7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты Төре бала( 1 сынып)

Тәрбие сағаты Төре бала( 1 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Төре бала» байқауы

Мақсаты:

1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.

2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайларда шешім қабылдау, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру және дамыту.

3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйіп, қорғайтын жеке тұлға тәрбеилеу.

Формасы: сайыс

Көрнекілігі: байқауға қажетті құрал-жабдықтар, муз. аппаратура.

Қатысушылар: 1 «Ә» сынып ұлдары және олардың аналары.

Сайыс барысы: (ұлттық музыка әуені ойнатылып тұрады)

Анелия:

Нағыз кәусар жігітті,

Нағыз қайсар жігітті,

Нағыз бұлбұл жігітті,

Нағыз дүлдүл жігітті

Анықтайтын кез келді!





Даяна:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық!

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ,

Ел намысын қорғамақ,

Ұлдар шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ! - дей отыра, ортаға «Төре бала» сайысына қатысушы қырандарымызды аналарымен бірге шақырайық. Ду қол шапалақ!





- Азамат анасы Шолпан Аймухаметовнамен

- Мүслім анасы Айнұр Сарсеновнамен

- Досжан анасы Гүлнар Аманқұловнамен

- Мадияр анасы Әсия Маданиятовнамен

- Асанәлі анасы Ботагоз Сакеновнамен

- Жанат анасы Маржангүл

- Нұрасыл анасы Алма Касимовнамен

- Райымбек анасы Жұлдыз Жантемировнамен

(нөмерлерді жребий тартып алу)





Анелия:

«Төре бала» байқауына қатысушы сайыскерлердің ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне, баға беруші қазылар алқасымен танысайық. Ол сынып қыздарының аналары.





Даяна : Ал ендеше «Төре бала» байқауын әдемі «Құстар биімен» бастайық

(қыздардың орындауында «құстар биі»)

Анелия:

Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық! - деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейік.





Даяна:

1. «Тегімді менің сұрасаң» өзін-өзі таныстыру (анасымен бірге)

2. «Жігітке жеті өнер аз» Отан туралы өлеңді мәнерлеп оқу

3. «Көркіне ақылы сай» аналар сайысы (тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып беру)

4. «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы

5. «Мен мектепке барамын» ана мен бала сайысы (сабақ кестесін жазу)

6. «Бала арманы» шығармашылық сайысы (үй тапсырмасы)





Ендеше сайысымызды бастайық





Нарғыз:

Ақыл-көрік бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршаңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді - деп , «Тегімді менің сұрасаң» өзін -өзі таныстыру сайысын бастайық.





Шадияр:

Өнерің барда , жігіттер,

Тоқталып қалма, іркілме.

Жұрт қарасын қызығып,

«Бәрекелді, шіркін!» деп - дей отырып, сайысымыздың келесі бөлімін бастаймыз. Сайыскерлер Отан туралы бір өлеңді мәнерлеп жатқа оқып беру керек. Ал тыңдайық!





Айзере:

Аналар бар өнерін салары анық,

Өнегелі тәлімді алған қанып.

Ал ендеше аналар, сөз мәйегін

Ағызып, жарысыңдар, топты жарып - дей отыра, «Көркіне ақылы сай» атты ұлдардың аналарына тапсырма: берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашу.





Ділназ:

Ей, ер жігіт, ер жігіт,

Ей, өр жігіт, өр жігіт!

Атыңа ерік бер , жігіт,

Күшіңді көрсет, ер жігіт! - дей отыра, «Ақылына күші сай» деп аталатын сайысымызды бастайык. Бұл сайыста ұлдардың мықтылығын анықтау мақсатында «Қол күресі» өткізіледі





Айдана:

Әр күніміз сол кестеден басталар - дей отыра «Мен мектепке барамын» ана мен бала сайысын бастайық.Ұлдар апта күнін таңдап алсын, ал аналар сол күннің сабақ кестесін жатқа жазып берсе дейміз.





Мөлдір:

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға - деп «Бала арманы» шығармашылық сайысын бастаймыз. Бұл сайысқа үйден дайындалып , әр бала өз арманын анасының көмегімен көпшілікке жеткізіп, оны қорғап, оның қызықты және тартымды екенін дәлелдеп берсе дейміз. Ол үшін бар өнерін салып, ән, өлең, шығарма, сурет салу, көрініс көрсетуге де болады.



Даяна:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Төресі сыныбымыздың деп білейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал жігіттерге сәттілік тілейікші!

Қыздардың және ұлдардың орындауында «Туған жер» әні





«Төре баланы» жариялау, марапаттау, құттықтау











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал