7


  • Учителю
  • Дүниетану пәнінен сабақ жоспары:Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері.Әдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары:Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері.Әдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 3 "А"

Әдіскер: Cулейменова С.Ы.

Пән: Дүниетану

Практикант: Толеу А.Н.

Сабақтың тақырыбы: Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың топырақ туралы түсініктерін кеңейту. Топырақтың негізгі қасиеттері, құрамы туралы білімдерін шыңдау.

Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін, байқампаздық пен білім құштарлығын дамыту. Салыстыру және қорытындылау, біліктілігін дамыту.

Тәрбелік: Топырақты қорғау бойынша негізгі шараларды меңгерту. Қоршаған ортаны сүюге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ой қозғау, түсіндіру, тәжірбие жасау.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

- Сәлеметсіздерме,балалар! Отырыңдар! Бүгінгі дүниетану сабағынан мен беремін. Менің аты- жөнім:Толеу Айжан Нуржановна.Сендерді көргеніме өте қуаныштымын!

а) Психологиялық дайындық.

- Бүгін кезекші кім?

- Бүгін нешесі?

- Аптаның қай күні?

- Жылдың қай мезгілі?

- Бүгін сабаққа деген көңіл-күйлерін қандай? (смайлик көрсету)

- Сабаққа дайынбыз ба?

II.Өткенді қайталау:

Балалар, өткен сабақта қандай тақырыппен таныстыңдар? (Пайдалы қазбалар)

- Олай болса кім үй жұмысын айтып береді?(2-3 баладан сұраймын.)

Жарайсыздар үй жұмысын барлығы оқып келіпті, олай болса тест арқылы үй жұмысын қортындылайық.

1.Пайдалы қазбаларға жатады.

а) темір кенінен алынған металл;

ә) тау жынысы;

б) техника бөлшектері;

в) жер қыртысының қатты бөлігі.

2.Құмтас деп:

а ) құм аралас тас;

ә ) қайырылған тас;

б) құрылыс материалдары;

в) қатты тас.



3. Бос жынысқа жатады.

а) құм және цемент;

ә) мұнай, газ;

б) гранит;

в) құм және газ.

4. Пайдалы қазбалар 3 негізгі топқа бөлінеді:

а) пайдалы, пайдасыз, жарамсыз;

ә) жанғыш,кенді, кен емес;

б) бағалы, құнсыз, жанатын;

в) металл, тау жынысы, «қара алтын».

5. Кен орны

а ) пайдалы қазбалардың шоғырланған жері;

ә) пайдалы қазбаларды өндіру әдістері;

б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер;

ә) тау жыныстарының қосындысы.

III.Өткен сабақ пен жаңа сабақтың байланысы.

  • Пайдалы қазбалар бізге қалай пайдалы болса, сондай бір пайдасы мол жер бетіндегі табиғи жаратылыстың бірі - топырақ. Ал топырақтың қандай пайдасын білесіңдер балалар?

IV Жаңа сабақ:

</ - Дұрыс айтасыңдар, Олай болса біз бүгін топырақты өтеміз.

- Балалар осы топырақ дегеніміз не?

Топырақ дегеніміз - жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабаты.

Яғни, топырақ құрамына өсімдіктердің, жан - жануарлардың, қалдықтарының араласуы арқылы пайда болады.

Топырақ - құнарлы топырақ, құнарсыз болады екен.

Құнарлы топырақ арқылы еліміздің ауыл шаруашылығы өсіп өркендейді.

-Қанекей топырық түралы аңық білу үшін оқулығымызды ашайық.

  1. Оқулықпен жұмыс. (77 бет)

-Топырақтың тау жыныстарынан басты айырмасы неде?

-Қарашірік қалай пайда болады?

-Топырақ түсінің қалыптасуы неге байланысты?

-Сор топырақ қалай пайда болады?

  1. Дәптермен жұмыс. (81 бет)

Суреттерді қара. Қайсы суретте адамдар топыраққа зиян, қайсысына пайда келтіруде ?Өз ойында дәптерге жаз.

  1. Сергіту сәті: Қара жорға биі (Видио)

  2. Тақтамен жұмыс.

Суреттерге қарап, топырақтың құнарлылығын анықтап көрейік.

  1. Топтық жұмыс.Топырақтың құнарлылығына жәндіктер, құрттар, т.б. жануарлардың тигізетін пайдасы жайлы айтыңдар.(ұжымдасып, бір-бірлермен келісіп ойларын толықтыру).









Бекіту.

Шығу парағыҮйге тапсырма:(77 бет - 82бет.)

Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері. (мазмұндап келу.)

Бағалау -Тамаша балалар, сендердің жауаптарыңда, жұмыстарың барлығы көнілімнен шықты. Сендерге көп рахмет.Сол сабептен барлықтарына қолымдағы жұлдызшыларды таратамын. Сендермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын. Сау болыңдар!!!!





Әдіскер:

Мұғалім:

Баға:





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал