7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Қадыр Мырза Əли Енші үлесу 3 сынып

Ашық сабақ Қадыр Мырза Əли Енші үлесу 3 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов Енші үлесу

Мақсаты:1) Білімділігі: Мәтін мазмұнымен таныстырып,негізгі ойды анықтауға бағыттау,қазақтың салт-дәстүрі жайлы түсініктерін кеңейту;

2) Дамытушылығы: Таным белсенділігін арттыру,ойын,тілін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге,өз ойларын ірікпей айтып,дәлелді сөйлеу білуге үйрету;

3) Тәрбиелігі: қазақтың салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын білуге,сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты слайд. А.Байтұрсынов, плакатқа жазылған сөздер, АКТ, слайд.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-балалар,біздің өтіп жатқан тарауымыз қалай аталады:?

-«Сарқылмас қазына»дегенді қалай түсінесіңдер?

(оқушылардың ой-пікірі)

- Өте жақсы. Тағы қандай тақырыптармен таныстық?

- Осы тараулардан қай мәтін ұнады? Неліктен?

- Неше биді білеміз балалар?

- «Жеті жарғыны» құрастырушы кім?

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Бүгін сабағымызды топ бойынша жұмыстанамыз. Әр топ өз көшбасшыларын сайлайды. Көшбасшыларына өз топтарының тізімі беріледі. Әрбір дұрыс жауаптарына көшбасшы плюс белгілеп отырады. Сабақтың соңында плюстерін қосып бағаланады.

Әр топқа жұмбақ жасырылады. (Көшбасшылары жауабын айтады.)

1-топ. Иесі оның - сәби

Әрі төсек

Әрі үй. (Бесік)

2-топ. Бір жыланды таяққа іліп алдым,

Ерге қона, пайдасын біліп алдым. (Қамшы)

3-топ. Шыр көбелек айналар,

Беліне жіп байланар. (Ұршық).

-Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай.Адам өміріндегі оқиғаларға байланысты түрлі дәстүрлер қазірге дейін сақталған.Оларда баласының аман-сау өсуіне,жақсы азамат болуына деген ата-ананың ізгі тілегі айтылады.

Слайд көрсету( тұсау кесу,бесікке бөлеу т.б.), (Тоқымқағар,сүндет той)

  • Өте жақсы балалар. Бүгін біз Ахмет Байтұрсыновтың енші үлесу тақырыбымен танысамыз.

Автор туралы мәлімет: оқушылар автордың өлеңдерін әңгімелерін айту.

Өмір сүрген жылдары:(1873-1938)

Туған жері:Қостанай облысы,Торғай өңірінде .

Аудармалары:"Қайырымды түлкі""Өгіз бен бақа""Қартайған арыстан"

"Қайыршы мен қыдыр""Ат пен есек"

Кітаптары:"Әдебиет таңытқыш""Оқу құралы""Әліпби

-Балалар,бүгін біз Ахмет Байтұрсынұлының «Енші үлесу» мәтінімен танысамыз. «Енші үлесу» дегенді қалай түсінеміз?

Оқулықпен жұмыс

-мәтінді оқу.

Мәтін мазмұнымен жұмыс

1)Балалар неге еншіні дұрыс бөлісе алмады?

2)Енші бөліске 2 баланың орнында сен болсаң,не істер едің?

3)Мәтіннің соңғы жолың қалай түсіндіңдер?

-сөздік жұмыс

Енші үлесу-дегеніміз бала ержетіп,жеке үй болып,бөлек шыққанда ата-ана беретін мал-мүлік.

Жасау дегеніміз-ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік.Халық қыздыңа жасауына жақсы бұйым,кілем,текемет,ыдыс-аяқ,төсек-орын,киім-кешек,әсем,әшекейлі заттар берген.Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан.

Көрініс.

Ертеде Алаш деген данышпан қарт өмір сүріпті оның Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деген үш ұлы болыпты. Ұлдары қайырымды болып өсіпті.

Бір күні қарт үш ұлын шақырып:

  • Балаларым, дәм-тұзым таусылатын шақ таяп қалды. Көзімнің тірісінде сендерген қалдыратын еншімді бөліп берейін, - депті қарт.

  • Менің мал-мүлкімді теңдей төрт бөлікке бөліңдер, өз еншілеріңді алып әке ісін әрі қарай жалғастырыңдар. Ынтымақ бірлікте өмір сүріңдер.

Балалар әкелеріне қалдырған еншісі үшін рақметтерін айтып, әке алдында бастарын иіп тағзым етеді де былай дейді:

  • Әке, біз сізді түсінбей қалдық. Біз үшеуміз ғой, еншіңізді неге төрт бөлікке бөлдіңіз?

Әкесі былай деп жауап береді: «Мал - мүлкімнің төртінші бөлігін сендердің қонақтарыңа қалдырамын. Шаршап - шалдығып келген қонақтың еншісі - қонақасы болсын. Егер сендердің қонақтарың дәмнен бас тартса, олардың өз «сыбағалары» екенін айтарсыңдар», - депті.

  • Бекарыс, Жанарыс бүгін біздің үйімізге қонақ келіп қалыпты, наннан ауыз тигізейік, - деп қонақтарына бауырсақ береді.

Ғасырлар өтіп жатты. Адамдар көбейіп, далаға тарап кетті. Содан бері өмірде көп өзгеріс болды. Бірақ барлық уақытта - ғасырлар, жылдар, күндер қырдағы қонақжайлылық әдет әрдайым берік болып келеді. Қазақтың үйіне күндіз немесе түнде кім кірсе де, әрқайсысын жылы қабақпен күтіп алу және құрметтеу, жомарттықпен ас-су тарту дәстүрі - «қонақасы» тосып тұрды.

- Өте жақсы. Олай болса, 1-топ сурет салады.

2-топ эссе енші үлесу

3-топ САЛТ-ДӘСТҮР, ӘДЕП-ҒҰРЫП ТУРАЛЫ МАҚАЛ МӘТЕЛДЕР АЙТУ.

  • Өте жақсы балалар, әр топ жақсы қатыстыңдар. Ал енді, экранға назар аударайық. Әр топ ұяшықты таңдайды.

1- ұяшық. Киіз үй - тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс.

2 - ұяшық ТӨРТ ТҮЛІК - мал: түйе, жылқы, қой, сиыр.

3- ұяшық. Құрақ-төрге төсейтін көрпеше.

4- ұяшық. Сандық - киіз үйдің ағаш жиһаздарының бірі.

5 - ұяшық. Ұлттық ыдыстарды ата. Қазақтың күнбе күн қолданатын ыдыс-аяқтары ағаштан жасалған тостағандар, табақтар, астаулар, ожаулар, қасықтар болатын, сонымен қатар жез құмғандар, терілерден жасалған торсықтар.

6 - ұяшық. Текемет - сәндік-қолданбалы өнер туындысы, бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз үй</<font color="#252525"> жиһазы.

Қорытынды.

Әр топқа А3 формат беріледі. А3 форматқа білемін, білгім келеді деп кестені толтырады.

Үйге тапсырма: сөзжұмбақ құрастырып келу.

Бағалау, мадақтау. Әр топтың көшбасшылары өз топтағы оқушыларды бағалайды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал