни ойлау дағдыларын дамытады

  • Осылай өз құқығын түсініп өз көзқарасы жоғарылайды

  • Осылай кең көлемдегі фактыларды ,көзқарастарды түсінеді.

Жоғары да айтылғандардың бәрі де «оқи алу » деп аталатын идеяны қалыптастырады.Оқи алу - бұл қажетті дағды,негізгі интеллектуальды тәуелсіздік және де дамып келе жатқан мемлекеттің азаматтары үшін қажет болып табылады.

Не үшін интерактивті әдіс қолданылады?

Интерактивті әдісті белсенді қолданып жүрген мұғалімдер тиімді оқыту ,тек қана өзара әрекеттер үдерісінде болатынына сенімді.Олар оқушылардың талқылау кезінде тез оқып және естерінде сақтайды деп ойлайды .Бұл келесі себепдерде жүзеге асады;

  • Оқушылар тек қана ақпарат алып қоймайды,сонымен бірге логикалық түсініктеме берулері керек,неге оның шешу жолы дұрыс немесе басқаларына қарағанда үздік;

  • Оқушылар идеяны тереңдете жұмыс жасайды,қорытынды құрылымы талқыланатын болады;

  • Оқушылар мәселені шешкенде өзінің және де басқаның идеясын пайдаланады.Мұндай жалпы білім қоры ,жеке оқушының білімінен көп болады;

С.В.Белованың зерттеулерінде оқушылардың үш тобы айқындалған;

  1. Сұхбаттасуға тек формальды түрде қатысушылар ;

  2. Өз ұстанымын қорғауға ұмтылуы басым оқушылар;

  3. Шын мәнінде сұхбаттаса алатын оқушылар тобы ,олар өз ұстанымын қайта қарап ,оны байыта түсуге ұмтылады.

Оқушыны сұхбатқа тарту-оқушыны дамытушы педагогикалық жағдаят құру болып табылады.

Олардың өзара әрекеттесуінің өзі мақсат емес,ол тек оқушының білім алуы үшін және қызмет тәсілдерін ,қарым-қатынас тәжірибесін ,әлеуметтік белсенділікті меңгеру үшін құрылады.Ол оқушының үлкен үжымда ,шағын топта ,тіпті қажет болса ,жеке де жұмыс істей білуі үшін қажет .Оның аса маңызды сипаттамалары ;

  • Мұғалім мен оқушыны жұмылдыратын ортақ мақсаттың болуы;оған жетуге ұмтылу ,соған деген ортақ құлшыныс ,жағымды қызығушылық;

  • Оқу процесіне қатысушылардың бірлескен оқу еңбегінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы ,олардың қызмет нәтижесі үшін ортақ жауапкершілігі ;

  • Оқу міндеттерін шешудегі оқушылар мен ересектер қарым-қатынасының белсенділігі,бір-біріне деген қайырымдылық ,сенім;

  • Педагогтардың білімді түсіндіріп беру үстемдігін ,оқушылардың тек дайын ақпаратты ғана қабылдауын болдырмайды;

Жұппен немесе шағын топтағы өзара әрекеттердің тиімділігі мынада;

  1. Оқушы,өз көзқарасын сынып алдында айтпаса немесе тек мұғалімге ғана айтса ,өз идеясымен шағын топтағы құрдастарымен бөліседі;

  2. Оқушылар өзінің керемет көзқарасынан да басқалардың өз көзқарастары болатынын біледі.

Интерактивті әдістерді көп қолданатын мұғалімдер ,тек қана мұғалім ақпарат беріп,соңынан жаттығуларды талқылауға салмай берсе ,сонымен бірге бар ресурстарды ынталандыру үшін қолданбаса -құрдастарының идеяларымен бөліспесе онда оқушылар мұғалімнің сөздерін нашар қабылдайды.«Біздің жасағандарымыздың 80% есімізде,тек оқығандарымыздың 20%,ал естігенімізден 10%» деген зерттеуді негізге алуымыз керек.

Егер мұғалім мен оқушының білімді игерудің бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса ,онда оқуда табысқа жету күмәнді болады.

Біз оқушыларға дайын жауаптарды бергенде ,олардың ойлау белсенділіктері төмен болады.Ал бірақта өз идеяларын өндіргенде және де қорғағанда олардың ойлау белсенділіктері жоғары болады.

Білім алмасу

Диаграммада Нұрсұлтан ,Арнұр,және Айгерімнің білімдерінің нақта аймақтары көрсетілген.Біз көріп тұрғандай ,олардың көптеген білімдері ,дағдылары ортақ болғанымен де,олардың жеке немесе тек екеулері ғана білетіндері бар.Ал топтық жұмыста Нұрсұлтанның ақпараты Арнұр мен Айгерімнің берілуі мүмкін,немесе керісінше.

















Қорыта келе Ян Амос Каменский айтқандай «Жаңа нәрсе біле алмаған және біліміңді толықтыра алмаған күнді немесе сағатты бақытсыз деп біл.» деп айтқандай мұғалім заманауи талаптарға сай ұрпақ тәрбиелеу үшін әрқашан ізденіс жолында болу қажет.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал