7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Біздің Отанымыз-Қазақстан

Ашық сабақ Біздің Отанымыз-Қазақстан

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дүниетану



Тақырыбы; Біздің Отанымыз- Қазақстан.

Мақсаты: Республикалық және Республикамыздың жер көлемі . Табиғат жағдайлары да сан алуан екенін түсіндіру.

Дамушылық: Оқушылардың суреттер, сұрақ -жауап арқылы сөздік қорын, тілбайлығын жетілдіру.

Тәрбиелігі: Отанның әр адам үшін маңызын түсіндіру арқылы патриоттық тәрбие беру. Отанын, табиғатын сүюге, қорғауға баулу, тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: Әдебиеттік оқу, математика.

Түрі: Аралас сабақ, ашық сабақ.

Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену.

Көрнекілігі: Слайд,интерактивті тақта.

Барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі;

Оқушылардың назарын тақтаға аудару.

2.Психологиялық дайындау;

Шырылдайды қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Табыс тілеп көзбенен.

Алға қадам аттаймыз.

Жарайсыңдар , балалар, отырыңдар.

Олай болса жақсы сөз жан жадыратар демекші, көршілеріңе бұрылып алақандарыңды біріктіріп, бір-біріңе жүректеріңнің жан жылуын беріңдер.

Бүгінгі күн терезеден,

Бізге, міне, тұр қарап.

Сондай жақсы көңіл-күймен ,

Басталады бұл сабақ.

ІІІ.Өткен тақырыпты еске түсіру.

Сабақты бастамас бұрын үй тапсырмасын есімізге түсірейік.Жалпы халықтық және кәсіптік мерекелер жайында өткен сабақта не білдіңдер?

(Балалар мерекелерді атайды және қысқаша түсінік береді )

  • Мереке нешеге бөлінеді?

  • Мереке 2-ге бөлінеді.

  1. Халықтық мереке

Халықтық мереке деген не?

Бұл мереке республикадағы бүкіл халыққа ортақ.

  1. Кәсіптік мереке

Кәсіптік мереке деген не?

Ол жыл сайын әр кәсіп мамандарының еңбегін атап өтуге арналған мерекелер.









Республика күні 22 наурыз 1 мамыр





Р.К Тәуелсіздік күні 9 мамыр









Жаңа жыл 7 мамыр







«Қырман тойы» Мұғалімдер күні Ғарышкерлер күні















Дәрігерлер күні Шахтерлер күні күні



(Оқушылар қысқаша түсініктер береді)

  • Осы мерекелерді біз қандай республикада тойлаймыз?

  • Қазақстан Республикасында.

ІV. Поэзия минуты.

«Туған жер»

Шықшы тауға, қарашы кең далаға

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.

Ол шетімен мен бұл шетіне жүгірсең

Шаршайсың ба, құмарың бір қанар ма?

Қадіріңді келсем білмей кеше гөр.

Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсаң мен егер.

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,

Жүрегімді нендей күйге бөледің.

Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем,

«Арманым жоқ бұл өмірде» дер едім.

V.Жаңа сабақ ( Сұрақ жауап.)

1) Міне балалар , қазір ғана оқылған өлеңде ақын не туралы айтқан?

Туған жер, тау, кең дала, алтын бесік, топрағы, неткен байтақ ұлы жер.

2) Қай ел туралы айтылған?

Қазақстан

3)Президентіміз кім?

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .

4) Мемлекеттік тіліміз?

Қазақ тілі

5) Мемлекеттік Рәміздер ?

Ту, Елтаңба, Гимн.

6)Қазақстан қандай ел?

Қазақстан Республикасы - ұлан байтақ қуатты ел.Қазба байлығы мол.

-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Біздің Отанымыз -Қазақстан.

Қазақстанның географиялық орны, Қазақстан қалалары,қазба байлықтары, ұлттары жайында танысамыз.

VІ. Картамен жұмыс

-Балалар картаға назар аударайық.

1. Бұл карта Қазақстанның физикалық картасы деп аталады.

2.Картадан Қазақстан Республикасы ұлан байтақ екенін көріп отырасыңдар.

3. Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі он мемлекеттің қатарына жатады.

4.Шекаралас елдері!

А)Оңтүстік-Түркістан, Өзбекстан, Қырғыстан мемлекеттерімен шекаралас.

Ә) Солтүстік-Ресей мемлекетімен шекаралас

Б) Шығыс-Қытаймен шекаралас.

В)Батыс-Каспий теңізі арқылы Түркменстан, Азербайжан, Иран мемлекеттерімен шекаралас.

5.Қазақтанның жер бедері.

А) Ойпаттар -қанық жасыл түспен боялған

Ә) Жазықтар- ақшыл жасыл түспен боялған

Б) Жазық далалар- ақшыл қоңыр (Сарыарқа)

В) Теңіз, өзен, көлдер-көкпен боялған

Г) Аласа таулар- қоңырмен боялған

Д) Биік таулар-қызыл қоңыр түспен боялған.

(биіктігіне қарай бояуы қанық бола береді)

Ж)Шөл дала-ақшыл қоңыр түспен боялған

VІІ Оқулықпен жұмыс

Оқушыларға азат жолдармен бөліп оқыту.

Сергіту жаттығуы

ІХ. Мозайка.

Әрбір қатардың 4-4 балаға мозайкалар үлестіріліп беріледі (түсіндіріледі)

(Оқушылар картаны құрауы керек)

  • Мозайканы құрастырып болдыңдар ма?

  • Мозайканы құрап болсаңдар не шықты?

  • Карта.

  • Картада нелердің аты жазылған?

  • Қалалардың.

  • Ендеше Қазақстан қалаларымен танысамыз.

Х.. Қазақстан қалалары

1) - Балалар, әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай қазақстан 14 облысқа бөлінеді.

2) Қазақстанның әр облысы әр түрлі қазба байлықтарға бай және өндіріледі.

(Слайдтан әр облысты көрсетіп, қазба байлықтары жазылады.)

3.Өз қаламыз туралы не білесіңдер?

(оқушылардың ойларын айтқызу)

ХІ Қазақстан Республикасы-көп ұлтты мемлекет.

( Оқушылардың Қ.Р тұратын ұлттар жайында сұрау)

Қорытындылау.

Қазақстанның солтүстігіне шекаралас ел?

Қандай қазба байлықтар өндіріледі?

Егін шаруашылығымен айналысатын облыстар?

ХІІ Қазақстан Республикасының Гимні

(Гимнді айтқызу)

Бағалау: Бүгінгі сабаққа барлығың жақсы қатыстыңдар.Жарайсыңдар балалар.

</ Үйге тапсырма: Мәтінді оқу,мазмұндау. 138-140 беттер.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал