7


  • Учителю
  • Баяндама: Эстетикалық пәндердің бала тәрбиесіндегі маңызы

Баяндама: Эстетикалық пәндердің бала тәрбиесіндегі маңызы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Баяндама: Эстетикалық пәндердің бала тәрбиесіндегі маңызы

Шуренова Гульмира Дандибаевна

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы

Ақшұқыр ауылы

Ақшұқыр мектеп-лицейінің

</ бастауыш сынып мұғалімі

«Эстетикалық пәндердің бала

тәрбиесіндегі маңызы»



Қай заманның болсын мұғалімі алдымен ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей тәлім-тәрбиесінен жалықпайтын, шығармашылығы мол, еңбекшіл, парасатты азамат болуы керек. Өйткені баланы өзіне тартып алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие болады. Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ-съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр»,- деген болатын.

Егеменді Қазақстанның жарқын болашағы жастар десек, жаңа заман талаптарына сай, жеке тұлғаны жан-жақты дамытатын, ұлттық дәстүр рухында болашақ еліміздің азаматтарын тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің қажеттігі айқын. Эстетиканың маңызы, оның тәлім-тәрбие жүйесіндегі орны, психологиялық мәні қоғамның назарында. ХХІ ғасырды еркін аттаған елімізді санасы жетілген, заман рухына, өз елінің мәдениетіне лайықты дүние танымы бар, мәдениеті қалыптасқан азаматтар арқылы алға жетелейміз. Әр халықтың өзіндік эстетикалық тәрбиесі бар. Эстетикалық тәрбие қазақ халқында ертеден қалыптасып, күні бүгінге дейін маңызын жоймай келеді. Осыған байланысты оқушыларға жаппай адамгершілік, ізгілік, эстетикалық тәлім-тәрбие беруді қамтамасыз ету үшін, бұған дейін орын алып келген эстетикалық пәндерге қосалқы сабақ ретінде қарайтын көзқарасты түбегейлі өзгерту шараларын қолға алуымыз керек.

Адамның эстетикалық тәрбиелілігі табиғи күштер дамуы, қабылдау қабілеті, эмоциялық күйзеліс, ойлау және көркемдік эстетикалық білімділігі бірлігіне негізделеді. Бұл бағытта сынып жетекшілері үнемі жұмыс үстінде болуы керек. Эстетикалық пәнмен мұғалімдер тығыз байланыста бола отырып, әрбір сабақтың тәрбиелік мақсатында тәрбиенің осы элементтері оқушыға баса айтылып, оның бойына әдемілікке, сұлулыққа, өмірдегі құбылысқа деген өзіндік ой пікірін, көзқарасын тудыру қажет. Осы тәрбие бағытында эстетикалық пәндердің маңызы зор.

Эстетикалық білім арқылы адам бойында эстетикалық, этикалық, ұлттық, отансүйгіштік, экологиялық сананы тәрбиелеуге, сол арқылы адамгершілік мұраттарына, мінез-құлық әсемдігіне, жалпы сұлулық атаулыға эстетикалық көзқарасты қалыптастыруға қол жеткізеді. Эстетикалық тәрбиелеу оқушының бейнелі ойлауын, көңіл-күй қабілетін, әсемдік және шығармашылық заңдылықтары негізінде дамытуға ықпал етеді. Ол негізінен, көркем өнер құралдары арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, эстетикалық тәрбие сапасына табиғат, тұрмыс, еңбек, қоршаған орта, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар мен көзқарастар, жеке адамдар арасындағы қатынастардың эстетикалық құбылыстары зор әсер етіп отырады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының кең тарауына, компьютер мен техниканың адам өмірінде шешуші қызмет атқарып отыруына байланысты жас ұрпақтың эстетикалық сауаттылығын, санасын, мәдениетін арттырудың көкейкестілігі барған сайын күшейе түсуде. Әдемілікті сезу, түсіну үшін, ең алдымен эстетикалық пәндер бойынша әр бір адамда білім болуы керек. Білімді адам ғана сұлулықты бағалай біледі.

Эстетикалық тәрбие берудің табысты болуы мұғалімдердің білімді игертудегі әдіс-тәсілдеріне байланысты. Қазіргі кезеңде мұғалімдер эстетикалық тәрбиені халқымыздың озық дәстүрлерін ескере отырып жүргізсе нұр үстіне нұр болар еді. Оқушылардың көркем білімге талпынуын арттырып, қиялын шарықтатып, бойын сергітіп, әдемілік әлеміне ынтасын арттыруда бастауыш мектепте оқытылатын бейнелеу өнері зор роль атқарады. Бұл өнер адамның өз айналасындағы әдемілік пен әсемдікті, жақсы мен жаманды ажыратуға бағыттайтын білім сатысының басы. Сурет салуды сүю - өнерді, табиғатты яғни қоршаған ортаны сүю. Ол адамның ақыл-ойын, парастын өсіреді.

Оқушылардың эстетикалық талғамын жетілдіре, бекіте түсу үшін сабақ барысында пәндер аралық байланыс тәсілін қолданып, сазгерлердің, ақын-жазушылардың, суретшілердің шығармаларымен ұштастыруды пайдаланған тиімді.

Көркемдік-эстетикалық тәрбиеге бастауыш сыныптардың ана тілі оқулығына енгізілген шығармаларды оқу да негіз болады. Көркем шығарманы талдау барысында онда келтірілген адамгершілік және Отан, бейбітшілік, қоршаған дүние туралы оқушылардың түсінігін толықтыруға мүмкіндік туады. Көркем мәтінді шығармаларда кездесіп жататын ұлттық салт-дәстүріміздегі ырым-тиымдар да оқушының өзіндік эстетикалық қылықтарын қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді. Оқушы ырым-тиымды көңіліне түйе отырып, нені істеуге болмайтынын түсінеді. Сол арқылы жаман қылықтардан бойын аулақ салуға тырысады. Сондықтан ана тілі пәнінің эстетикалық тәрбиені қалыптастыруда өзіндік орны бар. Ал эстетикалық тәрбиенің орнын жеткізу мұғалімнің шеберлігінде жатыр.

Адамның дене тәрбиесі - аса бағалы қазына. Дені сау, жан-жақты шыныққан адам - елдің шын мәніндегі байлығы. Бүгінгі таңда экологияның зияны, дене тәрбиесіне дұрыс назар аударылмау салдары жастардың денсаулығына қаншалық әсер ететінін терең сезінгеніміз дұрыс. Дені сау ұрпақсыз ұлттың болашағы да жоқ. Жас ұрпақтың рухани жағынан да, дене тәрбиесі жағынан да жарымжан болмай өсуі - аға ұрпаққа жүктелер жауапты міндет. Сондықтан да мектептегі дене тәрбиесінің оқытылуына мән бере қарағанымыз жөн.

Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру ойындарын қызықты етіп ұйымдастырудың маңызы зор. Оқушылардың ұйымшылдық қабілетін дамытып, ізденіске жетелеу, белсенділіктерін ояту, оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, олардың ептілік, жылдамдық, иілгіштік, шапшаңдық дағдыларын қалыптастыруда дене шынықтыру сабағының берері мол. Тәуелсіз еліміздің болашағы үшін өзінің бойынан үйлесімділікті, жарасылымдықты көретін, сұлулықтан ләззат ала білетін азаматтарды тәрбиелеу білім ордасы мен жанұяның, ұжымның және барша жұртшылықтың міндеті.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал