- Учителю
- Ұстаз-халық анасы тәрбие сағаты 2 класс
Ұстаз-халық анасы тәрбие сағаты 2 класс
Мерекелік шара
Тақырыбы: «Ұстаз - халық анасы»
Мақсаты: Оқушыларға ұстазды құрметтеуге, сыйлауға, түсіне білуге тәрбиелеу.
Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін қашан да бағалай білуге үйрету.
Көрнекіліктері: мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, ұстаз туралы суреттер, гүлдер, шарлар.
Барысы: І.Ұйымдастыру
«Ұстазым» әні орындалып тұрады.Оқушылар басын иеді.Әнұран орындалады.
Мұғалім: Құрметті ұстаз аналар, ұстаз ағалар! Бүгінгі төл мерекелеріңіз баршаңызға құтты болсын. Қиындығы мен қызығы мол мамандықта әрқашан еңбектеріңіз жана берсін! Шәкірттеріңіз ең биік белестерден көріне берсін!
2 класс оқушыларының «Ұстаз- халық анасы» атты мерекелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын - адамның алтындығы.
Бағдат: Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздерменен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.
Нұрберген:Бүгінгі күн құшақтарын гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын.
Бағдат: Ақырын жүріп, анық бас
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға - деп ұлы Абай атамыз айтуында терең мән- мағына жатыр.Шынында да, ұстаз еңбегі - ұлы да, ұлағатты еңбек емес пе?
Нұрберген: Армысыздар, ардақты ұстаздар.Бүгін мұғалімдер күні.Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар, төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Ендігі кезекті ұстаз туралы өлеңдерін жолдаушы оқушыларға берейік.
Әсет: Ұстаз болған баршаға,
Ардақты жандар қаншама.
Шәкіртің күнде қуансын,
Шаршама ұстаз шаршама.
Ержан: Ұстаздарым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Оқысын, білім алсын, үйренсін деп,
Таңертең күнде құшақ жаяды алдан.
Бақдаулет: Үйретіп өмір ұстазым,
Үлгілі іске нұсқадың.
Ақкөңіл іскер қашанда,
Ақылшым менің ұстазым.
Хор: «Ұстазым» әні орындалады.
Бағдат: Ұстаздар ұлттың тірегі,
Ұстаздар мектеп жүрегі.
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі.
Нұрберген: Ұстаз нұры күн нұрына пара-пар,
Шәкірт оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар.
Нұртілек: Ұлы өмірге жетелеп,
Ашып білім есігін.
Құрметте мәпеле,
Ұстаздың есімін.
Гүлнұр: Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең сенің екі анаң бар.
Бірі сенің - туған анаң болса егер,
Екінші анаң - ұстаз деген панаң бар.
Ұстаз - ана болашақтың анасы,
Ұстаз - ана ақыл білім анасы.
Жүзіндегі мейірімді көргенде,
Әр шәкірттің оянады санасы.
Ұстаз аналарға арналған «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.
Нұржан: Ақыл құйған санама,
Жеткізер ол данаға.
Білім берген біздерге,
Алғыс айтамыз сіздерге.
Барлығы бірге: Ұстаздарға мың алғыс.
Шәкірттерін баптаған
Ұстазыма мақтанам.
Тәрбие берген біздерге,
Көп рахмет сіздерге.
Барлығы бірге: Ұстаздарға мың алғыс.
Алтай: О,Ұстаздар басымды ием сіздерге,
Күллі әлемнің мұғалімдер күнінде.
Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз.
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтаймыз ұстаздарым баршаңды.
Дулат: Ұстаз болам өзіңдей,
Болсыншы деп бала шат.
Аянбай еңбек етемін,
Үйретер ақыл парасат.
Тілеймін саған мол бақыт,
Еңбегің болсын жемісті.
Тіліңізді алап әр уақыт,
Тындырамын көп істі.
Ән: Қошақаным: Орындайтындар: Қазанғап Гүлнұр
Айдосқызы Бағдат
Бағдат: Мектеп үйім, ұстаздарым ата-анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Сен ыстық, сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып сап тарапқа тараған.
Ұлағатты
сабырлы
талантты
ақылды
зейінді
Ұстаздарға мың алғыс.!
Енді көгілдір экранға назар аударайық.
Құрметті ұстаздар: Ұстаздар баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз.Дендеріңіз сау болсын, еңбектеріңіз жемісті болсын.
«Айгөлек» биі
Нұрберген: Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім- мектептің жүрегі.
Ы. Алтынсарин.
Әсет: Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады.
А.Құнанбаев.
Нұржан: Ұстазыңды атаңдай сыйла.
Нұрберген: Сен өскенде кім болғың келеді?
Гұлнұр: Мұғалім болғым келеді.
Гүлнұр: Ал, сен ше?
Нұрберген: Ал, ман директор болғым келеді.
Гүлнұр: Патшалық құру рақат, ал
Ұстаздық ету бейнет.
Нұрберген: Бейнеттің де, зейнеті бар құрметті ұстаздар!
Ұлағатты ұстаздар сіздерге құрметпен бас иеміз.
Бағдат: Мұғалім зор тұлға. Ол күннің сәулесі іспеттес.Мен ұстаздарымды күннің құдіретті сәулесіне теңеймін.
Барлығы бірге: Құрметті ұстаздар! Оқушылардың дайындаған сый құрметін қабыл алыңыздар.Мұғалімдерге сыйлықтар тапсырылады.
Қорыту: Ендеше құрметті ұстаздар өмірлеріңіз ұзақ, дендеріңіз сау болсын.
Ән: «Ұстазым» Орындайтын: 2 класс жетекшісі:Ж.Жолмұратова